Ашы? саба? ?арапайым графикалы? редакторы. Суретті ашу, са?тау


Сыныбы: 5 «б» ____________
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға графикалық редактор бағдарламасын іске қосу
және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыкқа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, слайд
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Өткен тараулар бойынша тақырыптарды қайталау
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сергіту сәті
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
(Оқушыларды 2 топқа бөлеміз)
Сұрақтарға топпен бірге жауаптар табу: (тест түрінде)
1. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет. (атын өзгерту)
80581527940002. Белгіше - ол. (бума)
98679011303000
3. Белгіше - ол. (жарлық)
131064017399000
4. Мына батырма қандай қызмет атқарады? (Программамен жұмысты аяқтайды)
128206513970000
5. Мына батырма қандай қызмет атқарады? (терезені толық экранға жаяды)
137731510160006. Мына батырма қандай қызмет атқарады? (терезені жиырады)
7. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі? (терезені жабады)
8. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет? (колонкалар)
9. Артығын көрсетіңдер. (процессор)
10. Қайсысы ақпарат тасығыш емес. (процессор)
Сұрақтарға жекелеп жауап беру:
1) Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын ата?
2) «Монитор»-ға анықтама бер.
3) «Пернелік тақта»-ға анықтама бер.
4) «Жүйелік блок» -қа анықтама бер.
5) Компьютердің негізгі құрылғыларының бірі жүйелік блоктың құрамы?
6) Пернетақта қандай негізгі бөліктерден тұрады?
7) Қандай ақпарат тасығыштарды білесіңдер?
8) Жұмыс үстелінің құрылымымен таныстыр
9) Файлдар, бумалар, жарлықтар дегеніміз не?
10) Терезенің құрылымын түсіндір
Жаңа сабақ:
Графикалық редактор дегеніміз графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері – 3D графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.
Графикалық редакторлардың ең қарапайым түрі – Paint графикалық редакторы.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Растрлық сурет – үлкейткенде сапасын жоғалтады, бірақ мөлшері аз орын алады.
Векторлық сурет – үлкейткенде өз сапасын жоғалтпайды, мөлшері көп орын алады.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға
арналған.
Редактор:
Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
Бар графикалық объектілерді түзетуге;
Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>
Графический редактор Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
297688010033000
685800-1270Құралдар жиыны
00Құралдар жиыны

533400130810Сурет салу алаңы
00Сурет салу алаңы
Тақырып жолы
Меню жолы
Тақырып жолы
Меню жолы

18166841008400
18662142173980068580058420Түстер палитрасы ы
00Түстер палитрасы ы

Суреттерді сақтау:
Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Раіnt графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі . bmp түрінде болады.
Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл - Сохранить как (Файл - Сохранить).
Сақталған суретті ашу: Файл - Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған
терезеден қажетті файлды таңдаймыз.
Сергіту сәті
Сабақты бекіту
1)Компьютермен тест жұмысын орындау
2)Кітаптың 123ші бетіндегі Практикалық жұмысты орындау
Қосымша сұрақтар:
Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Сурет салу әдістері қалай орындалады?
Түстер палитрасының қызметі қандай?
Меню жолының қызметі қандай?
Үйге тапсырма: IV тарау. § 14 оқып келу
123 беттегі бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды дәптерге орындап келу.
Қарауылкелді орта мектебі
Ашық сабақ:
«Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.»
102465935438800
Өткізген, информатика пәні мұғалімі:
Жолдыбаева Л.М.
2014-2015 оқу жылы