Сыныбы: 6А,Г К?ні:19.01.17ж Саба?ты? та?ырыбы: К?лдер жер асты сулары м?зды?тар Саба?ты? ма?саты : Білімділік: ?аза?станны? ?зендері мен к?лдері ж?не жер асты сулары, м?зды?тар туралы білімдерін тияна?тайды ж?не ?орытындылайды. Дамытушылы?: Саба


Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі
Сыныбы: 6А,Г Күні:19.01.17ж
Сабақтың тақырыбы: Көлдер жер асты сулары мұздықтар
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері және жер асты сулары, мұздықтар туралы білімдерін тиянақтайды және қорытындылайды. Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдылананады және ойлау қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік: Экологиялық білім ала отырып, жас ұрпақ туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиеленеді. Сабақ әдісі: CТО технологиясының элементтерін қолдану, тірек-сызба, сұрақ- жауап, өз бетімен жұмыс, картамен жұмыс, топпен жұмыс.Сабақ көрнекілігі: Слайд-презентация, электрондық оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, бағалау парағы, өзен көлдердің суреттері. Сабақтың өту барысының кезеңдері: 1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын тексеру. Үй тапсырмасы мынадай ойын элементі арқылы сұралады: Сұрақ-жауап арқылы оқушылар топарға бөлінеді.Топтардың аталуы мыныдай:А) Өзендер.1. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 000 не бар?2. Жайық,Жем, Сағыз бұл не?3. Қаратал, Лепсі, Ақсу бұл не?4. Есіл, Тобыл, Елек бұл не?5. Қазақстанда 7 ірі не бар бұл не?6. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су қалай аталады?Ә) Көлдер және бөгендер.1. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 48 000 –дай не бар?2. Каспий Арал Балқаш бұл не?3. Зайсан, Қарасор, Көкшетау бұл не?4. Шардара, Бұқтырма, Қапшағай бұл не?5. Қазақстанда 4 000 не бар?Б) Жер асты сулары.1. Грунт (еспе) суы қайда орналасқан?2.Артезиян суы қайда орналасқан?3. Минералды сулар қайда орналасқан?4. Жарықшақтың қат-қабатты типі қайда орналасқан?5. Қат-қабатты типі қайда орналасқан?6. Алмаарасан, Қапаларасан неге жатады?В) Мұздықтар және бөгендер.1. Республиканың барлық тауларында 2724 не бар ?2.Алтай, Сауыр жоталары басында не орналасқан ?3. Іле Ала тауындағы Шокальский бұл не?4. Сауыр жотасында 18 не орналасқан?5. Өзендердің негізгі су көздерің бірі не?6. Қазақстанда 2724 не бар ?I Қызығушылықты ояту .ІІ. Мағынаны тану: КубизмЗерттеңіз1. Өзенге2. Көлге3.Жер асты суына4.Муздыққа зерттеу жүргізің?Суреттеу1.Қазақстанда ішкі сулар қалай таралған? 2. Қазақ ақын жазушылары ішкі суларды қалай суреттеген?Қарсы шығыңыз1. Қазақстанның ішкі сулары қалай ластануда?2. Экологиялық жағдайы?Қолданыңыз1. Қазақстанның ішкі суларын қалай тиімді шаруашылықта пайдалануда?III . Ой толғаныс. Оқушыларға Қазақстанның ішкі суларын картадан көрсету.Электронды оқулық пен жұмыс істеу.Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау бетшесі арқылы бағалау. Үйге тапсырма: Қазақстанның ішкі сулары туралы эссе жазу.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында қазба байлықтардың мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр. Алайда, шикізат көзі өлшеусіз емес, бір күні ол да шегіне жетеді. Техника ғылымдарының кандидаты, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми бағдарламалар орталығының директоры Кенжеғали Шилібек мырза баламалы қуат көзінің болашағы туралы аз-кем әңгімелеп берген еді.–Елімізде энергияға сұраныстың жай-күйі қалай?–«British Petroleum» статистикасына сүйенсек, 1900 жылдан бері адамзат саны - 4 есе, нақты табыс -25 есе, ал энергияны тұтыну 22,5 есе өсіпті. Яғни, тұрғындар саны мен табыстың өсуі энергияға сұранысты арттырады. Соңғы жиырма жылдың ішінде әлемдегі халықтың саны 1,6 млрд-қа жетіп, ал нақты табыс 87 пайызға өскен. Келесі онжылдықта 100 пайызға жететініне күмән болмаса керек-ті. Жер тұрғындарының саны өскен сайын қажеттілік те артады. Еліміздегі энергетика секторының соңғы жылдардағы статистикасына сүйенсек, жалпы өндірілетін электр энергиясына шаққанда жылу электр стансалары – 87 пайызды, су электр стансалары – 12 пайызды, басқалары – 1пайызды құрайды екен. –Осы ретте баламалы энергия көздерін дамыту қашаннан бастап қолға алынды?–Жалпы, балама энергия көздерін қолдану 1973 жылы мұнай дағдарысынан кейін басталды. Көмірсутегінің бағасы күрт қымбаттап, көптеген Еуропа елдері балама энергия көздерін пайдалануға бет бұрды. Мәселен Дания, Испания, Германияда жел энергетика саласын дамытуға ден қойды. Қазіргі таңда бұл мемлекеттердің энергетика секторындағы жел қуатын кәдеге жарату 20 пайызға жетіп отыр. Әлемдік деңгейде бұл өте жақсы көрсеткіш.Республикамызда баламалы энергия көздерін дамытуға қолайлы жағдай жеткілікті. Әсіресе, географиялық орналасу жағдайына қарай күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі мол. Мәселен, Қазақстанда жылдық күн энергиясының потенциалы 340 млрд тонна шартты отынды геотермалды қуат күші 100 млрд тонна шартты отынды, ал гидроэнергияның әлеуеті 170 кВт-ты құрайды. Мал және құс қиларын қайта өңдеу арқылы 2 млн тоннаға жуық биогаз алуға болады. Жел энергиясының потенциалы жылына 1820 млрд кВт.сағатты құрайды. Жел ресурстары бойынша ТМД елдерінің қатарында Ресей мен Тәжікстаннан кейін үшінші орынды иемденеміз. Жаңғыртпалы энергия көздерін игеру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. –Мемлекеттік қолдаудың қандай да бір нақты бағдарламасы қабылданды ма?–Әрине. Мәселен, «2024 жылға дейін орнықты даму мақсатында Қазақстан Республикасының энергиясы мен жаңартылатын ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы» бекітілді.БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен «Қазақстан - жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» атты жобасы табысты өтті. Оның басты мақсаты – жел энергиясын өндіру көлемін 2024 жылы 2000 МВт жеткізу болып табылады. Еліміздегі энергетиканың салалық бағдарламалары бойынша 2014 жылы баламалы энергия қуатын өндіру көлемі 1 пайызға жетуі керек. Бұл салаға 2011-2014 жылдар аралығында 7 млрд доллар инвестиция жұмсалады.Бұл, әрине, баламалы энергия көздерін игерудің тамаша бастамасы. Алайда, тың өндіріс саласы болғандықтан, оны дамытып, түбегейлі зерттеу, қолданысқа енгізу өзекті мәселе болып отыр. Оның шешу тетігі көп ғалымдардың қолында деп ойлаймын.–Ғалым ретінде қандай ұсынысыңыз бар?–Қазақстанда балама энергия көздерін қалыптастыру үшін әр аймақтың географиялық ерекшелігіне, экономикалық жағдайына байланысты инновациялық бастамаларды енгізудің екшеліп сараланған үлгісі болуы да маңызды нәрсе. Экономикалық, сапалық, экологиялық тиімділігі негізделіп, еліміздің қай өңірінде қандай балама энергия көзін қолдану керектігі айқындалып, бекітілуге тиіс. Жоғары оқу орындарында осы салаға қажетті мамандарды даярлау да назардан тыс қалмағаны жөн. Балама энергия көздерін зерттейтін отандық ғылыми-зерттеу институттары, арнаулы конструкторлық бюролар, өндірістер ашылып жатса, ілкімді іске өріс берері сөзсіз. Қорыта келгенде, дәл осындай қарқынмен дәстүрлі энергияға тәуелділікті жойып, қуатты өндірудің баламалы көздеріне көшуге мүмкіндік туары анық. Сол арқылы еліміз шикізатқа тәуелділіктен біржола құтылып, тұрақты экономикалық-экологиялық даму жолына түсе алатынына сенімім мол.  


Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.
BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.
Жоспар.
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) энергияны пайдалану жолдары
б) күн энергиясы
III. Зерттеу бөлімі
а) күн энергиясын тиімді пайдалану әдісі
ә) күн энергиясының тиімді және тиімсіз жақтары
б) күннен ток алу сызбанұсқалары
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артып келе жатыр. Бірақ мұнай, көмір, газ және т.б. қоры шексіз емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: энергоресурстарды үнемді жұмсау және баламалы энергия көздерін пайдалану.
Қазіргі заманды электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергиясын алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оны географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңыздылығы — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады.
Энергияны пайдалану жолдары
Әлемде энергия қоры тапшы. Сондықтан болар, дамыған елдің бәрі баламалы энергия көзін қолданысқа енгізумен әлек. Күн, жел энергетикасы сынды қуат көздерін дамыту бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналып келеді. Тіпті, елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынылған тақырып та осыған орайлас, яғни, «Болашақтың энергиясы!»
Жел энергиясы жөніндегі әлемдік кеңестің мәліметі бойынша, 2020 жылы жел электр стансалары өндіретін электр энергиясының көлемі жаһандық тұтыну деңгейінің 12 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.
Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздақтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор. Экспорттық бағамдау негізінен алғанда еліміздің құрамына гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіретін ресурстық әлеуеті 1 триллион кВт/сағат мөлшеріне тең деп жобалануда. Ақиқатында Қазақстандық жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды. Бұл ретте Жоңғар қақпасында толассыз соғатын қуатты жел екпінін және Алматы қаласындағы Шелек ауданындағы жел энергиясы көздерін атауға болады.
Күн энергиясы
Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы.
Жел энергиясы жөніндегі әлемдік кеңестің мәліметі бойынша, 2020 жылы жел электр стансалары өндіретін электр энергиясының көлемі жаһандық тұтыну деңгейінің 12 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.
Зерттеу бөлімі
Күн көзінен ток алатын батарея
Күннен көзінен ток алатын батарея немесе жұқа қабыршақты фотоэлектрондық түрлендіргіш деп аталынады. Күннен ток алатын батареяның жарамдылық мерзімі шектелмеген, даусы шықпайды, жанар жағармай құюдың қажеті жоқ, бөлек бөлмеге қоюдың қажеті жоқ. Бір күннен ток алатын батареяда ешқандай бұзылатын механика жоқ. Фотоэлектрондық түрлендіргішті алюминий рамкаларға бекітіледі. Батареяны шатырдың оңтүстік бөлігіне орнату керек. Оңтүстіктен күн сәулесі тік бұрышпен түседі. Ал солтүстіктен немесе батысқа қойсақ, күн ол жаққа диагонал бойынша түседі де, біраз күн энергиясын жоғалтамыз.
Батарея күн энергиясын жинап, электр энергиясына айналдырады. Батарея ток өткізгіш сымдар арқылы реттеушіге – аккумуляторға – инвенторға (ток тұрақтандырушы құрылғы 220В) жалғанады. Тұтынушы қажетті энергияны инвентордан алады.
Бұл - күн көзінен ток алатын батарея. Ол үйге қойғанға өте тиімді. Себебі бұл ешкімнен ток, жылу сұрамайды. Күннен тоқ алатын батарея тек қана жарық беріп қоймай жылуды да береді және қоршаған ортаға, мемлекетімізге зиянын тигізбейді. Күндіз токты өзінің аккумуляторына жинап алып, түнде береді. Күннен ток алатын батареяның пайдасын есептеп көрейік. Орташа есеппен көктемгі күндері тәулігіне 10 сағат күн шығатын болса, әрбір ток беретін батареямыз сағатына 500 Вт ток берсе, онда 10х500=5кВт\сағ. ток береді. Бұл дегеніміз:
тоңазтқыш күніне 700 Вт (құжатында жазылған), теледидар 80 дюймді 100 Вт 100х6=600Вт ( тәулігіне 6 сағат қосылса), лампалар З0 Вт 180x6=1080 (6 лампа күніне әр қайсысы 6 сағаттан жанады)
Үйді жылытатын батареялар 1,5кВт тәулігіне, қысқа толқынды пештер, электропештер 700 Вт, насос, үтік, зарядкалар З00 Вт.
Есептесек:
700Вт+600Вт+1080Вт+1,5кВт+700Вт+300Вт=4,88кВт. Ал қалғанын акумуляторға жинайды.
Күннен ток алатын батареяның тиімді жағы:
Салмағы аз
Мықтылығы
Қайта жөнделеді
Ұзақ уақыт жұмыс істейді
Қоршаған ортаға зиянын тигізбейді
Даусы шықпайды
Ең бастысы тегін ток және жылу алу
Күннен тоқ алатын батареяның тиімсіз жағы:
Батарея - қымбаттау
Үлкен орынды алады
Қатты соққы тисе сынып кетеді
Жыл мезгіліне байланысты ток береді
Түнде жұмыс істемейді
Қорытынды
Қазір біз электроэнергияны үнемсіз пайдаланамыз. Үйде немесе кеңселерде, мектепте жарықты керек болмаса да жағып қоямыз, теледидар компьютерді өшірмейміз. Супер маркеттерде, дүкендерде тоңазытқыш, желдеткіш күндіз-түні қосылып тұрады, яғни қай салада болмасын ысырап мол. Мұның бәрі кәсіпкерлердің қалтасын қағып қана қоймай, еліміздің экономикасына елеулі зиян келтіреді және экологиялық дағдарысқа әкеледі. Сондықтан, күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын фотоэлектрондық түрлендіргіштерді тұрмыста пайдалануымыз қажет. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. Себебі, Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. . Ең бастысы, ол Қазақстанның қажеттілік туындап отырған өңірлеріне күн сәулесі энергетикасын ауқымды ілгері жылжытуды бастауға бағасы мен саны жағынан қолжетімді болуы тиіс.
Қазақстанның оңтүстік облыстары тұрғындары өз тіршілігінің ажырамас бөлігіндей, күн сәулесі энергетикасына үйренуіне қол жеткізу керек. Бұл нарықты қалыптастырады және қазақстандық өндірушілерге күн сәулесі батареяларын шығаруды арттыруға, олардың құрылымдары мен техникалық сипаттамаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылыми –техникалық мерзімдік басылымдар
а) Электроэнергетика
ә) Энергия.Экономика. Техника
О.Мұсабеков. Ғылыми-технологиялық революция кезеңінде физикалық білім беру. Математика және физика журналы 2003 ж №5
«Күннің құрылымы және негізгі сипаттамалары».
«Күн- жер байланысы». С. Түяқбаев, Б.А. Кронгард, В.И. Кем.
«Физика, математика және информатика» журналы № 4 2005 ж.
7-11 сынып физика және астрономия оқулықтары
Мектеп баспасы 2004-2007 ж
Аннотация
Қазіргі заманды электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергиясын алудың экологиялық таза көзі Күн энергиясын тиімді пайдалану әдістері мен фотоэлектрондық түрлендіргішті құрастыру және орнатудың тиімді жолдарын көрсетті. Тәжірибе барысында өзіндік көсқарасы мен жаңашыл электр энергиясын үнемдейтін жоба ұсынды.
Аннотация
Современность нельзя представить без электрической энергии. В работе показали эффективные пути получение электрической энергии из экологически чистой солнечной энергиис использованием методов фотоэлектронных инвенторов. В ходе опыта предложил новый взгляд на экономию электрической энергии.
Summary
Nowadays, the electric energies are impossible to imagine. That’s why the electric energies are received of the Solar Sun’s power to use for the ecological cleaning and photo-electronically difference and we take the important way of improvement/ this research work is shown the outlook and the innovation of electric energies to economize the matters.