Конспект по технологи Технология саба?ында « сыни т?р?ыдан ойлау» модулын ?олдану



Технология сабағында» сыни тұрғыдан ойлау» модулын қолдану.
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы.
№247 қазақ орта мектебінің технология пән мұғалімі
Алимова Жанат Сағдиқызы.

Сабақ үйреншікті жай ғана нәрсе емес , ол жаңадан жаңалық ашу.
М. Дулатов
Өзімнің сыни тұрғыдан ойлауым жұмыс тәжірибемде жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекетін сыни тұрғыдан бағалауды қамтысам деймін.Өйткені бұл бағдарлама оқушылардың ойлана білу қабілетін , өзінің таңдау жасауына , басқалардың идеяларына сыни көзбен қарауға қабілетін ашады.
Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да , мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Бұл модулде сонымен қатар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді , оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды және әр түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілдерді қолдануды қарастырамыз . Сыни тұрғыдан ойлау –бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде шешім. .Балаларды диалог пен дәйектеуге , талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиаткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер көбейе түсуде. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен –күнге қолжетімдік артып келе жатқан ана ғұрлым кең коммунникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. Осы зерттеулерге сүйене отырып өз сабақтарымда « сын тұрғысынан ойлау»модулін пайдаландым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін пайдаланудағы менің мақсатым оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін сабақта тиімді аша білу болатын. Олардың бойынан ұтқырлық , пайым , тәртіп , өзіндік сана – сезім , сыни баға беру табыла білу керек. Мен балалардың сыни тұрғыдан ойлауын тексеру мақсатында тарих пәнімен байланыстырып , шыны өндірісінен қай қалаларда бисер өндірілетінін сұрадым .Олар еске түсіріп Египет , Рус қалаларында өндірілетінін айтты. География пәнімен байланыстырып , біздің елімізде қай қалада шыны өндіріледі? Деген сұрағыма дереу Тараз қаласында өндрілетінін және өзіміздің обылысымыздан да шыны өндірісі ашылатыны жайында айтып , жауап беріп жатты. Олай болса Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде.. Еліміздің өсіп-өркендеуі , өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне , даму бағытына байланысты.ХX/ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру , ізгілендіру , даму ғасыры . «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - деп , Ел Призиденті атап көрсеткендей инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу жаңа білім берудің бірден – бір шарты.Үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.неге біздің елімізден бисер шығарылмайды? деген жоғары дәрежелі сұрақтан оқушылар сыни тұрғыдан ойланып , талдап біздің еліміздегі технологияның жоқтығынан , мамандандырылмағаннан деп жауап беріп жатты. Мен осыған орай алған білімдерін кез келген жерде тиімді пайдалана білу үшін , сыни тұрғыдан ойлауды ойлау үшін сыни тұрғыдан ойлауға уйрету модулін әр сабағыма пайдаландым.Өзімнің өткізген сабағыма мысал келтіретін болсам ,төмендегідей әдістерді пайдаландым .Мақсаты: бисер түрін анықтап, бисер түрін таңдауды үйренеді. Нәтижесінде оқушылар бисердің шығу тарихы туралы біледі, бисер түрлерін ажырата алады,
Оқушыларға өздерінің сөйлейтін сөздерін нақтылап ,кеңейту үшін сұрақ қойдым. .Бисер неден жасалады? Бисер деген не? Әр топқа осы сұрақ төңірегінде ойланып , постерде қорғау тапсырылды. Олар сыни тұрғыданойланып ,релеванттық ақпараттар жинады. Сыни тұрғыдан талдап , талқылап диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамытуына ықпал еттім.. Оқушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? деген сұраққа олар стикерге жазды. Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушылар белсенділіктерін көрсетті. Үлгерімі төмен оқушы кейінен менде шығайыншы деп өз ұсынысын білдірді. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасады, өздерін өздері реттеді.
Келесі сабақта оқушыларға бисермен әшекейлеу тақырыбындағы сабағымның мақсаты бисермен әшекейлеуді үйрену болатын. Нәтижесінде үйренгенін өз қажеттілігіне орай қолдана алады.
Сабағымның негізгі бөлімінде оқуышыларға бейнеклип арқылы бисер тоқу әдісін көрсеттім. Онда бисерлерді лескаға кіргіземіз соңғы бисерден лесканы өткізгенде , оның ұшы екі жағынан шығатындай болуы керек.
Леска шеңбер түзеді. Лесканы бұрап екінші айқышты аламыз..Міне остындай әдістермен Бисерден гүл тоқуға тапсырма берілді.Бұл жағдайда көру арқылы дәлелдерге сүйеніп сыни тұрғыдан ойлана алады. Оқушыларға керек ті құралдар таратылып , Қауіпсіздік ережесі еске түсірілді. Әр топтағы онша икемі жоқ оқушыларға тақтай бетіне өрнектерді бисермен жапсырмалау сияқты тапсырмалар берілді
Сонымен бірге талантты бала бисер туралы зерттеуші Жанзақ Гүлмарал интернет мүмкіншілігін пайдаланып,өз қызығушылықтарымен таңдау жасады.Осы жерде олар кеңейтілген тапсырмалар алу барысында сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытты.Нәтижесінде балалар шығармашылықпен ойлауға ,логикалық жұмыс істеуге ,нәтижелерді бағалауға ынталанады.
Оқушыларға бисерден гүл тоқуға тапсырма берілді. Осы жерде диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы нұсқаулық барысында оқушыға не істеу керектігін түсіндіремін.
Керекті құралдар таратылып , қауіпсіздік ережесі еске түсірілді. Әр топтағы онша икемі жоқ оқушыларға тақтай бетіне өрнектерді бисермен жапсырмалау сияқты тапсырмалар берілді Әр оқушының іс – қимылы бақыланып , оқушылар диалог арқылы қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып , жұмыс барысын тез үйреніп алды.
Қорытындыда бағалау парағындағы кретерийлерді басшылыққа алып, әр топ өз мүшелерінің қорытынды бағасын берді. Онда еңбекке ынтасы , дағдыларды игеру , қауіпсіздік техника ережесін сақтауы , қорытынды нәтижесі критерийі бойынша балдық жүйемен бағаланды.Осылайша олардың қандай кезеңде екенін анықтауға болады. Оқушылар бірлесіп бірлесіп жұмыс жасады , өздерін-өздері реттеді.
Осы жердегі олармен бірігіп жасалған критерий бағалауда сыни тұрғыдан ойланып ашық ,әділ бағалауға бағытталды. Критерий бисермен жасалған жұмысты талдауда сыни тұрғыдан ойланып бағалауға көмекші құрал. Ол мына төмендегідей мағыналылығы,бисер туралы мәлімет беруі,көркемделуі сияқты критерийден тұрды. Блум таксономиясының қолдану дағдысында топ мүшелері ойласып , жасаған бұйымдарына нұсқау карта жасады. Олар бір –бірімен ақылдасып , басқа топ мүшелерінің жұмысын бақылап . қайта қарастырды . Сонымен бірге ақпаратты коммуниникациялық технологияны пайдалануда интернетке кіріп , бисерден бұйымды қалай жасайтындығы туралы нұсқау картаны дайындау туралы ақпарат жинады. Оқушыларға көмек ретінде нұсқау картаның үлгілері таратылды.Топта бос отырған оқушы болмады, әр топтан жұптасып оқушылар жасаған бұйымдарына өлең шығарып , жарнамалады. Бұл жұмыстарына шамамен 15 минут берілді. Оқушылар бұл жерде АКТ –ны қолдануда өз жұмыстарын редакциялап, тексеру кезінде пікір алмасады
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі әдістері нәтижесінде:
-оқушының білім көрсеткіші артады.
-өзінің , құрбыларының сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді.
-сыни тұрғыдан ойлауда логикалық ойлауы артады.
-қоғамдық жұмыстарда белсенділігі артады.
-өткізілетін іс-шаралардың сапасын артырады.
Менің басты қағидам Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы озгерісті көргіңіз- келсе осы өзгерісті өз уақытында жаса» деген нақыл сөзі. Осы мақсатпен оқушының шығармашылығын дамытуда сыни тұрғыдан ойлауда пайдаланып дамыту басты міндетім болып табылады. Осы модулді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер ;
Дәріс материалдары .
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық .
Мектептегі технология журналы .2012 ж