?ыс?а мерзімді жоспар. Жаратылыстану п?ні. 1-сынып. Та?ырыбы: ?сімдіктерді? ?суіне ?ажет жа?дайлар.


Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1B бөлім: ӨсімдіктерМектеп: «Қ. Рысқұлбеков атындағы №Рысқұлбеков атындағы №33ЖОББМ» КММ
Күні: 5.10.2016 Мұғалімнің аты-жөні : Ибраева Жангуль Бауыржановна
Сынып: 1В
Қатысқандар: 19
Қатыспағандарсаны: 0 Сабақ тақырыбы
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.Өсімдіктер. Гүлдейтін өсімдіктердің бөліктері және маңызы
Сабақтың мақсаттары1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу
Жетістік критерийлері Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды (ауа, су, жарық, жылу, қорек) анықтайды.
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғат құбылыстарымен сәйкестендіреді.
Сөздік қор Жағдай
Құндылықтарды дарыту Сынып ұжымын қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар АКТ. Тәжірибе жасау барысында іс-әрекеттердің белгілі бір кезегін (алгоритмін) сақтау
Алдыңғы меңгерілген білім
Өсімдік мүшелерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін көрсетіп, өсімдіктерді сипаттайды (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс); Тамыр- өсімдіктің жерасты бөлігі, ал сабақ, жапырақ, гүл және жемістер жер үсті бөлігі екенін білу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, алдымен шеңберге жиналып, өлеңді іс-қимыл жасау арқылы айтуды ұсыну.
(Ұ) Армысың , алтын күн! (Күнге қарап бас иеді)
Көгілдір көк аспан! (Аспанға қолдарын жаяды)
Бармысың құстарым! (Құстарға қол бұлғайды)
Қанатты достарым ! (Құсша қанат қағады)
Суларым таза ма? (Оң қолын оң жаққа созады)
Талдарым аман ба? (Сол қолын сол жаққа созады)
Бас ием тауларға (Бастарын иеді)
Жамылған қарларға (Қолдарын жоғары созады)
Жайқалған даланы (Қолдарын жан – жанқа соз)
Табиғат ананы (Алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)
Көруге сағынып (Қолдарын жүрек тұсына қояды)
Келген біз балаңыз (Бастарын иеді)
(Ұ) Ойын жүргізу. Пантомима.
Оқушылардан сау өсімдікті көрсетуді сұрау. Содан кейін солып бара жатқан өсімдік қандай болатынын сұраңыз.
Ол неге осындай болды?
Оған не жетпеді?
Өсімдіктерге өсу үшін не қажет? Сабақ ортасы
(Ұ, МК) Сурет бойынша жұмыс.
Екі суреттегі өсімдік­­ терді салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талдап, өзде­ рінің­ жасаған болжамдарының дұрыстығын дәлел­ деуді тапсырыңыз.
(ЖЖ) Оқушыларды жұптастырып бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыну.
Алаңқай. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін, ал қай жерде өте жақсы өсетінін сұраңыз. Неге бұлай болатынын сұраңыз. Шыршалы орманның фотосуретін көрсетіңіз. Толық сөйлемдермен суреттеуді өтініңіз. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауды ұсынуға болады. Оқушылар шыршалы орманның өте қараңғы болатынын, онда жарықтың аз түсетінін, сондықтан ешнәрсе өспейтінін айтуы мүмкін. Салыстыру үшін алаңқай немесе жапырақты орманның суретін көрсетіңіз. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен “өсімдікке жарық қажет” деген қорытынды жасай алатындай етіп ұйымдастырыңыз. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке күш-қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттар түзетінін түсіндіріңіз.

Шөл. Оқушыларға шөлді жерлердің, орманның суреттерін көрсетіңіз, оқушылар суреттерді салыстырсын. “Неге өсімдіктердің барлығы шөлді жерде тіршілік ете алмайды?” деп сұраңыз. Оқу­ шылар өз жауаптарын негіздесін. Тамыр туралы өткен сабақты естеріне түсіріңіз. Шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзындығы қандай? Неге?
Сергіту сәті.
(ОТ,Т) Тәжірибелік жұмыс жүргізу. Жұмысты еркін құрылған топтарда ұйымдастырыңыз.
Нұсқаулар
Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқушының атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу.
Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отырғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою.
Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою.
Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.
Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау.
Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала өнген тұқымдар арқылы да жасауға болады.
Оқушыларға нәтижесінде не болатынын болжауды тапсырыңыз. Тұқымдар,
3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздар
Сабақтың соңы (Ө) «Өсімдік бөліктерінің атауларын жазу» суретке қарап қай өсімдік қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байлданыстырып сызу және түсіндіру.
Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау. Орындау жылдамдығы мен тазалығына назар аудару. Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға көмектесу.
Рефлексия.
Бүгін сабақта: Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Өсу үшін өсімдікке не қажет?» тапсырмасын орындау барысында жазу дағдысы қалыптасқан оқушылар өсімдікке не қажет екенін жазады, ал жаза алмаса ауызша сурет бойынша айтуға болады. Оқушылар өсімдіктің өсуіне не қажет екенін айтып бере алатындарын бақылау арқылы бағалау. Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырған оқушыларды мадақтау. Сергіту сәттері, көзге арналған жаттығу