Урок биологии на тему Шымтезек м?гі


6 сынып 13.01.17 биология
Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі
Сабақтың мақсаты: Шымтезек мүгі туралы, қай жерлерде кездесетіні жайында түсінік беру.Білімділігі:оқушылар шымтезек мүгінің пайдасы туралы білімдерін толықтырады.Дамытушылығы:     Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар тақырыптағы шымтезек мүгі өте пайдалы өсімдік және одан керекті шикізаттар алынатынын біледі.Тәрбиелілігі:              Оқушыларға өсімдіктердің өзі де суды тазартатыны       жайында айтып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру: тестІ. Жаңа сабақты түсіндіру.(қысқаша мәліметтер айтып кету)ІІ. Кілттік сөз. (1 минут уақыт беріледі)1. Мүк. 8. Шымтезек2. Спора. 9. Бактерия3. Ризоид. 10. Минералды тұз4. Сфагнум. 11. Қабықша5. Топырақ. 12. Бір үйлі6. Қосжынысты. 13.Қауашақ7. Тезек 14. ШикізатІІІ. Мәтінмен жұмыс(20 мин)Сұрақтарға мәтіннен жауап табу:1. Шымтезек мүгі қай жерлерде кездеседі?2. Шымтезек мүгін ақ мүг деп неге атайды?3. Неге мүг деп аталады?4. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап қалатындықтан қалай атайды?5. Шымтезек мүгінің сабағы қалай орналасқан?6. Шымтезек мүгінің басқа мүктерден қандай айырмашылығы бар?7. Шымтезек мүгінің жапырақтары қандай болып келеді?8. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары нешеге бөлінеді?9. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақ қандай өзгерістерге шалдығады?10. Шымтезек мүгі қандай жолмен көбейеді?11. Шымтезек мүгі қандай өсімдікке жатады?12. Жынысты жолмен қалай көбейеді?13. Шымтезек мүгі ұрықтанғанда жұмыртқа жасушадан не түзіледі?14. Споралар қалай түзіледі?15. Жерге түскен споралардан не пайда болады?16.Шымтезек мүгі қай жерлерде тез өседі?17. Мүктің фотосинтез үрдісінің нәтижесінде қандай өзгерістер байқалады?18. Мүктер басқа өсімдіктер сияқты қурайды ма?19. Шымтезек мүгінің қандай пайдасы бар?20. Шымтезекті батпақтан не өндіріледі?21.Шымтезекті не үшін пайдаланады?22.Шымтезек мүгінен қандай шикізаттар алынады?23. Судың жиналуына қандай пайдасы бар?24.Шымтезек мүгінің неше түрі бар?25. Шымтезек мүгі суды қалай сіңіреді?IV. Тест сұрақтар V. Үйге тапсырма:Шығармашылық тапсырма: Тұрғылықты жерде шымтезек мүгінің қандай түрі кездесетіні жайында анықтап, мәлімет жинақтау. § 18. Шымтезек мүгі тақырыбын оқып келуШымтезек мүгі (Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB_%D0%BC%D2%AF%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Жасыл мүк (мұндай бет жоқ)" Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:
ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0" \o "Жасуша" жасушалар;
ішінде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A6%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D0%B0" \o "Цитоплазма" цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0" \o "Жасуша" жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссіз жасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.
Шымтезек мүгі, жасыл мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі - бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жыныс  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0" \o "Жасуша" жасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жыныс  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0" \o "Жасуша" жасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
Аталық және аналық жыныс жасушалардың қосылуынан өсімдік ұрықтанады. Осы ұрықтанған жүмыртқа жасушадан кішілеу қауашақ жетіледі. Оның ішінде көптеген споралар түзіледі. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%BE%D1%80%D0%B0" \o "Спора" Споралар пісіп жетілген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрізді өскіншелер пайда болады. Осы өскіншелерде көптеген бүршіктер түзіледі, олардан келешекте шымтезек мүгі жетіледі.
Шымтезек мүгі ылғалы мол жерлерде өседі. Мүктің суды тез сорып, басқа мүшелеріне қарқынды өткізуі топырақтың батпақтануын тездетеді. Сабақтың қураған бөлігі оттек жетіспегендіктен, жартылай ғана ыдырап (шіріп), шымтезек қабатын құрайды. Мүктен бөлінетін ағзалық қышқылдар бактериялардың өсуін тежеп, шымтезектің ыдырауын баяулатады.
Мүктер фотосинтез үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзеді және ауаға оттегін бөліп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсімдіктердің бірі болып өсіп, топырақ түзуге қатысады.
Мүктер ұя салып, балапан шығаратын құстардың қорегі және жауларынан тығылатын орны болып табылады.
Мүктер басқа өсімдіктер секілді қурап, ұсақ ағзалардың көмегімен шіриді. Соның нәтижесінде құнарлылығы жоғары шымтезекті топырақ түзіледі. Мұндай топырақтарға жаңадан өсімдіктер өседі. Шымтезекті батпақтардан шымтезек өндіріп, оны отын ретінде кеңінен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы сияқты шикізаттар алынады.
Мүктер - тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына қатысады.
Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол - бір үйлі өсімдік. Өте ылғалды жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те аталады. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.
Шымтезек мүгі жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.
Шымтезек - өте пайдалы өсімдік. Одан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D0%BC%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BA" \o "Шымтезек" шымтезек, шымтезектен спирт,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%BE%D0%BB_%D2%9B%D1%8B%D1%88%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Карбол қышқылы (мұндай бет жоқ)" карбол қышқылы, балауыз, парафин өндіріледі. Шымтезек батпақты жерде тұщы судың жиналуына себепкер болады.
Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінде 1 % аумақты алып жатыр. Ол - тек шымтезек көзі ғана емес, тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші. Жазғы және қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіріп, батпақтағы су топыраққа, одан ағып шығып үлкен өзендердің көзіне айналады.