Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша Кітапхана та?ырыбына саба? ?лгісі


«Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолдану бойынша өткізілген сабақ үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана.Тұрлаулы мүшелерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білімділік, білік, дағдыларын жетілдіру, грамматикалық сауаттылыққа үйрету.
2.Кітапты құрметтеуге ,оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
3.Үйренгенін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: кітап туралы ұлы адамдардың сөзі тақтаға ілінеді. Тірек сызбалар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.
2.Бүгінгі сабақтың алдына қойған ұстанымы: «Кітап – білім бұлағы»
Бұл нақылды алған себебіміз неліктен соған көз жүгіртейік, балалар. Өйткені бүгін кітап жайлы әңгімелесе отырып, сөйлем мүшелерін еске түсірейік. Барлық білім қайнары неден алады екенбіз. Әрине, кітаптан. Абай атамыз айтқан мына сөздерге құлақ салайық.
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек.
... Адам көңілі шын мейірленсе, білім -ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсат пен білмек үшін үйренбек керек ...
Сонымен бүгінгі сабақта кітаптың тұрағы кітапхана жайлы мәліметтер аламыз. Сонымен бірге сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Сұраққа кім жауап берер екен.
Сөйлем мүшесі атқаратын қызметтеріне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш тұрлаусыз. Жарайды олай болса, біз соны дәлелдеу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізейік.
Ол үшін тас қақпаның тапсырмасын орындайық.
Білімдіден
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.
2. Бұл сөз бі-лім-ді-ден болып төрт дауысты дыбыс бар.
бі – лім - ді - ден
төрт буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында
а.б б.б.
бі, ді буындары ашық буындар, себебі буындар дауыссыз
дыбыстардан басталып, дауысты дыбыстарға аяқталып тұр.
лім, ден буындары бітеу буындар, себебі буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.
Бұл сөз:
бі - болып үш жағдайда тасымалданады. Себебі сөз
лім - 4 буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес
ді - тасымалданған
ден -.
4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін ден буынындағы е дауысты дыбысына түсіп тұр.
Білімдіден
5. Сөзде түбір мен қосымшаның, қосымша мен қосымшалардың да арасында буын үндестігі бар. Себебі түбір сөз біл жіңішке болғандықтан, оған жалғанатын қосымшаның да (-ім) жіңішке нұсқасы келіп тұр, сондықтан біз оның (-ым) жуан нұсқасын алмаймыз. Бірінші қосымша (-ім) жіңішке болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да (-ді) жіңішке нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның
(–ды) жуан нұсқасын алмаймыз. Екінші қосымша (-ді) жіңішке болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да
(-ден) жіңішке нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның (-дан) жуан нұсқасын алмаймыз.
6.Сөзде дыбыс үндестігі – түбір мен қосымшаның, қосымша мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Себебі түбір сөздің соңғы дыбысы (-л) үнді болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының (-і) дауыстыдан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның ы жуаннан басталатын ы нұсқасын алмаймыз. Бірінші қосымшаның соңғы дыбысы м үнді болғанды өзіне жалғанатын екінші қосымшаның алғашқы дыбысының д ұяңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның қатаңнан басталатын ті нұсқасын алмаймыз. Екінші қосымшаның соңғы дыбысы і дауысты болғандықтан, өзіне жалғанатын үшінші қосымшаның алғашқы дыбысының д ұяңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның қатаңнан басталатын тен нұсқасын алмаймыз.
Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Берілгені: “Ағартушылық” сөзінде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін сұрайды.
Берілген:Ағартушылық = = =?
Күміс қақпа тапсырмалары.
Төменде берілген сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табыңдар.
Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.
Арнаулы кітапханаларға жоғары оқу орындарының кітапханалары енеді.
Алтын қақпаны ашу үшін балалар өздер дайындап келген сөздері бар екен соны айтады, ендеше тыңдайық
Бастауыш.
Бәріңді бастап жүрген мен емес пе?
Өзімді бастық десем жөн емес пе?
Тұрлаулының тұңғышы мен боламын,
Менімен өзгелерің ерегеспе.
Сендерге мен ешқашан бағынбаймын,
Қоста деп ешқайсыңа жалынбаймын.
Әрқашан атау септік менің тұлғам,
Кез-келген септіктерге таңылмаймын,
Атаудың сұрауына берем жауап,
Одан басқа сұрауды танымаймын.
Менмін ғой ой иесі сөйлемдегі,
Іс иесі мен болып сөйленеді.
Кітапқа да атым бұрын жазылады,
Көп болды мен туралы сөйленгелі.
Сөз табының бәрі де:
Күрделісі, жалаңы –
Маған қызмет етеді.
Мен жоқ болсам сөйлемің,
Жақсыз болып кетеді.
Мағынасы мол осындай,
Басекеңе кім жетеді?
Баяндауыш
Басеке, бөсе берме көп мақтанып,
Бастықпын деп мардамсып жақсы атанып
Егерде мен баяндап білдірмесем,
Өзіңді білмес еді ешкім танып.
Баяндап білдіремін жай –күйіңді,
Істеген ісің менен қимылыңды.
Білдірем тағы да кім, не екеніңді,
Ұқтың ғой енді менің не екенімді.
Бастауышпен қиыса байланысам,
Үйлесіп оныменен жақ жағынан.
Көбіне болсамдағы етістіктен,
Әр түрлі келе берем сөз табынан.
Әуре болма өзіңді босқа мақтап,
Менсіз сен жүре алмайсың аяқ аттап.
Сөйлемнің соңында кеп көбінесе,
Мен оны ұстап тұрам тиянақтап.
Айтшы өзің, жай сөйлем, құрмаласқа,
Кім көп қызмет атқарады менен басқа?
Салалас, сабақтас боп бөлінеді,
Байланысты емес пе баяндауышқа?
Маған қызмет ететін етістік көп.
Арнаулы өзім тән сұрауым жоқ,
Қай сөзден болсам соның сұраулары,
Маған да келер солар сұраулар боп
Ереже:
Сөйлемде атау септігінде тұрып, көбінесе іс иесін білдіреді.
Бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.
Баяндауыш мағына жағынан бастауыштың іс-әрекетін, сындық, заттық, сан-мөлшерлік, кейде мекндік қатынастарын білдіреді. өзіне тән сұрау жоқ: қай сөз табынан жасалса, сол сөз табының негізгі сұрауларына жауап береді.
Баяндауыш көбінесе етістіктен болады.
Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан
Кітап маған ұнады,
Кітап – білім бұлағы.
Сабақтың соңында тақтаға ілінген қанатты сөздерге тоқтала кету қажет.
«Кітапты сүйіңдер, ол өмірді нұрландырады». М.А.Горький
«Кітап – заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет».(В.Г.Белинский).
Үйге тапсырма беру: 53 бетте 4-тапсырма. Диалогті толықтыр.