Д?ниетанудан ашы? саба? Таулы жер ?сімдіктері мен жануарлары 4 сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
«Рудный қаласының №19 орта мектебі » КММ
Бастауыш сынып мұғалімі : Жумабекова Жанат Сеилхановна
Пәні: Дүниетану пәні математика элементтерімен кіріктірілген
КҮНІ: 21.01.16 ж.
Сынып: 4 «А»
Сабақ тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары (дүниетану). Өткенді пысықтау (математика)
Мақсаты:
1. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.
Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу
Білу керек: Өз ойын жеткізе білу.
Түсіну: Алған білімдерін түсіндіре алу.
Қолдану: Күнделікті өмірде қолдана білу.
Талдау: Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау
Жинақтау: алған білімдерін өмірмен байланыстыру.
Бағалау: Күнделікті өмірден мысалдарды келтіре білу.
Көрнекілік: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта,презентация, А4, маркер, бейнематериал.
Қолданылған модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Талантты және дарынды балаларға білім беру», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»,
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту», « Білім берудегі басқару және
көшбасшылық»
Стратегиялар,әдістер : «Шаттық шеңбері», «Миға шабуыл», «Блум түймедағы» стратегиясы, «Ой шақыру» стратегиясы, «Өрмекші» стратегиясы.
Уақыты
Кезең
дер Мазмұны
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар:
Кіріспе
3 мин
7 мин
Тұсау кесер
2 мин
1мин
Негізгі бөлім
14 мин
2мин
13 мин
Қорытынды 3 мин
Рефлексия
2 мин
Үй тапсырмасы Тұлға аралық байланысты орнату.
«Ыстық алақан» музыка әуенімен шығып тұрады.
Сыныптың білім деңгейін анықтау. Кері байланыс.
«Өрмекші» стратегиясы
Жіпті лақтырып бір –біріне сұрақ қояды.

Топқа бөліну.
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді
І топ- «Таулар»ІІ топ – «Өсімдіктер»ІІІтоп – «Жануарлар»
ІҮ топ-«Құстар»
Топ ұстанымын еске түсіру

Оқушыларды сабаққа мотивациялау
«Ой шақыру»
Ребус шешу
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті .
интербелсенді тақтадан «Ұлытау» электрон сергіту сәті көрсетіледі.
Топтық жұмыс.
Тапсырмалар беру:
А)Таулар тобы- Сөзжұмбақ құрастыру
Өсімдіктер тобы- эссе «Сен өсімдік болсаң не істер едің?»
Жануарлар тобы – табиғатты қорғау ережелерін құрастыру.
Құстар тобы-Ойдан өлең құрастыру.
Ә) Сілтеме
«Блум түймедағы»
950 : 50=19 Тау деген не?
32*11=352 Таулар қалай пайда болған?
600 : 120 = 5Таудың биік басына қарай климат қандай болады?
780 :26 =30 Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер?
«Сиқырлы қалпақ» стратегиясы Оқушылардың дұрыс жауап берулерін қадағалайды.
Топқа бөлінулерін қадағалайды.
Топ көшбасшысын сайлайды.
Бағалау парағын толтыруын түсіндіреді.
Ребусты дұрыс шешуін қадағалайды.
Мәтінді әр топқа бөліктерге бөліп беру.
Сергіту сәтін интербелсенді тақтадан көрсету
Топтарға тапсырма беру.
Оқушылардың жауабын тексереді
Музыка қосады
Оқу, қсімдіктер мен жануарлар суреттерін жинақтау. Сынып болып іс-әрекет жасау. Шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтады.
Бір-біріне жіпті лақтырып сұрақтар қояды. Оқушылар түйінді сөз , қорытынды шығарады.
Жолақшаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Топ ұстанымын еске түсіру.

Жаңа тақырыптың атын ашады.
Әр топ мәтіннен берілген бөлікті оқып, топта талқылап, 1 оқушыны жауап айтуға белгілейді. Түйінді сөз, қорытынды шығарады.
Қимылдарды қайталайды
Топпен жұмыс жасайды, қорғайды.
Сілтемелермен жұмыс жасайды.
Есептеп, сұрақтарға жауап береді.
Балалар музыка қосылғанда бір-біріне қалпақ береді, музыка тоқталғанда қай оқушының басында қалпақ болады, сол бала сабақтан алған әсерімен бөліседі.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушының аты жөні. Бағасы
Үй жұмысы Түйінді сөз Тапсырма орын Белсенділігі
Топбасшылар өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады
Компьютер
Жіп
Оқулық.
Интербелсенді тақта
А4 формат, маркерлер
Компьютер
Компьютер, музыка