Коучинг жоспары «О?ушыны? ойлау ?абілетін дамытуда?ы Блум таксономиясы? р?лі»


Коучинг жоспары
Сабақ тақырыбы: «Оқушының ойлау қабілетін дамытудағы Блум таксономиясың рөлі»
Жалпы мақсат: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау
Сілтеме: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 бет
2. К.З.Жаксылыкова «Тренинг ойындар мен жаттығулар»
3. https://www.youtube.com/watch?v=D98r3fVtZF4
4. Гончарук Ольга Юрьевна, аға оқытушы
Слайд" Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері"(Блум таксономиясы бойынша)
Оқу нәтижесі Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге 6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.
Түйінді идеялар: Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар: стикер, интербелсенді тақта,флипчарт, маркер, қалам.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Коучинг
АКТ 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
2 минут Әр елдің амандасу салты арқылы бір- бірімен амандасу.
Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.
Қазақтар -қол алысады.
Италияндықтар - құшақтасады.
Бразилиялықтар - бір бірінің
иығын қағады.
Зимбабалықтар –арқасымен амандасады.
Македониялықтар – шынтақпен
Никарагулықтар - иықпен
Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді.
4 минут
Ән жолдары арқылы топқа бөлемін.
1-топ - "Қызыл өрік"
2-топ - "Магдалена"
3-топ - "Аспанға қараймын" Ән жолдары арқылы топқа бөлініп, бір шумақтан орындайды.
5 мин https://www.youtube.com/watch?v=D98r3fVtZF4
Блум таксономиясы туралы бейнеролик көрсетіледі. Бейнероликтен көргендерін ой талқылайды.
3 мин Гончарук Ольга Юрьевна, аға оқытушы
Слайд" Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері"(Блум таксономиясы бойынша) Көреді, түсінеді.
ІІ.Негізгі
10 мин Тапсырма «Бауырсақ» ертегісін Блум таксономиясына салу.
1- топ
Ертегінің негізгі кейіпкерін постерге бейнелеу.
2-топ
Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндіру.
3-топ
Ертегіні бүгінгі жаңа күн талабына сай үлгіде суреттеу. Тапсырманы постерге түсіреді, қорғайды.
2 мин
Сергіту сәті
"Көңілді күн" жаттығуы Музыка ырғағымен билеп, денелерін сергітеді.
ІІІ.Бекіту тапсырмасы
10 мин
1-топ.
Бауырсақ ертегісін көрініс түрінде бейнеле.
2-топ. Ертегіні жарнамала.
3-топ. Түлкінің бауырсақтың кездескендегі әрекетін бейнеле.
ІV. Рефлексия
(5 мин )
"Ыстық алақан" алақандар таратылады, соған өздерінің бүгінгі сабақтан үйренгендерін, тілектерін, ұсыныстарын жазады.