Баяндама: E-learning ж?не SMART-learning — заман талабы


Баяндама: E-learning және SMART-learning - заман талабы
Химия, биология пәнінің мұғалімдері Нургазиева Гулхан Елубаевна, Баймуратова Зарема Маженовна
Алматы облысы Жамбыл ауданы «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» КММ
e-mail. baymuratova.zarema@mail.ru
Кіріспе.
«E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты.
Негізгі бөлім
1. E-Learning және SMART –learning технологиясы оқу үдерісінде
2.«E-learning және SMART –learning технологиясы» білім жүйесінің болашағы, тәжірибелер, проблемалары.
Қорытынды бөлім.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді
Ұлы Абайдың мына бір сөзімен бастағым келеді: «Өзгеріс керегіне сену керек, қиынды тек жігермен жеңу керек!» - деп айтқандай шапшаң даму үстіндегі технологияның шаңына қақалып қалмау үшін мемлекетімізге компьютерлік технология саласында білікті мамандар аса қажет. Бұл салаға қызықтыру амалын негізінде мектеп қабырғасынан бастаған абзал. Өйткені мұншалықты көп бағдарламаларды меңгеруге біршама уақыт қажет. Әлбетте ұстаздың жетегінсіз, оқушының ынтасынсыз бұл іске аспайды. Ал мынау қағаздық есеп көп заманда ұстаздың уақытын үнемдеуде әрі оқушының сабаққа ынтасын арттыруда электронды оқыту (e-learning және SMART –learning) таптырмас шешім. Ұстаз сынып журналын толтыру, күнделіктерді тексеру, ата-ананы хабардар ету және т.б жұмыстарын енді компьютер арқылы іске асырады. Яғни ұстаздың уақыты көбейіп, дарынды балалармен жұмыс, білімін көтеру сынды қосымша жұмыстарымен айналысады. Бұрынғыдай ғаламторды аралап, өзіне қажетті құжаттарды іздеу қиындық туғызбайды. Себебі бұл бағдарлама бойынша ғаламтор жылдамдығы күшейіп, барлық компьютерлер желіге қосылулары үшін сымсыз байланыстың (wi-fi) ауқымы кеңейді.
.
Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.
Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық. 
Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі болып саналады.
Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді.
Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.
Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: 1.Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не?
Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ.
Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық
Тиімді жақтары
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде, қосымша бейне хабар, клиптер, аудио хабарларды пайдаланады.          
Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
Сарамандық, зертханалық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.          
Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
 Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.  
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.  
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.    
ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
Тиімсіз жақтары
Пән аралық байланыстың аздығы.      
Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.           
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану; 2.  Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3.  Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.
Атап айтқанда:
Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
Гипер мәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек
Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;   
Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
1.          Білім мониторингісі;
2.          Сауалнамалар;
3.          Түрліше тестілік бақылаулар;
4.          Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.
5.   Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды биология және химия сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз. 
Сабақ №4Пәні Биология
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі.
Мақсаты Кәдімгі амебаның құрылысын, мекен ету ортасын,тіршілігін үйрену.
Күтілетін нәтижелері А)Амебаның сыртқы құрылысын сипаттайды.
В) Амебаның жасуша бөліктерін ажыратып атап өтеді.
С) Амебаның тіршілігін талдап, жасуша бөліктерінің қызметін тізбектейді.
Керекті жабдықтар Суреттер, плакаттар, стикерлер қосымша ресурстар, А3 қағазы, маркер, карандаш.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру. Амандасу.
Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.
Үй тапсырмасын тексеру: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы. «Серпілген сауал» әдісімен жүзеге асырады. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру. Амандасады.
Жеке қаламдарын жинап алып араластырып топтар отыратын парталарға 5-6-дан үлестірілуіне қарай 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
Оқушылар допты лақтыра отырып, сыныптастарына сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабын толықтырады. Сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер
«Миға шабуыл» әдісі жүзеге асырылады. Оқушыларға амебаның суретін көрсете отырып, суретте көрсетілген қандай ағза, ол ағза туралы не білетінін сұрау. Оқушылар суретке ойланып, сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
«Айналмалы бекет» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
1)Тақырыпты өздігінен оқуға тапсыру.
2)Әр топқа тапсырма беру.
3) Топтар бір-бірімен айналмалы ауысып әр үстелдегі сұрақтарға өз жауаптарын жазбаша түрде қалдыруды ұсыну.
4)Топ оқушылары айналып өз орындарына келгенде өзге топтың қалдырып кеткен мәліметтеріне топта талдау жасап, баға беруді ұсыну.
5)Термин сөздерді дәптерге жаздыру.
І топ.Амебаның сыртқы және ішкі құрылысы.
ІІтоп. Амебаның қозғалуы, қоректенуі.
ІІІтоп. Амебаның тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі.
ІҮ топ. Амебаның көбеюі, циста түзуі.
Формативті бағалау: «Қолпаштау», «Шапалақтау».
«Екі жұлдыз бір тілек»,
Екі жұлдыз= екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);
Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе
Сергіту сәті.
Кеңейтілген тапсырма: А)Терминдік сөздермен жұмыс. В)Схема құру
С)Салыстырып әңгімелеу
Әзірге кедергісі бар балаларға: Амебаның суретін салу.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, жұптар бір-біріне түсіндіреді.Керекті мәліметтерді жазып отырады.
Берілген тапсырмаларды ретімен орындап,белсенді білім алады.
Әр үстелде болып, сұрақтарға жауап жазып қалдырады.
Топта талдап, ең үздік жазылған мәліметті атап көрсетеді.
Оқулықпен жұмыстана отырып термин сөздерді дәптерге жазып алады.
Амебаның суретінен сыртқы және ішкі құрылыстары туралы ойланады.
Амебаның қозғалыш мүшесін анықтайды.
Амебаның тіршілігінің жүзеге асырылуына қатысатын органоидтарды анықтайды.
Амебаның көбеюінің ерекшеліктерін ұғынады.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушылар сазға билеп денесін сергітеді.
Оқушылар өз мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды орындайды.
Сабаққа ынтасы нашар болып отырған оқушылар жұмысқа тартылады.
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия:

Үйге тапсырма: «Сұрақты тап» тәсілі арқылы сабақты қорытындылау. Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылады. Қандай сұрақтар қойылды?
«Post-It». Не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді?
1684020-710565§39. Оқушылар көрсетілген сөзге сұрақ құрастырып тауып жауап береді. Сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.
Оқушылар стикерге өз ой-пікірлерін берілген үш сұрақ негізінде жазып, арнайы плакатқа немесе тақтаға жапсырады.
Күнделіктеріне жазу
Сабақ №5Пәні Биология
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.
Мақсаты Жасыл эвгленаның өсімдікке және жануарға тән белгілерін ажыратып үйрену.
Күтілетін нәтижелері А) Жасыл эвгленаның жасушасындағы бөліктерді атайды.
В) Жасыл эвглена өсімдікке және жануарға тән белгілерін ажыратады.
С) Жасыл эвгленаның органоидтарының біртұтастығына назар салады.
Керекті жабдықтар Суреттер, қосымша ресурстар,А3 қағазы, маркер, карандаш, фасоль салынған қапшықша, стикер,блоб туры.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру. Амандасу.
Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.
Үй тапсырмасын тексеру: «Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі» тақырыбын «Сұрақты ұстап ал» тәсілімен жүзеге асыру. Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Мұнда оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді. Амандасады.
«Темір шеге мен магнит» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
Оқушылар сыныптастарына немесе әр топ бір-біріне ойын ережесіне бағына отырып сұрақтар қояды. Дұрыс емес немесе мүлде жауап таба алмағанда басқа қатысушы жауап беруге мүмкіндік алады.Бір-бірінің жауабын толықтырады. Сұрақтарға жауап береді.Өткен тақырыпта алған білімдерін тиянақтап бекітеді.
Ойын ережесін меңгереді. Сұрақтың деңгейін бағалап үйренеді.
Тұсаукесер «Шындық па,жалған ба?» тәсілімен жүзеге асырылады.Қарапайымдылар туралы бірнеше мәлімет айтылады. Айтылған мәліметтердің кейбіреуі шындыққа жанаспайтын жалған мәлімет. Оқушы мәліметтердің ішінен жалған мәліметті аңғаруға тиіс. Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдерін пайдалана отырып, айтылған мәліметтердің ішінен жалған деректерді аңғаруға әрекеттенеді. Және жалған деп анықтаған деректі неліктен жалған ақпараттардың тізіміне қосып тұрғанын түсіндіреді.
Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
«Жарнама құрастыру ойыны» арқылы жүзеге асырылады.Әр топқа эвглена жасушасының органоидтары бөлініп беріледі. Топ мүшелері 5-7 минут ішінде сол органоид туралы жарнама (мәтін, ұран немесе слоган, плакат) құрастырып оның маңызын, қызметі мен қасиеттерін жарнамалау керек.
Жарнаманы келесі тәртіппен келтіру керек.
1)Тауардың сипаттары.
2)Тауардың артықшылықтары.
3)Тауардың пайдасы.
І топ.Жасуша қабықшасы
ІІтоп.Ядро,цитоплазма.
ІІІтоп.Вакуоль, талшығы
ІҮ топ. Пластид,көзшесі
Тақырыптағы негізгі ойды анықтау.
Формативті бағалау:
«Мадақтау сэндвичі», «Шапалақтау».
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Сергіту сәті.
Кеңейтілген деңгейдегі
тапсырмалар:
А)Синкуин құру.
В)Венн диаграммасы
С)Кесте толтыру
Әзірге кедергісі бар балаларға: Жасыл эвгленаның суретін салу. Оқушылар мәтінмен танысады.
Топ мүшелері 5-7 минут ішінде сол органоид туралы жарнама (мәтін, ұран немесе слоган, плакат) құрастырады.
Өз ойларын, қиялын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
Топтар өз жұмыстарының негізінде органоидтардың қасиеттерін жарнамалайды. Топ мүшелері ортаға шығып берілген тапсырманы қорғайды.
Топтар бір-бірінің жұмысынан жақсы жағын атап көрсетіп, жақсартуға ұсыныс айтады.
Оқушылар сазға билеп денесін сергітеді.
Алынған білімнің негізінде синкуин құрастырады.
Жасыл эвгленаның құрылысын амебаның құрылысымен салыстырып венн диаграммасын құрады.
Оқушылар өз мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия:
Үйге тапсырма: «Жаданы дамыту ойыны» арқылы сабақты қорытындылау.
Біз бүгін соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген.
Оларды жаттау үшін, сендерде 2 минут бар. Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске алу қажет. Барынша көп дұрыс жауаптарға сыйлық тағайындалады!
Кері байланыс:
«Блоб туры».
§40.Өсімдіктерге ұқсас белгілері туралы дайындалу. Оқушыларға интербелсенді тақтадан соңғы сабақтарда кездескен бірнеше сөздерді 2 минут уақыт ішінде жаттайды. Кейін оқушылар топта немесе жұпта бұл сөздердің мағынасын талқылайды.Сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.
«Блоб туры» суреті бар парақтан оқушылар осы сабақтың барысында өзін қай жерде көре алғанын бейнелеп бояйды.
Күнделіктеріне жазу
Сабақ №6Пәні Биология.
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін инфузориялар.
Мақсаты Кірпікшелі кебісшенің мысалында қарапайымдардың жасушаларының күрделенуін, жынысты жолмен көбеюді үйрену.
Күтілетін нәтижелері А) Кірпікшелі кебісшенің жасушасындағы бөліктерді анықтайды.
В)Басқа қарапайымдармен айырмашылығын атап өтеді.
С) Қарапайымдар туралы білімін саралайды.
Керекті жабдықтар Бейнебаян. «Инфузория-туфелька», флипчарт, карандаш, нұсқаулық, түрлі түсті қарандаштар, «Қарапайымдар» кестесі,слайдтар.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру. Амандасу.
Топқа бөлу. Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. «Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.» тақырыбын «Аквариумдегі балық» тәсілімен тексеру. Орындықтардың жартысын топқа қойғандай, ал қалғандарын аудиториядағыдай қою. Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда , басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады. Амандасады.
Оқушылар көршілерімен жұптасады.
Топ оқушылары бір-біріне бағытталған сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап береді. Ішкі шеңберіндегі 4-6 оқушыға сыртқы шеңбердегі оқушылар сұрақ қойып түсініктемелер сұрайды. Ішкі шеңбер құрамы сыртқы шеңбердегілердің қалауы бойынша өзгертіледі.
Оқушылар өз ойларын, идеяларын ұсынады.
Тұсаукесер
«Стоп кадр» тәсілі көмегімен кірпікшелі кебісше туралы ойларын айту ұсынылады. Кірпікшелі кебісшенің бейнебаянын көрсете отырып, топқа тоқтатылған кадрдегі жәндік туралы не ойлайтындары сұралады. Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйене отырып кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, құрылысы туралы өз болжамдары мен ойларын ортаға салады. Бірнеше оқушының пікірі тыңдалады.
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты меңгеру.
«Детальдарын қосу» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Топта жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!
1)Оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында жаңа мәтінмен танысу ұсынылады.
2)Жұпта талдайды.
3)Мұғалім бастамасымен айтылған мәлімет оқушы тарапынан толықтыру ұсынылады.
Формативті бағалау:
«Басбармақ», «Шапалақтау».
Суммативті бағалау: Зертханалық жұмыс №1. Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым организмдерді қарау.
Кеңейтілген деңгейдегі
тапсырмалар:
А)Суретпен жұмыс.
В)Венн диаграммасы
С)Түйінді сөз
Әзірге кедергісі бар балаларға: Ребус шешу. Тәсіл ережесін түсініп алады.
Оқушылар мәтінмен танысады.
Оқыған мәліметтерін жұпта талдайды.
Мұғалім бастаған сөйлемді мәліметтермен толықтырып аяқтайды.
Жұпта бір-бірінің жұмысын басбармақ арқылы бағалайды.
Үлестірме нұсқаулықтағы тапсырмаларды ретімен орындайды.
Микроскоп арқылы ашық суқоймадан алып келінген су тамшысынан кірпікшелі кебісшені қарайды.
Оқушылар өз мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар тақырыпқа қатысты ребусты шешеді.
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия:
Үйге тапсырма: «Венн диаграммасы» сызбасын кірпікшелі кебісшені амебаның құрылысымен салыстыру ұсынылады. Интербелсенді тақта бетінде ашылған флипчарт беттеріне диаграмманы сызып, екі ағзаның ұқсас және айырмашылық жасайтын белгілері жазылады.
«Кері ой қозғау» тәсілі орындалады. Мұнда мұғалім сұрақтар қоя отырып, сабақ үстінде кездескен қиыншылықтар мен оңай меңгерілген мәліметтерді анықтайды.
§40, 2-тақырыпша. Оқушылар сабақта кірпікшелі кебісшені амебаның құрылысымен салыстыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар интербелсенді тақтамен және оның қаламымен жұмыстануды үйренеді. Тақырыпты қайталап, бекітеді.
Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға рефлекторлы жауап береді.Осылайша мұғалімнің проблемаларды анықтауына көмектеседі.
Күнделіктеріне жазу