Сахналы? ?ойылым «Мені? отбасым»


Сахналық қойылым «Менің отбасым»
Мұғалім:
Бұл қалжыңның түбінде,
Жатыр өмір шындығы.
Сіздер бізге ренжімей,
Мән беріңіз тақырыпқа.
Анасы:
-Сәлем, құрбым, жан құрбым!
Хабарласпай кеттің ғой?
Мүмкін маған келіп кетерсің,
Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айттармыз.
Иә, иә, жұмыс көп!
Шыға алмаймын бір сәтке.
Үйдің жұмысы да бастан асады,
Кір жуасың , кешкі тамағың бар жасайтұғын.
Қызы:
-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.
Оқиықшы ертегіні бірге?
Анасы:
-Балам,қызым, қоя тұршы,
Оданда бос отырған әкеңе бар.
Оқып берер ертегіні...
Анасы:
-Айтпа, керемет көйлек сатып алдым,
Жағасында жалтылдаған тасы бар.
Тағыда бір етік алдым,
Сөмке де сатып алдым.
Қызы:
-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.
Қуыршақпен ойнайықшы бірге?
Анасы:
-Ой,жаным,қызым!
Маған ойнайтұғын уақыт қайда?
Әлі кір жуып , тамақ пісіру кере.
Сен оданда әкеңмен ойна.
Қызы: -әке,әке, әкешім!
Оқымашы газетті,
Ойнайықшы допенен.
Киноға қашан барамыз?
Уәде бердің сен маған!
Әкесі:Қызым ,қызғалдағым!
Киноға да, парке де барамыз.
Бірақ артынан, мен демалысқа шыққанда.
Ал, қазір маған, газеттегі жарнаманы
Оқу керек тездетіп.
Сен әпкеңе бара ғой,
Әпкең сені бүгін қыдыртар.
Әпкесі : Сәлем менің ботақаным!
Неге отырсың ойнамай?
Қызы: Әпкетай, ойнайықшы бірге,
Сабақ оқып, сурет салайық?
Әпкесі: Жоқ, жоқ , ренжіме,
Бүгін менде уақыт жоқ.
Универге, кітапханаға барамын,
Одан кейін достарыммен кездесемін!
Қызы: Ойыншықтарды тізейін,
Жалғыз өзім ойнайын.
Құрметті әріптестер! Бұл қойылымды өзім аудардым. Әр отбасындағы балаға уақыттың аз бөлінетіндігі туралы мысал.Ұйқаспаған тұсын өзгертіп аларсыздар.
Кейіпкерлер бір отбасы мүшелері: әкесі газет оқып отырады, анасы телефонмен сөлесіп отырады, кенже қызы ойнап отырады.