Краткосрочные планы по казахскому языку


«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Л.Қыдыралиева
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: ана тілі Мектеп:М.Шаханов атындағы ЖОМ
Күні: 3.05.2016 ж. Мұғалімнің аты-жөні: З.Елекеева
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 28
Қатыспағандар саны:-
Сабақ тақырыбы: Гүл.Алтын жұлдыз.Буын.
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
«Гүл» және «Алтын жұлдыз» өлеңдері арқылы Кеңес Одағының Батырлары туралы біледі және өлеңдерді буындап оқи алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
«Гүл» және «Алтын жұлдыз» өлеңдеріндегі негізгі идеясын түсіндіре алады
Кейбір оқушылар:
Кеңес Одағының Батырлары туралы біледі, сөздерді жазу мен айту кезінде буынды қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Буын мен мәтінді талдай алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Буынның дауысты дыбыстарға қатысты бөлінетіндігін меңгереді
Сыныптағы диалог:жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Қиын сөздермен жұмыс жасалынады
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Буын неліктен тек қана дауысты дыбыстарға қатысты бөлінеді? деген сұраққа жауап айта алады.
Жазылым бойынша ұсыныстар
Сөздерді буынға бөліп жазады.
Алдыңғы тақырып Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстың қандай түрлері бар?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жасалған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
3 минут
7 минут Сыныпта ынтымақтастықты қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.Оқушыларды дыбыс түрлеріне қарай топтастыру.
«Жаңғақ» әдісі арқылы оқушылар өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысын ажыратады және сабақта айтылатын ақпараттар туралы мәлімет береді.Сабақ мақсаттарымен таныстыру және табыс критерийлерін және топ ережесін оқушылармен бірге құрамыз. «Ана тілі» оқулығы
Авторлары: Ш.Әуелбаев,
Ә.Наурызбаева,
Р.Ізғұттынова, С.Тәжімбетова
4-басылым
Атамұра-2012
Графапроектр
Қорапшадағы сұрақтар
Ортасы
5 минут
3 минут
5 минут
2 минут
10 минут
5 минут Оқулықпен жұмыс жасау
Ой қозғау.Негізгі идеяны ашу.Өлеңнің авторлары О.Асқар мен Ө.Аманжолов туралы мәлімет беру. Екі өлеңнің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырату.
Дәптермен жұмыс.Күн ретін,сабақтың тақырыбын жазады және сабақтағы материалға байланысты сөз тіркестерін буынға бөліп жаздырту. Мәншүк,алуан гүл,жанға сауға,таптатпау сөздерін жазады және оның мағынасын ашады.
Алтын жұлдыз,Әлия,жас қыз,ой салып,майдан кешті, мылтық. Осы жазылған сөздердің мағыналарын түсіндіруді талап ете отырып,сабақтың неге арналғанын ашу.
Сергіту жаттығуы есебінде
«Константинополь» ойыны - «Табиғат» сөзінен бірнеше сөздер жазу арқылы оқушылардың сөздік қорлары тексеріледі.
Топпен жұмыс. «Қонаққа бару» әдісі
Топтағы оқушыларға І топ «Гүл» өлеңін оқу, ІІ топ «Алтын жұлдыз» өлеңін оқуды бөліп беремін, ал ІІІ.ІҮ топ тапсырмасы: өлеңнің негізгі ойы неде? Өлеңді әңгімеге айналдырып айтып беріңдер.Жалпы тапсырма тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.«Арасындағы айырмашылықтар» әдісі
Сурет пен негізгі сөздер арасындағы айырмашылықтарды оқушы дәлелдер келтіре отырып түсіндіреді.
Оқушыларға «Соғыс енді болмасын!» тақырыбында әңгіме немесе өлең құрату. (Тапсырма жалпылама беріледі бірақ дарынды,талантты балалардың ойын тексеремін)
М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың портреттері, ҰО соғысы бейнелерінен алынған суреттер, сөздер қимасы
Аяқталуы
5 минут Оқушылар сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтерге стикерлерді орналастыру арқылы кері байланыс жасалынады.
Оқушылардың сабаққа қатысқандығын таратпа гүлдерінің саны арқылы анықтау,ҰОС ардагерлері мен Мәншүк,Әлиядай батыр қыздардың естелігіне арнап гүл шоқтарын қойылып,бір минуттық үнсіздік жарияланады. Түрлі-түсті гүл стикерлері
Қосымша ақпарат
Саралау сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары сұрақтарға жауап беріңіз.Оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Деңгейлік тапсырмалар –мәтінді үш деңгейге бөліп бере отырып,оқушылардың бірін –бірі оқытуы жүзеге асырылады.
Сурет бойынша сөйлем құрап,сөздерді буынға бөлу арқылы жұмыс сатылай жоғарылай түседі. Формативті бағалау түрлері қолданылады.
Бас бармақ арқылы топтағы оқушыларды және топты бағалаймын,бағдаршам арқылы оқушылардың жазған жұмыстарын оқушылар бірін-бірі бағалайды және өзім қорытынды бағаларын таратқан гүл стикерлеріне байланысты бағалаймын. Дүниетану пәнімен,тарихпен және халықтық педагогикамен байланыс жүргізілді,слайд арқылы Әлия мен Мәншүктің портреттері мен өмірбаяндары, авторлардың өмірі туралы түсініктер берілді
Рефлексия
Сабақ\ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қалай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Толық жазуым керек
Оқушылар өлеңдердегі Мәншүк пен Әлия туралы түсінік алды.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысты,өздерін еркін ұстап,көңілді отырды.
Сергіту жаттығулары тиімді болды
Мақсатқа жету жолдарында құрылған табыс критерийлері оқушылардың тиімді білім алуына жағдай жасауға көмекші құрал болды.
Топ ережесінің оқушылар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыруға септігі тиді.
Жұмыстардың барлығы жоспарлаған уақытқа сай жүзеге асырылды.
Сабаққа алдын-ала көп көңіл бөліп,оқушылардың деңгейлеріне қарай тапсырмалар жасауды,сабақ соңындағы рефлексияны талдай отырып,қадам жасауды қолға алатын болдым,себебі әр оқушы деңгейіне арналған тапсырманың нәтижесі тиімді,рефлексия арқылы оқушылардың үлгерімі байқалады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушыларды топтастыру арқылы біріге, жұмыла отырып жұмыс жасауға оқушылар машықтанды. Бір-бірін бөлектемейтін болды.
2. Оқушылар бір-бірін оқытады, тақырыпты өздігінше түсінуге жол табылады.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз)?
1. Тапсырмаларды мейлінше оқушылардың жасерекшелігін ескере отырып алуды жөн деп санадым.Себебі,сабақ барысында мен тапсырмаларды тым күрделендіріп жіберген екенмін.
2. Оқушыларға өз беттерінше жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін шыдамдылықпен күтуге өзімді дайындауым қажет екендігін сездім.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?
Оқушылармен кері байланыс жасау барысында өзімнің келесі сабақта неге дайын болуым керектігін сезінемін,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға арналған тапсырмаларды әр баланың деңгейіне қарай дайындау қажеттігін түсіндім.
Қысқа мерзімді жоспарға түсініктеме
Мектеп практикасындағы жұмыстарым тәжірибемен ұштасатындығын ойлана келе, алғашқы «Гүл» және «Алтын жұлдыз» Буын тақырыбындағы сабағымды ана тілі мен қазақ тілі пәнінің кіріктірілген пәні, әрі 1-сынып оқушылары болғандықтан сабағымның мақсатын SMART бойынша жалпылама, тек білімділік мақсатқа арнап жоспарланған. Сабақтағы алынған жұмыстар мен әдіс-тәсілдерде бірнеше модульдер ықпалдастырылған. Атап айтқанда сыни тұрғыда ойлау, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқу үшін және оқытуды бағалау, талантты және дарынды оқушыларды оқыту модульдері қарастырылған. Сабақтың мақсаттарын орындау мен күтілетін нәтижелерге жету жету жолдарында сабаққа пайдаланатын нақты ресурстар алынған. Атап айтқанда оқулық, слайд, графапроектр, суреттер мен электронды оқулықтар енгізілген.
Тілдік мақсатты пәнге байланысты оқылым, жазылым, айтылым ұсыныстары бойынша жоспарлай отырып, сабағымның алғашқы бөлігі сыныптағы ынтымақтастықты қалыптастыруға жұмсалған.
Өткен сабақты қайталау мен жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Жаңғақ»әдісі қолданылған. Сабақтың алғашқы бөлімі сыныпта ынтымақтастықты қалыптастырудан басталған. Оқушыларды топтастыруға оқушылардың қолдарына А,Ә,Ы,І,У дауысты бес дыбыстың көбейтілген үлгісін тарату арқылы топтастырылған. ......Сабақтың ортасында ой қозғауға байланысты тапсырмалар қарастырылған. Оқушылардың ойы мен бойын сергіту мақсатында «Константинополь» ойыны «Табиғат» сөзінен бірнеше сөз жасап жазу арқылы тексерілді. Әрі қарай сабақ «Қонаққа бару» әдісі арқылы топтық жұмыстар түрінде жалғасқан.Тақырыпты қорытындылауға «Соғыс енді болмасын!» тақырыбында әңгіме не өлең жазуға арналған поэзия минуты жарияланған. Бұл аралықта дарынды және талантты балалар да бақылауға алынып, олардың сыни ойлау деңгейлері тексерілген. Әрбір тапсырмадан кейін оқушыларды ынталандыру мақсатында бармақ арқылы бағалау мен бағдаршам арқылы, жиынтық бағалау түрлері қарастырылған. ..........................................