Презентация по казахскому языку на тему Олжас Сулейменов.Антиядерное движение Невада-Семей


Невада-Семей Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады Олжас Омарұлы Сүлейменов – ақын, қоғам қайраткері. Ол 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1992 жылдан бері Қазақстанның халық жазушысы атанды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Сол жылы ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу сәтіне арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы арқылы көпшілікке танымал болды. Сондай-ақ «Қыш кітап», «Кактус», «Өлмейтін кұмырсқа» поэмаларымен қатар, «Шапағатты шақ», «Талма түсте тағы бір қайталап», «Әр күн – арайлы таң», «Кемер» атты кітаптары мен бірнеше тіл сөздерінің этимологиялык талдауларына арналған «Аз и Я» кітабы, «Язык письма» атты филологиялық зерттеу еңбегі жарық көрген.О.Сүлейменов қазақ кино өнерін дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Соңғы өткел», «Үндістан сазы», «Жастық шақ заставасы» кинофильмдері түсірілді. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аударылды. Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы болды. КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді.