Информатика п?нінен Нысан ж?не оны? ?асиеттерi (атауы, т?сi).


6-7 сабақтар
Сыныбы: 2 «А, Б, В» Күні:
Мүғалімі: Хамзин А.Б. Тексерген:
Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).
Сабақтың мақсаты:
Ақпарат түрлерiн қайталау.
Нысанның ұғымын түсiндiру.
Нысан қасиеттерi (атауы, түсi) туралы ұғымды қалыптастыру.
Нысанды түр-түсiне қарай қабылдау, елестету мен назар аудару жөнiнде мағлұмат беру.
Әдiстемелiк нұсқау:
Сабақтың бiрiншi бөлiмiнде ақпарат түрлерiн қайталау ұсынылады. Жедел-сұрақтар түрiнде оқытуда оқушылардың ынтасын арттыру барысында сергiту жаттығуларын беруге болады:
Кiм «Мяу» дедi? Оқушы «Мысық» деп жауап бере отырып, ақпарат түрлерiнiң бiрiн атайды. Мәселен, «Дыбыстық ақпарат».
Қандай доп екенiн қалай бiлуге болады? Оны ұстау керек. Резіңкелі. Сипап сезу ақпараты.
Қуырылған картоптың иiсi шығады. Бұл – қандай ақпарат? Иiс сезу ақпараты.
Лимон ащы? Дәм сезу ақпараты.
Парта үстiнде кiтап жатыр. Көру ақпараты және т.б.
Жаңа материал әңгiме түрiнде түсiндiрiледi. Бұл сабақта нысан ұғымы, оның атауы және қасиеттерiнiң бiрi ретiнде түс алынатындығы туралы жалпы ұғымдар берiледi. Аталған материалдарды беру арқылы оқушының ұғымдарды есте сақтауға байланысты ойлау қабiлеттерi қалыптасады. Соның нәтижесiнде талдау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау жүйесi дамиды.
Жаңа материалды бекiту барысында геометриялық денелер мен олардың түстерiн анықтау туралы мысалдар берiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Балалар, сендер жансыз (доп, кiтап, парта, компьютер және т.б.) және жанды заттарды (мысық, құс, адам және т.б.) ажырата бiлдiңдер. Осы аталған затты бiз бiр сөзбен айтқанда, нысан деп атайтын боламыз. Нысан ретiнде ертегiнi, математикалық есептердi және күнделiктi салып жүрген суреттерiңдi де алуға болады. Әрбiр нысанның өзiндiк аты, мысалы, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Сонымен бiрге нысанның өзiндiк қасиетi бар. Сол қасиеттерiнiң бiрi – түс. “Доп” заты қызыл, көк және жасыл түстi болуы керек. «Гүл» ақ, сары, күлгiн болуы мүмкiн. Жасыл түстi нысанға мысал келтiр (жапырақ, шегiртке, бақа, қалтырауын).
6-сабаққа арналған тапсырмалар:.
Заттарды қажеттi түспен боя.
Артық нысанды сызып таста. Қияр мен қызанақ.
Түстерi бiрдей заттарды қос.
Шарларды боя. Шар түстерi алмасады: қызыл, көк, жасыл және т.б.
Суреттері бірдей өрнектерді тап.
Ойыншықтарды үлгi бойынша боя.
Кемпiрқосақтың әрбір түсiне сәйкес заттарды таңда.
Гүлдердi, үшбұрыштарды және көбелектерді толықтырып боя: гүлдi – қызыл, үшбұрышты – жасыл, көбелектi – сары түстермен. Әрбiр жол мен бағанда Нысан түстерiнiң қайталанбайтынын оқушылармен талқыла.
7-сабаққа арналған тапсырмалар:.
Қандай жемiстер жасыл, қызыл, сары түстi болуы мүмкiн? Суретін сал.
Нысандар тобын ата: ЫДЫСТАР, ЖЕМIСТЕР, ҚҰРАЛДАР, АҢДАР, БАЛЫҚТАР, ГҮЛДЕР.
Сенiң атың кiм? Егер балалар аттарын жазуға қиналса, онда жаттығуды ауызша өткiзуге болады.
Көктем мен күз мезгiлдерiнде жапырақтардың түсi қандай болатынын анықта: көктемде – жасыл, күзде – сары.
Жұмбақты шеш.
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу балпандап. (Балапан)
Аспаннан түсті ақ мамық (Қар)
Жауыннан соң қаптаған
Тұздап алып, сақтаған (Саңырауқұлақ)
Сергiту сәтi