Конспект (Дін ж?не м?дениет. Исламны? дамуы)


7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §19. Дін және мәдениет. Исламның дамуы
Сабақтың мақсаты:
Ортағасырлық Қазақстандық әр түрлі діни анаым-сенімдер туралы,Ислам дінінің таралуы,оның мәдениетінің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру;
Әр түрлі діни бағыттардың ерекшіліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету:
Шәкірттердің рухани дүниесін дамыту,адамгершілікке, имандылыққ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба, дискілер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қазіргі сәндік қолтаңбалар туралы не білесің?
Айша бибі,Арыстан баб,Бабаджа-қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесің?
Көне мәдени, ескерткіштердің тарихымен танысу оларды қастерлеу не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Ислам дініне дейінгі діни наныс-сенімдер.
Ислам дінінің таралуы.
Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ойтүрткі боларлық сұрақтар қоямын. Сұрақтар балалардың 5-6 сыныпта тарих курсынан алған білімдеріне сәйкес құралады.
Алғашқы дін наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?
Алғашқы діни наным сенімдрдің түрлерін атаңдар.
3.Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?
4. Ежелден келе жатқан әлемдік діндерді атаңдар.
Ең алдымен ислам діні туралы төмендегі кестемен таныстырған жөн.
Ислам діні қай жерде және қашан пайда болды? Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы Ислам дінінің негізгі бес парызы Ислам дініндегі елдер
VII ғасырдың ортасында араб елінде пайда болған. Діннің басты қағидасы- бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию.Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар. 1.Бес мезгіл намаз оқу2.Ораза ұстау
3.Садақа беру
4.Иман.
5. Қажылыққа бару. Сирия,Палестина
,Египет,Біріккен Араб Әмірліктері,Сауд Арабиясы,Ливан, марокко,Эфиопия т.б.
Сабақты аяқтай келе, оқушылардың пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қоямын:
1. Діннің пайда болуын қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстанда қандай діни бағыттардың жұмысын білесің?
3. Аталған діни бағыттардың мақсаты сендерге таныс па?
4. Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Шамандық,тотемизм, зоастризм дегеніміз не?
Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?
Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
Елімізге әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 19 параграфыты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.