Есептерді ?рт?рлі т?сілмен шы?ару ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Есептерді әртүрлі тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмаларды түрлі тәсілмен шешуді үйренеді, үш таңбалы сандармен жазбаша есептеу дағдыларын бекітеді, көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік қасиеттеріне сүйенеді.
Еңбекқор болуға тәрбиеленеді, еңбектің түбінде жемісі болатынындығына сенеді, адам бойындағы жалқаулық, кертартпа мінездерден аулақ болуға үйренеді.
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шешу барысында ойлаудың жан-жақты дамуы болады, ауызша және жазбаша есептеу дағдылары бекиді.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, қиықшалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
№3 (24 бет) Өрнектерді баған түрінде жазып, есептейді.
428
254
682
345
235
580
378
441
819
658
174
832
685
147
832
217
544
761
726
96
822
743
172
915
Өтілген материалды пысықтау.
1-тапсырма. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есепте. Ені 4 см, ұзындығы 6 см.
Оқулықтағы №1 тапсырма орындалады.
Сабақтың мақсатымен танысу.
Жаңа сабақ.
Қиындықтан жобасын құру.
№2. Есепті түрлі тәсілмен есептейді. Таптсырманы оқушылар түрлі тәсілмен түрліше орындайды.
Жоспар:
Барлығы қанша ағаш отырғызды?
Барлығы қанша шырша отырғызды?
Барлығы қанша қайың отырғызды?
Жоспар:
Осы мектепте барлығы қанша шырша мен қайың отырғызылды?
Барлық мектепте барлығы қанша ағаш отырғызылды?
Оқушылар есепті екі тәсілмен шешеді де, сол шешімдерін амалдар мен өрнектер арқылы жазады.
Дауыстап түсіндіру арқылы алғашқы бекіту.
№2 ә)
10- ақ парақ
30-түрлі түсті парақ
9 жинақта-?парақ
1-тәсіл: (10+30)·9=40·9=360
2-тәсіл. (10+30)·9=10·9+30·9=90+270=360
Жауабы: 9 жинақта 360 парақ болады.
№3. Балалар тирге келді. Әрқайсы 5 реттен атты. Ұпайларды сана. «·» және «+» таңбаларын пайдалана отырып, өрнектер жаз. Өрнектердің мәнін тап.
Жанат 3·2+7·2+10=6+14+10=30
Талғат 3·2+7·3=6+21=27
Марат 3·3+7+10=26
Үлгі бойынша өздігімен тексере отырып, өздік жұмыс жасау.
№5. Мүмкін болатын тәсілдердің бірімен есептеу.
Білім жүйесіне енгізу мен қайталау.
№4 Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.
№6 (ауызша) логикалық тапсырма.
Іс-әрекетті қорытындылау.
Үй жұмысы: №3 б) (26бет), №7 (27бет)
Бағалау.