Жоспар М??гі болсын тынышты?


Мәңгі болсын тыныштықЖүргізуші:Қайырлы күн, Құрметті қонақтар, тәрбиеші апайлар және балалар. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне, биыл 69 жыл толып отыр, бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтардың парызы деп білеміз.
Қырғын соғыс қан жылатқан заман-ай,
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды- ай.
Жан түршігер, ауыртпалық көрсек те.
Бар тілегім , ұрпақтарым болсын аман- ай.
Дей отырып бүгінгі Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған « Мәңгі болсын тыныштық» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тақпақтар:
Ән: Бақытты балалық.
Ән:жеке орындау да: Сарбаздар.
Жүргізуші: Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын.
Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің.
Болмасын соғыс, болмасын.
Көрініс: «Жеңіс келді»
Радиодан: Тындаңыздар! Тындаңыздар! Тындаңыздар!
Сөйлеп тұрған Москва. Опассыздықпен шабуыл жасаған фашистер бүгін 1945 жылы 9 мамырдаБерлинде т ізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Ура! «Жеңіс келді»
«День победый» әнінің әуені айтылып тұрады.
Ар жақтан балдақты солдат, басын танған солдаттар келе жатады. Алдарынан гүл шоқтарын ұстап қарсы алған қыздар, құшақтасып көрісіп жатқан ана мен бала, аға-қарындастар және жарларын күткен жұбайлар шығады.
Тақпақтар:
Би: Катюша.
Жүргізуші: Биік ұш бибітшілік көгершіні,
Асып өт нелер мұхит, не бір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,
Әлем, жас сәбидің өршіл үні.
Көрініс: Ақ көгершін.
Балалар көгершін туралы тақпақ айтады:
Барлығы бірге :
Бейбіт күн жасасын әлемде,
Тыныштық болсын бар елде
деп шарға байланған көгершіндерді аспанға ұшырып жібереді.
Жүргізуші:Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені, олар біздің бақытымзды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Ешқашан соғыс болмай әлемде тек бейбітшілік болсын дей отырып бүгінгі «Мәңгі болсын тыныштық» атты ертеңгілігімзді аяқтаймыз.