Алгоритмдер ж?не оны орындаушылар 6 сынып


Алматы облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы
№20 орта мектеп

Тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар
Ашық сабақ
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Балманова Р.А
2015-2016 оқу жылы
Сыныбы: 6 Пәні: Информатика
Сабақ тақырыбыАлгоритмдер және оны орындаушыларСілтемеОқулық,  ғаламтор  мағлұматтары, электрондық оқулық тапсырмаларыМақсаты «Алгоритм» және оны орындаушылар түсінігін енгізуді үйренеді, сөз түрінде түрінде алгоритмді құруды меңгереді
Тақырыптың негізгі идеясын ашу, ой – өрісін кеңейту, ойларын кеңейту, өз бетімен жұмыс істеуге үйретіп, пәнге қызығушылықтарын арттыру
АКТ – ны күнделікті өмірде пайдалануға, дағдыландыра отырып, тиянақтылыққа баулу.
Оқыту нәтижелері Оқушыларда алгоритм ұғымы қалыптасады.
Сөз түрінде алгоритм құра алады.
Алгоритм орындаушылары туралы біледі. 
Міндеттер1.  Креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізеді2. Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады.
3.  Оқушыларды алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Негізгі дерек көздерАКТ, үлестірмелер, кесте, стикерлер.
  Керек жабдықтарОқыту  модуліМұғалімнің іс-әрекетіОқушы іс-әрекетіҰйымдастыру кезеңі   Амандасу, сыныпта психологиялық ахуал орнату (жүректен жүрекке) әдісі арқылы Оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау,топқа бөлу ( фазылдар арқылы) Сабаққа дайындық, зейіндерін аударып, ден қою
БілуЖаңа тақырыпқа дайындықАлгоритм ұғымына, шығу тарихына, анықтамаларға слайд АКТ
Сыни тұрғыдан ойлау, Балалар, берілген үй тапсырмасы бойынша өткен сабағымызды қайталап өтейік, ол үшін біз интерактивті тақтаға келіп «футбол алаңы» ойынын ойнаймыз.
Интерактивті тақтадан бүгінгі тақырыпқа байланысты слайд көрсетемін.
-Енді топ ішінде мына тапсырманы талқылайық. Алогритм ұғымы жайлы не білеміз? Қандай ақпарат бере аласыңдар (ойланып, өз пікірлерін орта салуға бағыт беру)
Олай болса, балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыңдар?
(Балалардың бүгінгі тақырыптың атын айтуын күтеді).
Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек деп ойлайсыңдар?
  Топтан өз болжамдарын айтады.
Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат-міндеттерін айтуға талпыныс жасайды.
ТүсінуЖаңа тақырыпПостер мен маркер Топпен жұмыс.
Диалог.
Сыни тұрғыдан ойлау.
Дарынды балаларды бақылауӘр топқа «алгоритм ұғымы», «алгоритм қасиеттері» жайлы ойларын ортаға салдыру. Алгоритмді талдау
Бұл кезең бойынша оқушылар жаңа сабақты түсінгендері жайлы постер қорғайды Постерге жалпы алгоритм ұғымы жайлы, әр топтан бір оқушы қорғап шығады
ҚолдануБекітуДарынды балаларды бақылау.
Балалар енді жинақтаған білімдеріңді тексеріп көрейік. Жаңа тақырып бойынша компьютерде отырып практикалық жұмыс жасаймыз.
Оқушыларға өтілген сабақ бойынша тапсырмаларды ұсыну Компьютерде практикалық тапсырма орындайды.Оқушылар өз жұмыстарын мұғалімнің  берген тапсырмасымен жалғастырады.
ТалдауСын тұрғысынан ойлауОқушыларға тақырыпты талдау үшін тест тапсырмаларын шешкіземін. Оқушылар интерактивті тақтада берілген тапсрмаларды шерту арқылы шешеді.
ЖинақтауӨрмекшінің торы Диалог -Сонымен, біз бүгінгі сабақта не үйрендік, балалар? Оқушылар байланысу сұрақтарын қояды
Жаңа тақырыпты бағалауБағдаршам әдісі Диалогтік әңгімеАл балалар, бағдаршам әдісі арқылы бүгінгі сабағымызды қорытамыз, ойымызды жинақтаймыз. Қорытынды шығарадыБағалауБағалау критерийіОқыту үшін  бағалауКритерийлер арқылы бағалау:
Алгоритм ұғым жайлы білемін -1 балл
Алгоритм орындаушысын білемін -1 балл
Алгоритм қасиеттерін білемін -1 балл
Өз бетімше сөздік формада алгоритм құра аламын – 1 балл
Алгоритм атауының шығу тарихы туралы білемін – 1балл Топта оқушылар критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
   3 балл – «3»
  4 балл – «4»
5 балл – «5»
Рефлексия Стикерлер сөйлейді   Балалар, бүгінгі сабақ туралы стикерлер арқылы көңіл күйлерімізді көрсетеміз. Өз ойларын айтады.
 Үйге тапсырма    -Онда үй тапсырмасын белгілеп аламыз.  Алгоритм және оның орындаушысы жайлы оқып келеміз. Үй жұмысын белгілеп алады