Модель, на?ты объектілерді? ?асиеттерін бейне ретінде к?рсетеді. (6 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Модель, нақты объектілердің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Сабақтың мақсаты:
Модель, модельдеу түсініктерін беру. Модельдеу мақсатымен таныстыру.
Модельдеу маңыздылығы және оның қажеттілігін түсіндіру. Модельдеудің әдістерін қарастыру;
Жан жақты тұрғысынан ойлау өрісін қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: модель түсінігін, модельдеудің әдістерін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: модельдерге әртүрлі мысалдар келтіріп, қасиеттері бойынша ажырата алуы керек.
Көрнекіліктер: ДК.проектор, экран, презентация.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру қезеңі
сабақтың мақсаты мен міндетін айқындау
Білімді маңыздылау
Модель дегеніміз не?
Модельдің қандай түрлерін білеміз?
Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Модельдер тек заттарға ғана құрыла ма?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ертеден бері адамзат үдерістері, нысандарды, құбылыстарды зерттеу барысында модель құру тәсілін қолданып келеді.
«Модель» термині көпмағыналы. Модель ол:
Нақты нысанның қарапайым көшірмесі;
Заттың кішірейтілген немесе үлкейтілген түрі;
Табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету;
Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог.
Жалпы мағынада «модель» түсінігін келесідей сипаттауға болады:
Модель – кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын нақты нысанның құбылыстың, үдерістің көрсетілімі.
Модель – өмірде кездесетін немесе елестеуге болатын нысандарды түрлендіру нұсқасы.
Тақырыпты түсіндірген кезде модель тек заттарға ғана емес, әртүрлі құбылыстарға, үдерістерге де құрылатынын айтып, оқулықтағы мысалдарды қарастыру керек.
Модельдеу мақсаттары туралы тоқталып, модель түрлері жөнінде және оның қандай мақсатпен байланысты құрылатынын түсіндіру.
Жаңа білімді бекіту.
Жаңа терминдерді, түсініктерді оқушылар дәптерге жазып отырады. Берілген мысалды қарастыра отырып, жұмыс жасайды.
Әртүрлі мақсатпен құрылған бірнеше мысалдарды қарастырайық:
Ұшақты басқаруды үйрететін тренажер
Киім үлгілерін көрсететін маникен
Бәйтеректің сызбасы
Менделеев кестесі.
Осы берілген модельдер қандай мақсатпен құрылғанын, кімге қажеті бар екенін анықтаңдар.
Бір мысалды қолдану мақсатына қарай сан алуан модель құруға болады, әртүрлі нысандарды бір модель арқылы сипаттауға болады. Тапсырма: адамды модельдеу нысаны ретінде алып, оған әртүрлі модель түрлерін келтіріп, дәптерге жазу.
Қорытынды.
Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:
Модель ұғымы.
Модельдеу түсінігі.
Модельдеу мақсаттары, негізгі қасиеттері.
Үй тапсырмасы.
Мысал келтіріп келу.