Сайыс ?нерлі ?ыз, ?негелі ана


Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр мектеп-лицейі

сайыс
Мұғалім: В.А.Кыдырбаева
Тақырыбы: Өнерлі қыз, өнегелі ана
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу. Ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, халайық, өнер сүйген
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
Жүргізуші:Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тасссын.
Сый арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
Жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
Жүргізуші:Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:Әділ қазылармен таныстыру
Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ қазы алқасымен таныстырып алайық.
Жүргізуші:Енді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік:
«Сәлем – сөздің атасы» Таныстыру
«Ата-дәстүр – асыл қазынам»
«Дәм-думан» тағамдар сайысы (ата-аналарға арналған үй тапсырмасы)
Өнер сайысы (арулар өз өнерлерін көрсетеді, аналар ою ойып, өз шеберліктерін сынға салады)
Сән сайысы (Көктемгі сән үлгілері)
Жүргізуші:-Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса, жөргегі,
Қорғасындай балқытқөан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Ия, бұл әрине ана! Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!
Жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» деп басталатын бірінші кезеңді бастаймыз. Қане, сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Жүргізуші:Тамаша! Әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, Наурыз Руслан өлең оқып берсін.
Жүргізуші:Тамаша! Рахмет, Руслан! Қане, Русланға қошемет көрсетейік!
Жүргізуші:Сайысымыздың 2-кезеңі «Ата-дәстүр – асыл қазынам» сайысы.
2-ші сайыстың ұпайларын санағанша «Анашым» әнін тыңдайық.
Жүргізуші:Аналарымыздың, әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түр-түрін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп, түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмасына көңіл аударсақ қалай болар екен? Кезекте «Дәм-думан» кезеңі. Ендеше, аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік.
Жүргізуші:Тамаша! Міне, нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына
көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ қазыларымыз өз бағаларын бергенше өнерлі оқушылардың биін тамашалайық.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі бөлімі – өнер сайысы. Бұл сайыста
қыздарымыздың өнерлерін тамашалаймыз. Ал осы кезде біздің аналарымз да бос отырмай, өздерінің шеберліктерін ою ойып көрсететін болады.
Ендеше, қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
Жүргізуші:Тамаша! Өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы бағаларын
дайындағанша ортаға шақырайық.
Жүргізуші:Сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік. Ол - сән үлгілерін
көрсету сайысы. Ендеше, қошеметпен ортамызға сән үлгісін көрсетуге кішкентай ханшайымдарды шақырамыз.
Жүргізуші:Әділ қазылар ұпай сандарын шығарғанша ортаға көркем сөз шеберін
шақырайық.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - дегендей сайыстың аты – сайыс. Мұнда біреу
жеңеді. Біреу жеңіледі. Жеңмпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:Құшағыңа кіргенде
Жылынамыз бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілменеркелеймін ір күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізіші наурызбен!
Жүргізуші:Міне, құрметті қонақтар! Меркелеріңіз құтты болсын! Осымен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар!
Барымен шат-шадыман болыңыздар!
Қоштасайық келесі кездескенше
Әрдайым сау-саламат болыңыздар!