Модель, на?ты объекті? ?асиеттерін бейне ретінде к?рсетеді (6 cынып)


Күні: 9.12.2015
Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді. 
Мақсаты:
Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру. Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Күтілетін нәтиже: Көп кестелік деректер қорымен жұмыс жасай алады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, топтастыру, ойлан, жұптас, бөліс, жұптық жұмыс, ішіне-сыртына стратегиясы.
Көрнекі құралдар: Информатика «мектеп» 2014ж», дербес компьютер, электронды оқулық, түрлі-түсті маркерлер, А3 формат.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
3 мин «Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Бірінші оқушы жанындағы сыныптасының қолынан ұстап жақсы тілек тілейді. Тілектің соңғы әріпіне сәйкес келесі сыныптасыңызға жақсы тілектер жеткізесіз. Осылайша жалғаса береді. Соңғы оқушы тілегін мұғалімге жеткізеді. Оқушылар парта бойымен жақсы тілектерді бір-біріне жеткізе отырып, сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады.
Үй тапсырмасы
«Ақпараттық диктант»
7 мин «Ақпараттық диктант»
Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. 1.Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса...................алгоритм деп аталады. 2.Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек.Бұл.....................алгоритмінің................ формасы. 3.Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі..................... фигурамен берілген. 4. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі....................................................... деп аталады. 5. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты................................................. фигураға жазылады. 6. Шарт циклдік алгоритмнің...................................................... немесе соңында келуі мүмкін. 7. Алгоритм түрлері:........................................................................................................................ ........................................................................................................................................................... Ооқушылар диктантты жазады
Топтастыру Топтастыру әдіс
«Мозаика» жаттығуы.
Сурет кесінділерінен бір сурет кескінін құрастыру арқылы сынып
3 топқа бөлінеді.
Жаңа сабақ
5 мин
ЖИКСО әдісімен жұмыс..
(Жаңа сабақ материалы) Сыныпты 3 топқа отырғызады да, оларды 4-ке дейін санатады.Сонда 3 топқа 3 тапсырма беріп өзара талдайды Модель тақырыбы бойынша әр топтағы оқушыларға тақырыптағы тақырыпшаларды бөліп береміз. Олар оқып бір -бірімен талқылайды. Одан кейін алғашқы топтарына барып, тақырыпты ашады
«Шыңға шығу!» ойыны. 
10мин Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс. 1. Модель дегеніміз не? 2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма? 3. Модельдеу дегеніміз не? 4. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар. 
Оқушылар жол бойындағы жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап береді
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 5 мин Тапсырма 1. Информатика кабинеті. 1. Жиһаз.doc файлын ашамыз. Құралдардың көмегімен мектептегі директордың кабинетінің моделін құрамыз.  Компьютермен жұмыс жасайды
Кері байланыс
3 мин Кері байланыс парағын толтыру бойынша сабақты қорытындылау. Сабақтың өту барысында оқушылар стикерге үйрендім және үйренгім келеді бойынша өз ұсыныстарын жазады. Кері байланыс парағына іледі.
Бағалау
3 мин «Екі жұлдыз, бір тілек» Стикерді толтырады
Үйренуге берілетін тапсырма 13, 18 тапсырмалар. Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады.