Саба? жоспары Биологиялы? ж?йелердегі зат алмасу


9-сынып Биология
Тақырыбы: Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі.Фотосинтез.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға зат алмасу, өздігінен реттелу, фотосинтез процесін түсіндіру.
ә) Оқушыларды тазалыққа, ізденіске, табиғатты сүюге тәрбиелеу
б) Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту:
-Венн диаграммасы «Прокариот» «Эукариот»
-Кішігірім дөңгелек стол
ІІ. Мағнаны ажырату
Ассоц. карта «Зат алмасу»
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта сыртқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды.
Зат алмасу - Метаболизм
Екі процес арқылы жүреді
Ыдырау Синтез (түзілу)
(катоболизм немесе диссимиляция)                      (анаболизм немесе ассимиляция)
 Күрделі зат Қарапайым зат Қарапайым зат Күрделі зат

Энергия түзіледі Энергия жұмсалады 1.АТФ
2. «кофермент НАДФ*Н

Энергетикалық алмасу                             Пластикалық алмасу
Фотосинтез
Барлық жануарлар және адам өсімдіктер қорға жинаған энергия есебінен өмір сүреді. Мұнда энергияға өзгерген химиялық байланыс жаңадан ағзалық қосылыстарға синтезделеді.
Фотосинтез дегеніміз – жарық энергиясының химиялық байланыстар энергиясына өзгеруі барысындағы үдеріс.
Жарық сатысы тек күндіз,жарықта ғана жүре алады. Бұл сатыда Күн жарығының энергиясы АТФ байланыстарының химиялық энергиясыеа өзгереді.
-хлорофилдің жарық квантынжұтуы
-АТФ синтезі
-су фотолизі
Қараңғы сатысы. Бұған жарық сатысында түзілген химиялық рекакциялар өнімдері қажет. Ал жарықтың қажеттілігі жоқ. Қараңғы сатысының нәтижесі АТФ энергиясы есебінен атмосфералық СО2 ден глюкоза молекулаларын синтездеу болып есептеледі.
Фотосинтездің жалпы формуласы: 6СО2 +6 Н2О+ жарық = С6Н12О6 +6О2
Фотосинтез факторларыІшкі факторлар бұл өзінің фотосинтездеуші ағзалармен анықталады. Олар, әдетте негізгі генініңде қаланған. Бұл хлоропластардың мөлшері, хлорофилдің саны және типі, өзгеде пигменттерден (мысалы, құрлық өсімдіктерінде қосалқы рөл атқаратын каротиноидтер), ферменттер тиімділігі, жапырақтың мөлшері, пішіні және орналасуына, лептесіктер санының және т.б болады.
Сыртқы факторлар қоршаған орта жағдайлармен анықталады. Бұл түсетін жарық  мөлшері, өсімдіктерге  қолайлы  ылғал  мөлшерінің  жеткілікті  болуы,атмосферадағы  көмірқышқыл  газының  концентарциасы   және  қоршаған ауа температурасы.
Фотосинтез және тыныс алудың өзара байланысы. Бүкіл көпжасушалы ағзалардың жасушасы тәрізді өсімдіктер жасушасының құрамында митохондриялар – аэробты тынысалу жасушалық орталығы болады. Сондықтан өсімдіктің барлық жасушалары тыныс алады және тыныс алу кезінде оттегін жұтады.
ІІ.Ой толғау
Ғаламшарымыз биосфераның қай үдерісі арқасында сыртқы көздерден энергия алады ?
Ғаламшарымызда қай ағзалардың арқасында тіршілік пайда болады? Өзойларыңды айтып негіздеңдер.
Метоболизм дегеніміз не ?Метоболизм процестері ?Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек
Үйге: Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі.Фотосинтез.