Саба? жоспары Дауысты дыбыстар.Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар5 сынып


Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар.
(5-сынып)
Ұлболсын Туғанбаева,
Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданындағы
М.Атымов атындағы №6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:дауысты дыбыстар туралы түсіндіру.Олардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету.Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту.У дыбысының ерекшелігін түсіндіру.
Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорын дамыту.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру,оқу-білімге деген ынталарын арттыру.
Тәрбиелік:сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,әдемі байланыстырып сөйлеуге,бірлікке,татулыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,жаттығу,топтастыру,ойын,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,әліпби,бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесемін
2.Оқушыларды түгендеймін
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын
Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.Топ аты мен топ басшылары сайланып, «бағалау парағын»жүргізу ескертіледі.
№1слайд. Үй тапсырмасын тексеру.
238-жаттығу.Оқыту арқылы тексеру.Бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен бастап жазу.
Өткен сабақты пысықтау.
1.«Әліпби» сөзі қандай атаулардың бірігуінен жасалған?
2.Әліпбидегі таңбалар қалай аталады?
3.Қазақ тіліне тән қанша дыбыс бар?
4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
Әлипбиді жатқа үш оқушыдан сұрау.
№2 слайд. «Жасырынған әріптер» ойыны
Әліпбидегі әріптердің ретімен оқысаңдар,бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы белгілі болады.
37
25
24
37
26
1

7

23
24
37
37
7
3
25
1

№3 слайд.
-Сонымен ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар.
-Дәптерге күннің жадын,тақырыбын жазып қояйық.
«Фонетика» тақырыбын топтастыру.
Әліпби
Фонетика
Буын

Тіл білімінің бір саласы

Тіл дыбыстары
Әріп
-Тіл дыбыстары қалай жасалады?
-Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
-Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
-Өкпе,ауыз қуысы ,тіл,таңдай,ерін және мұрын қуысы.
№4 слайд.Жаңа сабақты түсіндіру.

Дыбыстар

Дауысты Дауыссыз
Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар саны он екі.
Олар:А Ә Э
О Ө Е
Ұ Ү У
Ы І И
№5 слайд.
Тілдің,жақтың,еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
Жуан,жіңішке
Ашық,қысаң
Еріндек,езулік
Тілдің қатысына қарай
Жуан Жіңішке
Жуан дауыстылар тілдің кейін Тіл ілгері қарай созылу
шегініп,үсті дөңестену арқылы арқылы жасалады.
жасалады.
Мысалы: Мысалы:
Ақтау-жуан буынды сөз Шетпе-жіңішке буынды сөз
Адай-жуан буынды сөз Бәйтерек-жіңішке буынды сөз
№ 6 слайд.
Аралас буынды сөздер
Мысалы:Ботагөз-аралас буынды,себебі біріккен сөз.
Аз-кем-аралыс буынды сөз,себебі қос сөз.
Кітап-аралас буынды сөз,себебі кірме сөз(араб сөзі)

У-ерекше дыбыс.Ол-бірде дауысты,бірде дауыссыз.Мысалы:ару,сұлу,қауын,жауын.
Бірде жуан,бірде жіңішке дауысты.
Мысалы:тоқу,шоқу,тігу,жүру.

№7 слайд. Оқулықпен жұмыс
240-жаттығу.Жұмбақтарды көшіріп жазып,дауысты дыбыстарды анықтаңдар.
1.Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.(Тоңазытқыш)
2.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,сүті дәрі,
Еті тамақ.(Жылқы)
3.Әкесі-тышқан,
Шешесі-құстан.(Жарқанат)
№8 слайд. Бейне материалмен жұмыс
А) бейне материалдағы заттардың аттарын жазып,жуан ,жіңішке буынды екенін ажыратыңдар.
Ә) сол сөздерге байланысты мақал-мәтелдер айтыңдар.
I топқа:сиыр,ешкі,балық,ит,жылқы
II топқа:тауық,шегіртке,адамның құлағы,жылан,қой
III топқа:гүл,қарға,күн,ай,малдардың суреттері беріледі.
№9 слайд.241-жаттығу
I топ Жуан буынды сөздерді теріп жазыңдар.
(Ашу,қазу,жазу,қу,жолығу,сызушы,жу,қону.)
II топ Жіңішке буынды сөздерді теріп жазыңдар.
(Білу,сену,беру,ілу,кезу,көну.)
III топ Берілген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
(Ашулы,білуге,қазушы,сенугу,жазушы,қулық,берудің,ілуге,жолығуға,кезуші,сызушының,жума,көнудің,қонуға.)
№10 слайд.Деңгейлік тапсырма
I топ А дыбысынан басталатын 10 қаланың атын жазыңдар.
II топ Тек қана а,е,ы,і дыбысынан басталатын 10 сөз ойлап жазыңдар.
III топ Қай жағынан оқыса да,мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.
№11 слайд.Шығармашылық жұмыс
«Достық» тақырыбында мәтін құрастырыңдар немесе өлең шығарыңдар.
№12 слайд. «Жылдам жауап» ойыны
Асты сызылған сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып,жуан,жіңішкелігіне ажыратыңдар.Жауабын мақал-мәтелмен қайырыңдар.
I топ Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді.Сонда қалай,балалар?
(Ананың сүті-бал,баланың тілі-бал)
Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
(Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас)
Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді.)
II топ Балалы үй қандай?
(Балалы үй-базар)
Үйіңе құтты қонақ келсе,не болады?
(Үйге құтты қонақ келсе, қой егіз табады.)
Қанша тал ексең,қанша тал егуге тиістісің?
(Бір тал кессең он тал ек.)
III топ Ашу не?Ақыл не?
(Ашу-дұшпан,ақыл-дос)
Жаман мен жақсы қалай сөйлейді?
(Жаман шайқап сөйлер,жақсы байқап сөйлер.)
Инемен құдық қазуға бола ма?
(Оқу-инемен құдық қазғандай.)
№13 слайд._Сабақты бекіту.
Бір
Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
лік
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
жер
бар
Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?
де
Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
тір
Жуан дауысты дыбыстарды ата.
лік
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
бар
У дыбысы қандай дыбыс?
Бірде жуан бірде жіңішке болып келетін у дыбысына мысал
келтіріңдер.
Сабақты қорытындылау.
-Міне,балалар, «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей,бірліктің арқасында білімге қол жеткізіп отырмыз.Әрқашанда тату,ынтымақта болайық!
14 слайд.Үйге тапсырма
1.242-жаттығу.
2.Дауысты дыбыстан басталатын ұлттық спорт ойындарын жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
Бағалау парағы бойынша ұпайларды есептеп,жеңімпаз топты анықтау.