Д?ниетану. Жануарлар д?ниесіні? ?рт?рлілігі. (2-сынып)


Тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігіСабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушыларға жануарлар дүниесінің әртүрлілігі туралы түсіндіру. Жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.ә) Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, ой - өрісін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.б) Тәрбиелік: Жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасап, оларды қорғауға тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, топтастыру, әңгімелеу, көрнекілік.Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтаЖануарлардың суреттері ( үй жануарлары, жыртқыш жануарлар, өсімдікқоректі жануарлар, жәндікқоректі жануарлар, бақа, торғай, ешкі, сазан, шыбын, жылан, кірпі, қоян, ақкіс, борсық, аю )Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқуСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушылар назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық:1, 2, 3Сынып іші тып - тыныш.Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты біз бастаймыз.2. Үй тапсырмасы:«Өсімдіктердің тіршілігі» бөлімін қайталау.(1слайд)Сұрақтарға жазбаша жауап беру:1. Өсімдік ----------------- ағза. (тірі)2. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?(3 топқа: ағаш, бұта, шөп)--------------------------------------------------------------------------3. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?(ауа, су, жарық, жылу, қорек)------------------------------------------------------------------------------4. Өсімдік мүшелерін жаз:( тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі)-----------------------------------------------------------------------------5. Жемістің түрлерін жаз: (құрғақ және шырынды жемістер)-----------------------------------------------------------------------------6. Өсімдіктер қандай топырақта жақсы өседі?(құнарлы топырақта)-----------------------------------------------------------------------------7. Өсімдіктің көбею жолдары:(тұқымнан, пиязшықтан, түйнектен, сабақтан)8. Дұрыс жауаптармен сәйкестендір:Қыста жапырақтар түседіКүзде өсімдіктер көктеп шығадыКөктемде өсімдіктер пісіп жетіледіЖазда өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайдыСұрақтарға жазған жауаптарын оқыту, талдау. (2слайд)3. Үй тапсырмасын бекіту:- Өсімдік - табиғаттың бір бөлігі. Оны қорғау әрбір адамның азаматтық борышы. (3слайд)Жануарларды атпаймыз,Жасыл шөпті баспаймыз.Табиғатты қорғаймыз,Ағаштарды сатпаймыз.4. Жаңа сабақ:Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.(4 слайд)Кіріспе.- Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн - дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан - джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан - джанвар» қазақша - жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.Жануарлар 6 топқа бөлінеді. (5 слайд)Оқулық бетіндегі суреттермен жұмыс: (6 слайд)1) Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын еске түсіру:Бақа - қосмекенділер тобы.Қосмекенділердің - 4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.Торғай - құстар тобы.Құстардың - 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.Ешкі – сүтқоректілер тобы.Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.Сазан – балықтар тобы.Балықтардың - 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.Шыбын – бунақденелілер тобы.Бунақденелілердің – 700 000 түрі бар.Жылан – жорғалаушылар тобы.Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.2) Суреттегі үй жануарларын атау: (7 слайд)Ит, сиыр.3) «Аңдардың күзгі тіршілігі» тақырыбындағы (1 – сынып) борсықтың, аюдың, ақкістің, қоянның сөздерін еске түсіріп, әрқайсының немен қоректенетінін әңгімелеу. (8 слайд)Борсық:- Жапырақ арасына тығылып қалыпты. Қоңызды зорға таптым! Күз түскені осы ғой. Сені жеп алайын, тәтті шөпті содан соң іздермін. Семіруім керек. Әне, аю семіріп алыпты. Қыс бойы жақсы ұйықтайды.(қорегі - бунақденелілер, шөп )Аю:- Жидек те тәтті - ақ! Енді жалайтын ара балы, жейтін құмырсқа болса ғой, шіркін! Е, қу бұтақ, жапырақ төсеп, апанды жылылау керек екен ғой. Ұзақ ұйықтауға жайлы болады.(қорегі – жидек, ара балы, құмырсқа, балық)Ақкіс:- Тышқандар менен қашып құтыла алмайды!(қорегі – тышқандар)Қоян:- Мен азық жинамаймын. Әзірге мен жейтін шөп бар. Қыста бірдеңе табылар... Тонымды ауыстыру керек екен - ау. Қыс та тақалды.(қорегі - өсімдік)4) Мәтінді оқу, түсіндіру. (9 слайд)Жыртқыш жануарлар: мысық, ит, ақкіс, қасқыр, жолбарыс.Өсімдікқоректі жануарлар: жылқы, қой, сиыр, қоян, аю.Жәндікқоректі жануарлар: кірпі, борсық.Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар. (10 слайд)Адам мен өсімдік сияқты жануарларға да бес түрлі жағдай қажет. Ол жағдайлардың бірі жоқ болса жануарлардың тіршілік етуі қиындайды.Сұрақтарға жауап беру.5. Дәптермен жұмыс: (11 слайд)Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар: ауа, жылу, жарық, су, қорек.6. Сергіту сәті: (12 слайд)Құстарға біз ұқсайық,Қане, қанат жазайық.Ұшып - ұшып алайық.Орнымызға қонайық.7. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары: (13 слайд)1 - топ: Мына суреттегі жануарлардың қайсысы қайда тұратынын анықтап, сәйкестендіріңдер (сызып ):Ара --------- апанТорғай ----- інАю ---------- тауық қораӘтеш ------- ат қора.Жылқы ----- ұяТүлкі ------- кәрез (ара ұясы)2 - топ: Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын анықтап, сызып сәйкестендіріңдер:бақа --------- сүтқоректі ----------- жыланқарға -------- бунақденелі --------- сазанкесіртке ----- балық ---------------- масажылқы ------ құстар ---------------- тоқылдақшортан ----- жорғалаушылар ----- ешкіара ---------- қосмекенді ----------- көбелек3 – топ: Жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп топтастыр: Ит, жолбарыс, аю, мысық, түлкі, сиыр, түйе, сілеусін, қасқыр, жылқы, қой.Үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, түйе, жылқы, қой)Жабайы жануарлар (жолбарыс, аю, түлкі, сілеусін, қасқыр)8. Сабақты қорыту:- Жануарлар топтарын ата.(14 слайд)- Қандай жануарларды өсімдікқоректілер дейді?- Қандай жануарларды жыртқыштар дейді?- Қандай жануарларды жәндікқоректі жануарлар дейді?- Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды атаңдар.9. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту. (15 слайд)Бір жануардың суретін салып, тіршілігін сипаттап жазу.10. Оқушылардың білімін бағалау.