Адал ?рпа? ерікті мектеп клубыны? іс-шаралар м?ліметі


2016-2017 оқу жылында «Адал ұрпақ» топ жетекшісі мен мүшелерініңатқарған жұмысы туралы мәлімет.
Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында №17 орта мектеп МКМ-сі «Адал ұрпақ» тобының жетекшісін сайлап, мүшелерін топ қатарына қосты. «Адал ұрпақ» тобын жетекшілікке 7 ә сынып жетекшісі Урунбасарова Абиля Қуандыққызы алып, 5-11 сыныптар арасынан 15 оқушы «Адал ұрпақ» тобына мүшелікке тағайындалды. Жоспарға сәйкес Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының топ мүшелері 1-11 сыныптар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізіп, мәліметтік мәні бар азамат және мемлекет арасындағы қарым – қатынастардың мәні, құқықтар мен міндеттер жайлы парақшалар таратылды. Мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы көрмесі ұйымдастырылып, оған бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік жұмыстармен көзге түскен 6 Ә сынып оқушылары Мағзом Диана, Әбілқасым Тоғжан,Абидолданова Аружан марапатталды. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының жетекшісі Урунбасарова Абиля Қуандыққызы мектеп ұжымы назарына Мемлекеттік қызмет- елдің мүддесіне адал еңбек атты баяндамасын ұсынғанын мәлімдейміз.
ДТІЖО Р. Умеева