?.Аманжолов ?зім туралы ?ле?і


Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңіСабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашуДамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін,сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын, сто технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа,шығармашылыққа дағдыландыру.Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,қастерлеуге, ана тілін қадірлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.Сабақтың тегі: Кіріктірілген сабақСабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация, рафт, талдау, сұрақ – жауапСабақтың көрнекілігі. ақын портреті,қанатты сөздер, тірек-схема,автор туралы естелік Пәнаралық байланыс: музыкаІ. Ұйымдастыру кезеңі:а)амандасу б)оқушыларды түгендеу.ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:- Біз бұдан бұрынғы сабақта кімнің, қандай шығармаларымен таныстық.Ғабит Мүсірепов кім? Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? «Боранды түнде» әңгімесіндегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.ІІІ. Жаңа сабақ:«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»Т.АхтановӨкінбен мен де бір күн өлемін деп,Өкінем ұқсата алмай келемін деп.Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, -деп өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл ойлы, шыншыл да сырлы, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.Қ.Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында Қызыл ауылында туған. Әкесі сол жерде қайтыс болады. Әке-шешеден ерте айырылған Қасым жоқшылық,жетімдікті сәби кезінен басынан өткеріп,қой-қозы бағады,тезек тереді,кісі есігінде телміреді.Болашақ ақынның қажырлы, қайратты,тік мінезді,найзағайдай өткір тілді болып өсуіне әсер етті.Алғашында ауыл молдасынан білім алады,кейін ағасының көмегімен Семейдегі интернатта ауысып, онда үш жыл тәрбиеленеді.Одан кейін Семейдегі мал дәрігерлік техникумын оқып бітіреді.Оралдағы пединститутты,Ленинградтағы орман шаруашылығы институтарына түскенмен,денсаулығының сыр беруіне байланысты оқуын жалғастыра алмай, газеттерде редакторлық, кейін театрда қызмет жасаған.Ақын 1941-46 жылдар арасында майданға ілігіп, «қанды қырған,қып-қызыл өрттің ішінде» болды. Әртістік, әншілік өнерге бейім ақын домбыра, күйсандық,мандолина сияқты аспаптарды жақсы ойнап, өзінің бірқатар өлеңдеріне ән де шығарған сазгер болған. Биыл ақынға 100 жыл толмақшы.Ол бар болғаны 44 жасында үзілді.Соғыс кезінде көп өлеңдері жоғалған,әндері де нотаға түспей қалған.Кейін бар мұрасын жинақтап бастырғанда, 3 том ғана кітап болды.(1955-57)Енді Қасым туралы естеліктер не дейді? Соны тыңдап көрсек...(Слайдтағы Сырбай мен Қасымның суретін көрсету)Мына суретте Ағалы-інілі бауырдай болған дәмдес, рухани дос ақындар Қасым мен Сырбай. Қасым дүниеден өткен соң, олардың балалары отау құрып,екеуі құда да болған. Сырбайдың жұбайы сол күндерді былайша еске алады: «Біз Қасымның үйімен жақсы араласып кеттік.Қасым біз барғанда скрипка тартып немесе домбыра шертіп отыратын.Өзі арықша ғана аққұба жігіт болатын.Ол кезде Қасекең үйі жоқ,күйі жоқ жүрген кезі,К.Байсейітованың дачасында тұрады.Тар, 9 ш/м,өлеңді жерге чемодан қойып,чемоданның үстіне жазады екен.1955 жылы 17 январьда Қасым қайтыс болды.Артынан Сырбайлар 3 томдығын шығарды. 40 өткен соң біз ұлды болдық, атын Қасым қойдық» Ақынның осы бір қысылтаяң жағдайда туған өлеңіндегі:Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,Сонда да тастамаймын астанамды.Өлеңнің отын жағып асырармын,Өзімді,әйелімді ,жас баламды,-деген сөздерінен өмірдің көлеңкелі жақтарын көп көріп,өз заманында тиісті бағасын ала алмағанын, сөйте тұра өлеңді өмірінің өзегі еткен, туған елін ардақтаған ұлтжанды ақын екенін аңғару қиын емес.Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.Мағынаны тану кезеңі1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)2. Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып,мазмұнын ашу3. Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)Жасық - жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсызКөрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеушіТымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтінТорқа – ең қымбат жібек мата Қазақта қара өлеңге дес бермеген Қасым ақын жырларымен де, азаматтық ,адамдық іс-әрекетімен де өзінен кейінгі толқын інілеріне үлгі бола білген, қазақтың біртуар азаматтарына ұстаз бола алған.Қасымның сынынан өту Ғафудың ақындық өнеріне де, әншілік өнеріне айтарлықтай әсерін тигізгенін айта кету. Бұл сәт жайлы Ғафу ақын естелігінен дәлел іздесек: «Екеуміз үйді әнге, өлеңге толтырып жіберетінбіз.Ол шығарған әндерін маған ептеп үйрететін. «Дариға», «Туған жер». Сондай-ақ өлеңді шынайы ақындықпен жазу – Қасымның бізге қалдырған аяулы үлгісі» «Өзім туралы» әні орындалады.Ой толғау кезеңі 1-топқа тапсырма. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі,үндестігін табу, пікір айту.Қ.Аманжолов «Өзім туралы» А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінен үзіндіЖоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.Бар болса жалғыз ақын ай астында,Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.(аудар. Ғ.Орманов)2-топтың жұмысы Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. Қандай адам өлмейді ?Қасым «Өзім туралы»Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес » (өлеңінен үзінді)Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп ойнап- күлмес...Көп адам дүниеге бой алдырған,Бой алдырып, аяғын көп шалдырғанӨлді деуге бола ма айтыңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.3-топ Өлең құрылысына талдау(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)ТақырыбыАвторыШумағыТармағыБуыныҰйқасы4- топтың тапсырмасыРАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмысРоль – ҚасымАудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтарыФорма - монологТақырып – Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ ?5-топтың жұмысы – Ақын бейнесін талдау (өлең авторы мен өлеңнің лирикалық кейіпкеріне баға) (ақ көңіл, досқа адал,ақын, жауынгер, сазгер, кеңпейіл,мырза,көпшіл)Бекіту.«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясыӘр топтан бір оқушы шығып, сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін бір ауыз сөзбен білдіреді.Қорытынды: Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып,дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз.БағалауҮйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау,поэтикалық тіліне талдау жаса
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңіСабақтың мақсаты:  Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танып, өлеңнің мән - мағынасын ашу; Дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуіне, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге дағдыландыру; Тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың туған жерін, туған тілі ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке шыдамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу;Сабақтың типі: Жаңа білім беруСтратегиялары: «Топтастыру», «Екі жақты күнделік», «Класстер», «Еркін жазу», «Бес жолды өлең», «Соңғы сөзді мен айтайын»Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.Сабақтың көрнекілігі: Қ. Аманжолов өмірі жайлы видео, ақынның суреті.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасуОқушыларды түгендеуПсихологиялық дайындықҮй тапсырмасын сұрауҮй тапсырмасын «Кубизм» әдісін пайдалана отырып сұраймын, яғни оқушылар кубиктің қай қыры түседі сол сұраққа жауап береді.Иса Байзақов кім?Иса Байзақовтың туған жері?«Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі?Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?Поэма қалай аяқталады?І Қызығушылықты оятуТақтаға Қасым Аманжоловтың суреті ілінеді. Оқушылар болжау арқылы «Бұл кім?» деген сұраққа жауап береді.ІІ Мағынаны тану1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсетіледі.2. Оқушылар түсінгендерін класстер сызу арқылы айтып береді.3. «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып шығамын.4. Оқушылар жекелей іштерінен оқып шығады.Топпен жұмысТопқа бөлу үшін оқушыларға «Қыс», «Қазақ тілі», «Шәкірт ойы» өлеңдерінің бір шумақтарынан өлең жолдарын беремін. Оқушылар әрқайсысы өлеңге сәйкес жолдарын табу арқылы өз топтарын құрады.І топ Өлеңде ақын болашақ ұрпаққа не айтқысы келді? Қандай жолдардан мысал келтірер едіңдер?ІІ топ Өлеңнен ақынның ақындық ұлы мақсатын айқындайтын өлең жолдарын тауып, түсіндіріңдер. Өлеңнен көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдерді теріңдер.ІІІ топ Өлеңді оқи отыра ақынға мінездеме бер. Ақынның бойындағы адамгершілік қасиеттерді танытатын өлең жолдарын табыңдар.«Екі жақты күнделік» Оқушылар бірінші жекелей орындайды, екінші жұппен, сосын топпен ақылдасып ортақ бір кестені ортаға шығып оқиды.Өлеңнен үзіндіМенің көзқарасымӨмір жоқ түскен жерде бір арнаға,Көп күттім, көп тіледім құмарлана.Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,Алыстан көрінгенмен құмарлана Ақын арманы шексіз, бірақ сол арманын жүзеге асыруға уақыт жетпейтіндігін, өзінің өмірінің қысқа болатындығын сезгендігі көрініп тұр.Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,Бақытын ойламаймын құр басымның.Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын. Ақынның кең пейіл, жайдары мінезін байқаймыз. Ақтықты, адалдықты сүйетін өзі де пәк ақын деп білеміз.ІІІ Ой толғаныс І топ «Бес минуттық эссе» жазу. «Қасым ағаның арманы...»ІІ топ «Бес жолды өлең» құрайды.1. Қасым2. Кең пейіл, дауылпаз3. Жазады, армандайды4. Елінің дауылпаз ақыны - Қасым аға!5. АқынІІІ топ «Соңғы сөзді біз айтамыз..»Қорытынды. Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешіп әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтпақ!Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.Бағалау.
Тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен оқушыларды таныстыру. Міндеті: 1. Ақынның өмірі, шығармашылығымен танысып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу. Күтілетін нәтиже: Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында білімдерін кеңейтеді. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша алады.Бір -бірінің пікірін тыңдап, топта бірлесіп жұмыс істей алады.Сыни тұрғыдан ойланып сабақта түйген ойларын ортаға салып,пікір алмаса алады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ түрі: Аралас сабақ . Сабаққа кіріктірілген модуль: 1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.5. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 6. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Әдіс-тәсілдер: "Әдемі есім" сергіту сәті, «Не айтар едің» әдісі, «Не білдің?», «Ойлан,жұптас, түсіндір»,«Білгенге маржан» Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар ,плакат,маркер,бейнетаспалар Сабақтың жоспары: Сабақтың жоспары: І. Қызығушылығын ояту 1.Ұйымдастыру кезеңі. а) Сергіту сәті ә) Топқа бөлу 2.Үй тапсырмасын сұрау. ІІ. Мағынаны тану 3.Жаңа сабаққа кіріспе 4.Жаңа сабақ. 5.Жаңа сабақты бекіту ІІІ.Ойтолғаныс 6. Қорытындылау 7. Бағалау 8. Үй тапсырмасын беру 9. Кері байланыс Уақыт Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті І.Қызығушылығын ояту 1.Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмос-ферасын қалыптастырамын. "Әдемі есім" сергіту сәті, топқа бөлуТабыс критерийі Оқушылармен амандасып түгендеймін. «Әдемі есім» сергіту сәтін ұйымдастыра-мын. Отан, өлең, өмір,ақын сөздері арқылы топқа бөлемін Тақтаға табыс критерийін іліп, таныстырамын. Оқушылар сергіту сәтіне қатысады, топқа бөлінеді. Оқушылар сабақтын табыс критерийімен танысады. 2.Үй тапсырмасын сұрау «Ана жүрегі» эссесін Оқушыларға эсселерін бір-бірімен алмастыруын айтып, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын. Оқушылар бір-бірінің эссені оқып, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды ІІ. Мағынаны тану 3.Жаңа сабаққа кіріспе. «Не айтар едің» әдісі Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым, Қасым солай болмаса несі Қасым? Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым (Мұқағали Мақатаев) Оқушылардан слайдта көрсетілген өлең жолдары бойынша ойларын сұрап бүгінгі сабақпен байланыстырғызамын. Оқушылар өлең жолдары туралы ойларын ортаға салып, жаңа сабақпен байланыстырады 4.Жаңа сабақ. «Бейнетаспа» 2 мин «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі «Білгенге маржан» Интербелсенді тақтадан Қасым Аманжолов туралы бейнетаспаны көрсетемін Әр топқа өлеңді бөліп беремін. Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін Торқа – ең қымбат жібек мата Оқушылар бейнетаспаны тамашалайды Оқушылар жеке оқиды, топта жұптасып талқылайды. Ортаға шығып басқа оқушыларға түсіндіреді. Оқушылар сөздікпен жұмысты дәптерлеріне жазады 5.Жаңа сабақты бекіту «Қалам қуаты» бейнетаспасы Топтық тапсырмалар Оқушыларға ақынның өлеңі туралы бейнетаспаны көрсетемін. І топ: Өлең құрылысына талдау. ІІ топ:Ақын өлеңіндегі көңіл-күйін талдау ІІІ топ: Өлең мазмұнына сай жоспар құру. ІҮ топ: «Өзім туралы» тақырыбында шығармашылық жұмыс (эссе, өлең,сурет) Өздері оқып, талдаған ойларын бейнетаспадағы оймен салыстыра тыңдайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша топта жұмыс істейді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырады. бағалайды. ІІІ.Ойтолғаныс 6.Қорытындылау «Дүниеге келер әлі талай Қасым» Осы өлең жолы туралы ойларын сұрау Оқушылар ойларын айтады, өз үлестерін көрсетеді 7. Бағалау Формативті, өзара бағалау, табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалау. Оқушылар формативті түрде және суммативті бағаны қою үшін өз-өзін бағалайды. Оқушылар критерийлерге қарап өзін-өзі бағалайды. 8. Үйге тапсырма беру Қосымша ақпарат 1. Өлеңнен үзінді жаттау. Қасым Аманжолов-дауылпаз ақын атындағы әдеби портал Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. 9. Кері байланыс «Өзім туралы» әні «Бес минуттық эссе» Сен бүгін ең басты не туралы біле алдың? Әсерің қандай? Оқушылар өздерінің әсері туралы әнді тыңдай отыра жазады.