Ашы? саба?: Хайуанаттар ба?ында.


Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы мәліметтер беру.
2. Дамытушылық:Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік пен имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Суреттер мен тапсырмалар
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыр кезеңі.Сынып оқушыларын түгендеп тексеру. Сабаққа дайындықтарын қадағалау. Сұрақтар қою арқылы, назарларын жаңа сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты:Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы түсінік беру.Хайуанаттар бағында нелер болады,кімдер көругебарады.
Кітаппен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қарап, кестені толтырыңдар.
Суретті тақтаға іліп қойып мұнда кімдер бар? Олар қайда барған? Онда нелер бар? Оқушыларды сөйлету.
КіМ? Қашан? Қайда? Нелерді? Не істейді?
барды
көрді
қызықтады
Оқушыларға 5 минут уақыт беру. 2-тапсырма. Жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығыңдар.
Жаңылтпаштар.
1.Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қапты
2. Біл,бұл- піл.
Бұл, -бір ірі піл.
3. Көп ешкі көп шөпті жейді.
Көк шөпті көп ешкі жейді.
Өз беттерінше 3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
I I I деңгей
1.Есімдік деген не?
2.Сөйлемдерден есімдіктерді табыңдар және түрін аңықтаңдар.
Менің ұлым сенікі,
Сенің ұлың менікі.
Ер туған ұл сенікі
Бақытты біздің жердікі. (Жамбыл)
3. Суреттен үй құстарын бөліп жазыңдар.
I I деңгей
1.Есімдік туралы толық мәлімет беріңдер.
2.Сурет бойынша үй жануарлары туралы айтып беріңдер.
I деңгей
1.Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.
2. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтарын айтыңдар. Салыстыра отырып , өз пікірлеріңді айтыңдар.
Сабақты қорытындылау: 1.Хайуанаттар бағына кімдер барады?
2.Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығы қандай?
3.Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?
Үй тапсырмасы: Үй жануарлары туралы шағын шығарма жазып келу.
Бағалау: Сабаққа белсен ат салысқан оқушыларды бағалау.
Сабақ аяқталды
Сау болыңдар.