Т?рбие са?аты А?тауым ма?танышым


Сабақтың тақырыбы: "Ақтау-ақмаржан қала"Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға – Ақтау қаласы туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, азамат қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау атласы, Ақтау туралы суреттер, буклеттер,
Жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекен -Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқОл бірақ, өз үйіңнен басталады..Мирас:Отан деген – атамекенОтан деген – туған жер.Отан – ана, Отан – үлкенҚазақстан – туған ел•Тақтадағы картамен жұмыс
Жүргізуші: Ал енді балалар өзіміздің туған жеріміз, мекеніміз туралы не айта аламыз?Мен Ақтауда туылдым. Менің туған жерім - МаңғыстауЖұмақ мекен туған жерім - Маңғаз Маңғыстау, Ақ маржан қала Ақтау! Туған жерің бәрінен де ыстық. Тулаған теңізін айтсаңшы!!! Нағыз кереметтің өзі!- Ал енді балалар экранға назар аударайық,Ақтау туралы бейнефильм көру
«Кім шапшаң?» ойыныОтан, туған жер туралы мақал - мәтелдерді құрастыру, мағынасын ашу.«Кім білгіш?» кезеңіБензин неден пайда болатынын, кім біледі? Оны қайдан алады?- Отынның қандай түрлерін білесіңдер?- Бензин, жағармай неден алынады?Оқушылардың ойын тыңдау..Ақтау - Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы. Облыстың солтүстік батысы мен батысын Каспий теңізі жиектеп жатыр. Каспий – қазақ елінің кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресеймен байланыс жасалады. Жылына Ақтау порты арқылы 1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданады.Адай
Көк күмбез зерен - аспаның,Көгілдір мәрмәр тастарыңКөңілде жүрген дастаным,Маңғыстау – Жұмақ мекенім,Маңғыстау - мәңгі дастаным.Малика :Келсең ару — Ақтауыма нақ бүгін.Көресің ғой кіршігі жоқ пәктігін.Мұхтар айтқан «тас кітаптар» алдында.Жырлай — жырлай тауыса алман шаттығын.
Ақбота
Ақтауымның ақ нұрына бөлендім.Бейне ғажап ғарыштарға жөнелдім.Шамшырақты ылғи шағын аудандар.Төгіліп тұр жолдарындай өлеңнің. Мадина:Маңғыстауым! Туған өлкем сен едің,Өз елімде еркін өсіп келемінАта - баба аманатын арқалапТуған жерді көркейтсем мен деп едім!
«Ақмаржан қала» хор
Жүргізуші: Ақтауым менің даналар туған өр мекен, 
Босағасы да бұл мекенімнің төрге тең.
Көз тоймас жап-жас қаламның сұлулығына,
Біз жаққа келіп қонақ боп кеткін сенбесең!
Ақтауым менің жайқалған жасыл гүл мекен,
Төгілген арай күй ме екен әлде жыр ме екен?!
Ақтауға келіп кереметіне тамсанғын, 
Біз жайлы егер шынында досым білмесең.
Қазақтай елдің бағына біткен ақ қала,Ақтауым менің,
Ақтауым менің осындай!!! -демекші бүгінгі сынып сағатымыз осымен аяқталды
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі

Сынып жетекшісі: Бекешова Қалдыгү