?ызы?ты грамматика. Ашы? саба?. Буын ?ндестігі


Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім –білік дағдыларын қалыптастыра отырып, буын, буын үндестігі туралы толық түсінік бере отырып, буын – сөздің айтқан кездегі дауыс толқыны екендігі, сондай-ақ, сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп атайтындығымыз туралы түсінік бере отырып,тың мәліметтер беру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін,  өз ойын толық жеткізе білуге  үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу, шығармашылық қызығушылығын арттыру.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауатты жазуға, жауапкершілікке, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс:  Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін   көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін     құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін    аяқтарыма рахмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін     қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін , сол үшін     басыма  рахмет.! 4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. Оқушылар 22-қыркүйек пен 22 қазан арлығында тіл айлығы жүріп жатыр, Поезия минуты
1 қатар Тіл туралы өлеңді жатқа айт2 қатар. Тіл туралы мақал- мәтел айт.
3 қатар. Тіл туралы өз ойыңнан өлең шығар.ІІ. Үй жұмысын тексеруБуын үндестігі
5- жаттығу.
Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жазҮй жұмысын бекітуБуын үндестігі деген не?
Буын үндестігіне бағынбайтын  қосымшаларды ата.
Мына сөздерден буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді тап
Тілмаш, дәрігер, достық мұғалім
Тілмаш сөзінің түбірі мен қосымшасын ажыратШығармашылық тапсырма1 қатар. Тіл туралы шығарма жаз.
2 қатар. Тіл туралы мақал- мәтел айт.
3 қатар. Тіл туралы өз ойыңнан өлең шығар.ІІІ.  Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Буын дегеніміз не?
Буын үндестігі  дегеніміз не?
- сөздің айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни, қанша дауысты дыбыс болса, сонша дауысты дыбыс болады.
Сөздің  соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да жуан не жіңішке түрде жалғануы буын үндестігі деп атаймыз.
Мысалы: дос-тық – қа,  дос – тар–ымыз- ға, би-ші-лер, би-ші-лер- іміз –ге. Қосымша:
тапсырма. Сөздерге тиісті жұрнақтар мен жалғауларды жалғап жаз.
Қалалар,көлдер, қаздар, кітаптар, бесіктер, жастар, сәбилер.
Атасы, інісі.
Қорықшы, іскер.
тапсырма. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Ұқыпты, кітапты.
Ребусты шеш.
Сен білесің бе?
Жайлау деген не?
3-тапсырма..  Өлеңді  түсініп оқы.  Қарағайлы, Арқарлы жайлауы  туралы сұхбаттасу.
Қос жайлаудың аты өзіне сай болуы үшін сен не істер едің?
(Оқушылардың жауабы).
V. Сабақты қорытындылау. 4- тапсырма.  Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ақсудың ақиық ақыны І. Жансүгіров балаларға арнап көптеген өлең жазды. Өмірзақ Сұлтанғазин – атақты ғалым. Дихан Әбілов қазақ әдебиетінің дамуына көп үлес қосты.  Күләш Байсейітова – опера әншісі. Мәжілісте депутаттар мемлекеттік тіл мәселесін талқылады.
Ереже: Басқа тілден енген кейбір сөздер буын үндестігіне бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -ов, -ев, -ова, -ева, ин.
Мысалы: Мұқашев, Елемесов.
Vі. БекітуТөмендегі сөзден буын үндестігіне бағынбайтын  сөз ойлап тап.
Бүгінгі сабақта не өтілді?
Сабақ несімен ұнады?                (Оқушылардың жауабы)
VІ. Үйге тапсырма: 5 –тапсырма..
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап,
жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.