Ш?к?рім ??дайберді?лыны? «?ал?аман – Мамыр» поэмасы


Зерттеудің өзектілігі
Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ поэзиясының бастау көзедерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс- тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық үлгілермен толықтырған. Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де ақынның ерекшелігі оны кең ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан.
Ақын поэмаларының тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі, идеялық және мазмұндық негіздері қазақ поэзиясындағы тың үрдісті танытады. Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау үлгісі мен батыстың дамыған әдебиетінің ықпалы өзара үйлесім тапқан.  Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Оның негізі қай қоғамның да көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін көтеруде жатыр. Ақын шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін құрайтын адам мен қоғамның, адам мен тылсымның (жар- жаратушы) мәселелерінің мәнін ашу іргелі зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе. Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның көркемдік әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының мәні терең. Сөз арқылы адам түзетпек болған сөз зергері шығармашылығының көркемдік поэтикасын ғылыми саралаудың аса маңызды қажеттілігі де осыдан туындайды. Өйткені барлық замандарға тән мәңгілік тақырыптарды (жан мен тән, өмір мен өлім, адам мен жаратылыс) бейнелеудегі поэтикалық үлгілер көнеден күні бүгінге дейін түрлі даму сатыларын басынан өткерді. Бұл жағдай Шәкәрім өмір кешкен аумалы-төкпелі трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де адамзат үшін аса маңызды тақырып. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда қоғам, әлеумет мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп ақын поэзиясы философиялық және терең әлеуметтік мазмұнға ие болады. 
Әдебиеттің ежелден бергі обьектісі адам болмысы, адамды тәрбиелеу, жетілдіру болса Шәкәрім бұл тарапта қазақ қоғамының азаматын тәрбиелеудің өркениетті үлгісін әлдеқашан-ақ сомдаған, жеке адамды түзету арқылы қоғамды түзету, адам баласының өмір сүру барысындағы үздіксіз іздену, өзін-өзі жетілдіру мәселесіне ден қойғанда ғана тіршілікте үйлесім болатындығын ақындық шеберлікпен көркем бейнелеген.
         Адам болмысы, адамның жан дүниесіндегі түрлі сапалық өзгерістерді поэзия тілімен өрнектеудің өзгеше әдіс-тәсілін тапқан ақын қазақтың төл әдебиетімен ғана шектелмей түбі бір түркі руханиятының мазмұнды туындыларынан сусындап, әрі әлемдік ақыл-ой жетістіктерінен үйренген.
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы 1988жылы ресми шешімжарық көргенге дейін көпшілікке мүлде беймәлім болып келді дей алмаймыз.Ақынның өлеңдері мен мақалаларын өз кезіндегіқазақ баспасөзінің беттерінде басылып тұрды.1911жылы тұңғыш кітабы – «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі» Орынборда шықты, бірқатар туындылары 1912 жылы Семейде басылған ақынның «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр» аты кітаптары енді.Орыс ақыны А.Пушкиннен аударған «Дубровский әңгімесі» 1924 жылы жек кітап болып шықса, «Боран» шығармасы 1936жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланды.
Шәкәрімнің әдеби мұрасы өзінің көзі тірісінде де, одан кейінгі идеологиялық құрсау заманында да белгілі бір дәрежеде тасқа басылып, көпшілікке жетіп жатты.Ақын шығарамашылығының тағдыры қаншалықты қатаң қыспақта, шытырман шектеулерді бастан кешіргенімен оның ойлы да көркем жыр жолдары, өмір даралығын бойына мол дарытқан поэмалары, өзге де өрелі туындылары халықтың жүрегінен алыстаған жоқ.1988 жылға дейін созылған сұм пиғылды саясаттың салқыны сұңғыла ақын Шәкәрімнің есімін қанша бүркемелеп, «құр құдыққа» қамап келсе де, ақын жырларының табиғатынан ұшқындаған оттың алауын өшіре алмады.Ал тәуелсіз заманның лебі есіп, парасат дәуірі туған сәтте ол алау бар қуатымен рухани әлеміміздің шалқарына шалқып көтеріліп келді.Ақынның шығармалары бүгнігі күнге дейін бірнеше жинақ болып жарық көрді.
Шәкәрім мұрасы-айдыны да, арнасы да кең дүние.Өзінің жарты ғасырдан астам уақыт кеңістігіндегі шығармашылық жолында ол әдебиеттің барлық жанрларында еңбек етті.Салмақты да сүбелі туындылар тудырды.Ол Абай маңында топтасып, ұлы ақыннан шығармашылық шабыт дарытқан, қнеге үйренген талантты шәкірттердің алдыңғы қатарында болды.Абай талантының алтын бесігінде тербеліп ер жеткен Шәкәрім ақынның мұралары өз заманының үнін көтерді, сөзін сөйледі, тынысын танытты.Қай жанрда, қандай тақырыпта қалам ұстаса да Шәкәрім өз туындысында таңғы шықтай мөлдіреген гындық пен шыңыраудай терең ой дарыта білді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап Шәкәрімнің шығармашылық мұралары шынайы ғылыми тұрғыдан, монографиялық сипатта жан-жақты зерттеле бастады.Соңғы он шақты жылдың көлемінде шәкәрімтану ғылымының іргесі бекіп, керегесі кеңи түсті.Шындыққа жүгінер болсақ, Шәкәрімді зерттеу, оның шығармалары туралы пікір айту бүгін ғана басталған іс емес.
Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын аудартып тың ізденістер тудыруда. Яғни  ақын шығармашылығының поэзиямен ғана шектелмейтіндігі философиялық тарихи дерек көздері мен ағартушылық педагогикалық көзқарастарының жүйесін кешенді түрде зерттеудің енді қолға алына бастауы заман үрдісінен туған қажеттілік.
Сондықтан қазіргі кезеңде Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология ғылымдарының мамандары айналысуда.
Шәкәрімнің философиялық, ағартушылық, психологиялық ой тұжырымдарын танудың негізі – поэзиялық туындылары. Шәкәрім шығармашылығын зерттеудегі осы ерекшелікті шәкәрімтанушылардың қай-қайсысы да атап көрсетеді.
Шәкәрімтанудың тұңғыш іргетасы ақынның көзі тірісінде қаланған.Кезінде осы тақырыпта «Қазақ» газетінде жарияланған ірілі-ұсақты мақалалар мен пікірлер сөзімізге дәлел бола алады.Бұл тұста сол кезеңдегі қазақ зиялыларының ішіндегі көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың есімін алдымен атауға тиіспіз.1915 жылы «Қазақ» газетінің бір санында оның Шәкәрім ақынның «Қалқаман-Мамыр» поэмасы туралы жазылған талдау мақаласы «Қыр баласы» деген бүркеніш атпен жарияланды.Кейін бұл мақала Ә.Бөкейханов шығармаларының жинағына енді.Мақаланың авторы поэманың айтар ойы мен маңызын жетізуге тырысады.
Шәкәрім поэзиясының тақырыптық ауқымдылығын, идеялық тереңдігін, мазмұнының кеңдігін, әлеуметтік қажеттілігін атап көрсеткен М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінің даму процесіне арналған  «Абайдан соңғы ақындар» атты  мақаласында: «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шәкәрім. Мінді, кемшілікті, айтқанда жерлеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде ащылық бар», – деп, Шәкәрім поэзиясының реалистік сипатына баға берілген.  А.Байтұрсынов та Шәкәрім поэзиясында өтірік әсерлеу, утопизм жоқ екендігін тілге тиек етеді. Шәкәрім кейіпкерлері қарапайым адамдар арасында жүріп өздерінің ерлігін, білімділігін, мәдениетін көрсете білген дара адамдар.
Шәкәрімнің ақындық табиғаты, Абайдан кейінгі әдебиеттен алатын орны туралы тұңғыш байыпты пікір айтқан М.Әуезов болды.1934жылы «Әдебиет майданында» журналында басылған мақаласында М.Әуезов Шәкәрімді Абай дәстүрін жалғастырушылардың, шәкірттерінің қатарына қосады.
 Шәкәрім поэзиясының тақырыптық ауқымдылығын, идеялық тереңдігін, мазмұнының кеңдігін, әлеуметтік қажеттілігін атап көрсеткен М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінің даму процесіне арналған  «Абайдан соңғы ақындар» атты  мақаласында: «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шәкәрім. Мінді, кемшілікті, айтқанда жерлеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде ащылық бар», – деп, Шәкәрім поэзиясының реалистік сипатына баға берілген.  
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын жариялау, насихаттаумен қатар ол туралы ғылыми тиянақты пікір айтушылардың қатарында С.Сейфуллинде болды.
Ол «Әдебиет майданы» журналының редакторы қызметін атқарған кезеңде Шәкәрімнің Пушкиннен «Метель», «Боран» атты аудармасын бастырып шығарды. Пушкиннің көркем сөзбен жазған шығармасын ақын поэзия тілімен аударған. Осы тұрғыдан келгенде, С.Сейфуллин ақынның осы еңбегіне ерекше баға беріп «Ләйлі-Мәжнүн» дастанына да өзіндік көзқарасын білдірді.
Шәкәрімтануға күн санап қосылып жатқан жаңа деректерге сүйенер болсақ, ақын мұрасы кеңестік дәуір тұсында да біршама зерттелгені көрінеді.
Шәкәрім мұрасының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтауда белгілі абайтанушы Қайым Мұхаметқанов зор еңбек сіңірді. Оның 1988 және 1989 жылдары «Семей таңы» газетінде және сол жылдары наурыз, сәуір, шілде айларындағы «Қазақ әдебиетінде» жариялаған еңбектерін шәкәрімтанудың жаңа кезеңінің басталуы деп бағалауға болады.
Шәкәрімтанушылар ойшыл ақынның рухани-философиялық мұрасын әр қырынан жан-жақты сараптап талдауға ден қойды. Шәкәрімтанудың белсенді дамуына   М.Базарбаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Бердібаевтың «Қазақстан мұғалімі» , «Лениншіл жас» газеттеріндегі, Х.Сүйіншалиевтің , Т.Жұртбаевтың «Жұлдыз» журналындағы мақаласы мен зерттеуі , Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаевалардың тың зерттеулері қомақты үлес қосты.
Шәкәрімтануға күн санап қосылып жатқан жаңа деректерге сүйенер болсақ, ақын мұрасы кеңестік дәуір тұсында да біршама зерттелгені көрінеді. Оған ақын мұрасы екінші рет ресми ақталған соң шыққан М.Базарбаевтың зерттеуі мысал.М.Базарбаев ақынның баласы Ахат Құдайбердіұлымен хат алысып тұрған және мұрасының ақталуына көп септігін тигізгендігін, 1969 жылы жазылған докторлық диссертациясының бір тарауын ақын мұрасын зерттеуге арнағандығын да зерттеушілердің деректерінен танып жүрміз. Осындай табылып жатқан тың деректер ақын мұрасының қаншалықты зерттелген сайын толыға түсетінін көрсетсе керек.
Зерттеу жұмысымда Шәкәрім шығармашылығын әдебиетіміздің даму тарихындағы өзгеге ұқсамайтын өзіндік босу, өрнегі бар рухани құбылыс тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, оның бүкіл әдеби мұрасын зерттеу обьектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстым.
Әрине жекелеген шығармалары немесе белгілі біржанрдағы сіңірген еңбегі қаламгердің суреткерлік дәрежесін, көркемдік ой жүйесін таныта алады.Ал Шәкәрім сынды сан қырлы талант иелерінің шынайы тұлғасын сомдау үшін, ұлттық әдебиеттегі орнын нық толтыру үшін оның бүкіл әдеби мұрасына үзілмес желі болып тартылған көркемдік ойдың қазығын пайымдап, эстетикалық мұраттары мен темірқазық идеаларының түп тамырына үңіле отырып, тиянақты әрі тұтас ғылыми тұжырым қалыптастыру қажет.
Қазақ әдебиеттану ғылымында дәстүр мен жаңашылдық, дәстүр мен жалғастық әдебиеттің келелі мәселесі ретінде де, жекелеген ақын-жазушылар шығармашылығына байланысты да белгі бір дәрежеде қарастырылып келеді.
Зерттеу жұмысыма нысана болып отырған Шәкәрім шығармалары осы тұрғыдан зерттеле қоймағанымен, жалпы алғанда суреткер мұраларының әр саласы, түрлі мәселелері әр кезде сөз болып жүретіні ақиқат.
Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақынның шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар, соның ішінде адамгершілікке үндейтін пөлеңдері, поэмалары, мақал-мәтелдері, жұмбақтары жүйелі түрде жеке зерттелмегенінің куәсі боламыз. Ақын творчествосында рухани-адамгершілік құндылықтар ең өзекті тақырыптар. Ақын мақсаты адамның бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, адамды жақсылыққа тәрбиелеу. Осы  құндылықтарды  поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының  осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды. Сол себепті, Шәкәрім шығармашылығындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың поэзиялық бейленелуін, көркемдік шешім табуын дара зерттеу қазақ әдебиеті үшін кезек күттірмейтін қажеттілік деп білемін. Қазақ әдебиеттануында  Шәкәрім мұрасына байланысты бұл мәселелер жеке зерттелген жоқ.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері:
Шәкәрімнің шығармашылық жолын көркемдік-эстетикалық тұрғыдан талдап, ойшыл ақынның нәр алған бастауларын, оның қаламгер ретінде қалыптасуына ықпал еткен әдеби дәстүрлерді, рухани құндылықтарды зерделеуді мақсат еткен зерттеу жұмысымда алға қойылған басты мақсат Шәкәрімнің барлық жанрлардағы шығармашылық мұрасын, тұтас қарастыра отырып, оның түп негізінде жатқан рухани құндылықтардың қайнар көздерін ашу, сол арқылы халқымыздың рухани әлеміндегі біртуар құбылыс ретіндегі суреткерлік тұлғасын сомдау, ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын айрықша орнын айқындау болды.Осы мақсатқа жету барысында Шәкәрім шығармашылығына негіз болған, нәр берген қайнар бастауларын айқындау.Сол арқылы ақынның шабытын шыңдап, көркем ой қуатын қайраған ұлттық мұраларға тереңірек үңілу.Халықтық фольклор мен одан кейінгі әдеби мұраларға тереңірек үңілу.
Халықтық фольклор мен одан кейінгі әдеби мұралардың, Шәкәрім шығармашылығының өне бойына үзілмес берік желі болып таратылған шығармаларындағы рухани құндылықтарды саралау.
Шәкәрім шығармаларының рухани-адамгершілік құндылықтарын зерттей отырып, ұлттық әдебиеттегі аса ірі рухани-мәдени, көркем-эстетикалық құбылыс дәрежесіндегі орнын айқындау тәрізді қадау-қадау міндеттерді жүзеге асыру көзделді.
Шәкәрімнің шығармашылық жолы жөнінде трлі деңгейдегі ғылыми еңбектер жарық көрді дегенмен, Абайдан кейінгі ұлттық әдебиеттегі көрнекті суреткер, ақын, прозашы, ойшыл, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының бүкіл шығармашылық әлемін тұтас қамтып, толық әрі жан-жақты терең талдауға талпыныс жасаған біртұтас зерттеу жұмысы болғандықтан бұл курстық жұмысымның міндеттерінде:
Шәкәрім сынды сан қырлы талант иесінің барлық жанрлардағы шығармашылық мұралары әдеби дәстүр және жалғастық, көркемдік танымын және уақыт сабақтастығы тұрғысынан тұңғыш рет қарастырылды.
Адам образын бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын, адамның ішкі жан дүние сапаларын тірілту, жандандыру арқылы ерекше мәнде суреттеу тәсілін қалыптастырғандығы, сол арқылы «адамды түзету» идеясын көздегені, ал жеке адамның ішкі сапасының артуы бүкіл қоғамның болмысын айқындайтындығын шығармалары арқылы баян еткендігі талданады.
Зерттеуде осы мәселені анықтауға назар аударылады.