Разработка внеклассного мероприятия Учитель-свет знаний на казахском языке


Тақырыбы: Мектебің алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың бұлақ көзі сарқылмаған.
Мақсаты: қыз балалардың бойында мектеп пен ұстазға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейілділікке , үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Жүру барысы. І. Ұйымдастыру.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе!
Топқа бөлу. Ән шумақтарына сайкесті.
І топ.
Ұстазым
ІІ топ.
Ұстазым.
ІІ . Негізгі бөлім.
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді
1.«Ойланайық, пікірлесейік.»
І топ: Мектебің алтын ұя жарқыраған,
ІІ топ. Ұстазың бұлақ көзі сарқылмаған.
«Болашаққа бір қадам» әдісі. Постер қорғау.
І топ : Болашақтың мектебі ІІ топ: Болашақтың ұстазы. «Жүрегімнен жыр арнаймын»
І топ: .........................пайдасы
........................... айласы.
............................. абырой
............................ айнасы.
ІІ топ: .............................мектебім
...............................көктемім.
................................бір саған.
.................................шертемін.
« Есімдер» жаттығуы.
Ең ыстық есім
Ең адал есім.
Ең белсенді есімЕң еңбекқор есім,
Ең дарынды есім.
Ең ән салып тұрған есімҚорытынды.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Мұғалім – мектеп үшін жаралған, бар ғұмырын балаға арнаған жан. Шәкіртінің қабілет дарынын ашу, келешекке жетелеу - әрбір ұстаздың мейірлі де мерейлі ісі. Шәкірт жүрегіне жол таба білу екінің бірінің қолынан келмесі анық. Бала бойындағы қабілетті ұштап, шәкірттердің санасына білім дәнін сепкен ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас.

«Ұстазға тітек » оқушыға ең ізгі тілектерін айтқызу
Үйге тапсырма : 1 топ Менің сүйікті ұстазым
2 топ Мектебім менің мектебім