БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ? РОЛІ


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РОЛІ
Сейталы Гүлназия Мылтықбайқызы
Қазалы ауданы, №78 мектептің биология пәні мұғалімі
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүние жүзінде білім алуға деген азаматтардың құлшынысы артып, адамның болашығы оның алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болуда. Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала білімінің де даму деңгейі төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп, Ж.Ж. Руссо бекер айтпаған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен қарауға мүмкіндік береді.
Биология – бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл-ойын дамытатын оқуға көшу, мұғаліммен оқушының субъектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азамттандыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күйінің дамуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлес қосады.
СТО – мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруы.
Оқушылардың СТО қабілеттері дамыған сайын оларда төрт параметрдің көрсеткіші өседі.
1. Жекеден дамуға
2. Дифференциялдыдан сенімділікке
3. Интуициядан логикалыққа
4. Бір перспективадан көптеген перспективаға
Ал бұл көреткіштерді өсіру үшін:
Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту;
Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу;
Проблеманы шеше білу;
Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.
СТО стратегияларына бағатталған оқу, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, ми шабуылының түрлері, ЖИГСО, т.б. әдістері жатады. Кейінгі кезде психология ғылымында дамытпалы оқыту концепциясы ұсынылып жүр. Ондай оқыту ұйымдастырудың маңызды шарты – оқытушы мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру. Осы тұрғыдан алғанда СТО-ның шын мәніндегі дамытпалы оқытуда оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Оқытудың белсенді әдістері: программалық оқыту, проблемді оқыту, интерактивті әдістер, эврестикалық әңгіме, пікірталас әдістері, дөңгелек үстел, іс ойыны, сайыстар, миға шабуыл, тренингтер. Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Іс-әрекеттің мәні мен нәтижесі іс-әрекет субъектісінің өзі болады, ал негізгі көрсеткіші оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға бағытталады. СТО мен дамытпалы оқытудың 1) мақсаттары. 2) міндеттері. 3) әдістері. 4) алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін (әдіс иегерлерінің айтуынша) байқауға болады
СТО жеке тұлғаға әсер етеді:
Бірінші танымдық үрдістеріне, еріктік үрдістеріне, сезімдеріне
Екінші кезеңде (мағынасын, мәнін түсіну) оларды талдап топтастыру қажет. Маңыздылығы бойынша топтастыру нәтижесі:
Әдістердің түрлілігі
Белсенді практикалық іс-әрекетте болу
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу
Қапжет болса өз көзқарасыңды өзгерту
Топтық тұжырымға келе білу
Топ алдына шығып «өз тұжырымыңды» айта білу, қорғай білу.
Соңғы (ІҮ-Ү-ҮІ) пунктер рефлексияға жатады. Осының бәрі де: өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдаланып оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Оқушы жүрегіне жол тауып оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара екенін ескеріп, білім алуға деген қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуына жол ашатын – ұстаз.
Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс бірлігін қатар дамытуы қажет. Бұл жердегі басты тұлға – оқушы, ал мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы болып табылады. Осы әрекетте ынтымақтастық болмайынша оқытудың нәтижесі болмайды.
Биология пәнін оқушыға меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын, тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл пәннің мақсаты оқушылардың қызығуын арттырып қоршаған ортаны қорғауға экологиялық сауаттылығын дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірибемде қолданғаннан бері өзімнің кәсіптік біліктілігімнің жоғарылағанын аңғардым.
Биология пәні бойынша, «Өсімдіктің көбею мүшелері», «Гүлдің құрылысы» тақырыбындағы сабақта осы технологияның тиімді әдістерін қолдандым. Онда «Кубизм», «Топтастыру», «Түртіп алу жүйесі», «Венн диаграммасы», «Ойын элементтері және сызбалар» стратегияларын пайдаландым.
Сабақта:оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы жайлы және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру;
Ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктерінің бөліктерін айыра білуге және өсімдіктерді анықтауға үйрету;
Өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды. Сын тұрғысынан ойлаудағы Блумның сұрақ қою өлшемі стратегиясы оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал стратегияның ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету, оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып мақсат қою технологиясын былайша көрсетуге болады. (Блумның жүйесі)
Дағдылар Анықтама Оқушы іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Білім Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді. Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды. Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар
Түсіну Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау Түсіндіреді, айтады, көрсетеді жазады Өз ойларыңды айтыңдар,түсіндіріңдер, ұқсастық айырмашылықтарын көрсетіңдер,мәнін түсіндіріңдер
Қолдану Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалану Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып жаңа проблеманы шешеді. Қолданыңдар,табыңдар ,мәнін түсіндіріңдер
Талдау
(анализ) Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәнін бөліп ала білу. Яғни, бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау, т.с.с. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді Былай қарағанда,салыстырғанда басқаша ойластырғанда,басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиетін дәлелдеңдер
Синтез (Бір нәрсе жасайды, жинақтайды) Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға) Ойлап табады, құрастырады, шағырады, байланыстырады. Құрайық, ойлайық (жаңа нәрсе) керісінше мүмкін. Бәрінен жақсысы, бәрінен жаман неге солай, пікірдің бәріне келісемін, сын айтыңдар
Баға
(Сын, пайымдау) Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау, пайымдау Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады. Сабаққа гүл құрылысының сызбанұсқасы, өсімдіктің көбеюіне арналған кестелер, кеспе қағаздар, сөзжұмбақтар, «Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны, тірек-сызбалар, кеппешөп түрлерін қолдандым.
Ойын түріндегі бұл сабақ ауызша баяндау, көрнекіліктерді демонстрациялау, ойын элементтерін пайдалана отырып өтілді.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін өткен сабақты пысықтау барысында үй тапсырмасы сұралды.
«Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны
Шарты. Кубиктің алты жағына өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею тәсілдері көрсетілген. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы түскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіреді. Мысалы:
Түрі өзгерген жер асты мүшелері арқылы көбею:
а) тамырсабақә) түйінб) пиязшықв) мұртша
Негізгі өсімді мүшелері арқылы көбею:
а) сабақә) тамырб) жапырақв) телу арқылы
2. «Кім зерек» ойыны.
Ойынның шарты: жәшіктен оқушылар сұрақтар алып, 1 минут ішінде жауап беру керек.
Өсімдіктің өсімді мүшелерін атаңыз.
Кеппешөптен, суреттен өсімдік мүшелерін көрсетіп, атаңыз.
Мүше дегеніміз не?
Өсімдік мүшелері неше топқа бөлінеді?
Өсімдік біртұтас организм екенін дәлелдеңіз?
Фотосинтез дегеніміз не?
Жаңа тақырыпты түсінікті баяндау және ойын элементтерін пайдалану сабақтың мазмұнын аша түсіп, оқушылардың тиянақты да терең білім алуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыту үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы зор. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі оқушылар жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдалана отырып өткізілген сабақтарда оқушылардың өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға мүмкіндік жасалынады. Оқушылар ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіріп қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірілген сызбаларды талқылап жатқанда сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің аргументтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады.
Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін тереңдете түседі.
Осы сабақтардан менің байқағаным, сыныптағы барлық оқушылардың жаппай жұмыс жасауларына мүмкіндік беріледі. Оқушы белсенді іс-әрекетте болады. Ортамен қарым-қатынас жасай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, басқаны тыңдай білуге, айта білуге үйренеді. Оқушының жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттісін жазады. Әрине «Топтастыру» маңызды бірақ та, оларды өз ойын, сезімін ішкі дүниесін білдіруге үйрету одан да маңызды.Ең маңыздысы олар қате жіберуден, өз ойын анық жеткізе алмаудан қорықпау керек.
Эссе – оқушының ойын, ішкі жан дүниесін ұғуға, өсімдіктану пәнін тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдіктің пайдасы», «Гүлді өсімдіктер» тақырыбына үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.
Жалпы жоғарыдағы айтылған стратегияларды пайдалану және орындау барысында мынадай нәтижеге қол жеткіздім :
оқушылар мақсат қоюға үйренді, мұғалімнің пікіріне қарай емес, өз көзқарастарын білдіріп,оны табанды түрде қорғауға тырысатын болды, бұрынғы білетіндерін салыстырады, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренді, бір-бірімен тіл табысады, келісімге келуді үйренеді,қорытынды жасай алады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарыммен қазіргі сабақтарымды ойша салыстыра келе байқағаным:
Бұрынғы сабақтарым Қазіргі сабақтарым
Мұғалім Оқушы Мұғалім Оқушы
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Кесте немесе таблица арқылы заттардың қасиеттерін сипаттайды Таблица көмегімен жазады Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Тақырыппен өздері таныса отырып, заттардың
қасиеттерін
сипаттап жазуға ұмтылады.
Сабақтың негізгісін мысалдар арқылы түсіндіреді Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады Сабақтың ең негізгісін
табуды
ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы зерттейді
Мұғалім
сұрақ қояды Жеке оқушы жауап береді Топқа сұрақ
қояды Топтағы барлық
бала бірлесіп жауап береді
Тапсырма жұмыстарын орындау тапсырылады Жаттығу орындап дәптерлеріне жазады Тапсырма
орындау үшінсұрақтар тастайды Сұраққа жауап беру арқылы нәтижені айқындайды
Қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді Ойларын жазуды ұсынады,
қорытуға бағыттайды Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді. Тұжырымдама жасайды
Нәтижесінде, мұғалім – білімге бағыттаушы, оқушы – белсене қатысушы екеніне көзім жетті.«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып, өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына, оқушыларға өз пікірін айта білуіне, оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашатын жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін әр мұғалім өзнің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Әдебиеттер
1. «Биология және салауаттылық негізі» жураналы №1,2005 ж.
2. «Биология және салауаттылық негізі» жураналы №3,2006 ж.
3. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту. Әбеуова И.
4. «Мектеп» журналы №1, 2011 ж.
5. «Биология және салауаттылық негізі» жураналы №2,2005