Технологическая карта на тему: Наурызым, армысы?!. Коммуникация. К?ркем ?дебиет


«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 16.03.2017 ж.
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Наурызым, армысың!» әңгіме
Мақсаты:
БМ: Шығыс күндізбесі жайлы білімдерін жетілдіру.
ДМ: Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл . 22наурыздан басталатынын, күн мен түн теңелетінін түсіндіру.
ТМ: Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Алдын-ала жұмыс: наурыз мейрамы туралы әңгімелесу.
Қажетті көрнекі -құралдар: суреттер, хрестоматия
Билингвальді компонент: наурыз-март-march.
Іс-әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.
Наурыз біздің жаңа жыл
(сөзі, әні Ж Қолжанованікі)
Наурыз келді, балалар,
Көктегі қыр-жағалар.
Наурыз тойын тойлайық,
Жаңа жылда, ағалар,
Наурыз, наурыз,
Келді біздің жаңа жыл.
Көктем келді балақай
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге сал, апай. Балалар амандасады.
Балалар шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтады.
3619577470
Іздену
ұйымдастыру
 Наурыз, наурыз,
Келді жаңа жыл.
Бәйшешектер гүлдеді,
Қорада мал төлдеді.
Наурыз тойын тойлайық.
Қосыл, аққу, көлдегі.
Кіріспе әңгіме
Белгілі ақын Оразақын Асқардың
«Наурызым, армысың!» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Наурызым, армысың!
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызғана тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Қауыша алмай қанша жыл,
Қалдық сенен адасып,
Төрле есіктің бәрі ашық.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарған жайылды,
Ошақта от жалындап.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарылғаштай қалықтап.
Бір тыынығып алайық.
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу
-Мен сендерге оқып берген өлең шумағында не жайлы айтылған?
-Наурыз мейрамын қалай қарсы алады? Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексивті
қорытындылау
«Гүл құрастыру» ойыны Ойынды ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өлеңнің мазмұнын.
Игереді: Күн мен түннің теңелетінін, басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырату.
Меңгереді: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін қалыптастырып, салт-дәстүрді құрметтеуді.