Саба? жоспары: 6 сынып ?зендер


Сыныбы: 6-«М4» Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, А3 формат, стикер, суреттер, үлестірме қағаз, бағалау парағы.
Сабақ барысында кездесетін жаңа сөздер: өзеннің бастауы, жайылма, саға, сала, аңғар, атырау, өзен жүйесі, суайрық, сарқырама, шоңғал, шатқал.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Топтар:
І топ. Ертіс
ІІ топ. Жайық
ІІІ топ. Сырдария
ІV топ. Есіл
Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
Аудиожазба арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Бүгінгі сабаққа мақсат қою.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Видеоролик: «Өзендер туралы жалпы түсінік»
Өзен элементтері (тау өзені, жазықтағы өзендер, өзеннің бастауы, өзен аңғары атырау, аңғар, өзеннің салалары (Ертіс өзені мысалында), жайылма өзеннің жоғарғы, ортаңғы, төменгі ағысы, өзен жүйесі)
1 Тапсырма.
І топ. Сәйкестендіріңіз.
Бастау Өзеннің су басатын бөлігі
Аңғар Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі ұзынша келген ойыс
Жайылма Табиғи жолмен пайда болған, ойпаңмен ағатын су.
Өзен Өзеннің басталатын бөлігі
Атырау Өзен сағасының тармақтарға бөлінуі
Өзеннің жағасы Өзеннің көлге, теңізге, мұхитқа барып құятын бөлігі
Суайрық Өзеннің барлық салаларының жиынтығы
Өзеннің сағасы Үнемі су ағып жатқан ойыс
Өзен жүйесі Өзен алаптарының шекарасы
Арна Өзен суының құрлықты шайып жатқан бөлігі
ІІ топ. «Өзен элементтері» тақырыбында пазл құрастыру.
ІІІ топ. Жер бетінің өзендер әсерінен өзгеріске түсуі.
ІV топ. Үлбі өзені
Сарқырама дегеніміз тік беткейден құлап ағатын су бөлігі. Өзендер түбінде кездесетін
Видео: Көккөл сарқырамасы.
2 тапсырма.
Топтық жұмыс. Жоспар бойынша өзенге сипаттама.
1.Өзеннің географиялық орыны
2. Өзеннің ұзындығы
3. Өзен жағалауында орналасқан қалалар
4. Өзенді картадан көрсету
5. Атауының шығу тарихы
Қорытындылау:
Сұрақтар тізбегі.
Бағалау:
Бағалау парағы арқылы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бақылаушы топ бағалау жүргізеді.
Рефлекция:
Үйге тапсырма: Ақындар шығармасына арқау болған өзендер.