Мектеп жанында?ы сауы?тыру ала?ы Салт-д?ст?рлер к?ні т?рбие са?аты


Мақсатым:
1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі:суреттер, шарлар, бүктемелер, слайд, ұлттық бұйым көрмесі
Жүргізушілер: Нұрғазы Мирас, Нұрғазы Нұрсұлтан,
Сабақ барысы:
Нұржан : Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
 Аянат: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
 Мұғалім:
Ассаламуалейкум, салтын сақтап, ата-дәстүрін ардақтаған ағайын!
Армысыздар, бармысыздар, қазағымның қазынасын қастерлеп, барын бағалаған әлеумет!
Айдана: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен, кіші, жасымыз да, кәріміз.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Қош келдіңіз мынау — сіздің төріңіз.
Алина: Өнерлі халық- өміршең халық, дейді емес пе?Олай болса, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
  «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.
Яна: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойдаКеремет рәсім жасайық!
(шашу  шашады)
  «Шашу» биі. Орындайтын: «Бишілер» тобы «Арулар» тобы «Тұсаукесер» әнін орынлайды «Тұсау кесер» рәсімі орындалады.
 Мұғалім: Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.
Нұржан:
Жақсылық ашып арнасын,
Той-тойға жалғассын!Диас:
Шаттанайық бәріміз,
Кәрі-жасы қалмасын!
 Бірге: Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар, тойшыл қауым!
 «Мен Қазақпын» әнімен аяқтау