Та?ырыбы: «Мені? ?стазымны? бойында?ы ?асиеттер»


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі
Абушарипова Шынар Темирбековна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: «Менің ұстазымның бойындағы қасиеттер»
Мақсаты: Cеминардың әдістемелік жұмысы ретінде қатысушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, келесі семинарларға қатынасу қызығушылығын қалыптастыру.
Құрметті әріптестер , бүгінгі «Педагогикалық әдеп» тақырыбында өткен семинарымызды қорыта келгенде ұлы ғалым Әл-Фарабидің «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек»  деген ағартушылық көзқарасын танытатын сөздерімен аяқтағым келіп тұр. Қазақ тілі сабағындағы «Ұстаз» тақырыбы бойынша мен Әбунасыр Әл-Фарабидің еңбектерін мысалға ала отырып, білімгерлердің өз ойларын айтқызамын . Сол сабақтың нәтижесіне сәйкес:
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:
(білімгерлердің пайымдауы бойынша)
  1. Дөрекілік
Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
ӘділетсіздікӨзін-өзі ұстай білмеуӘдепсіздікБалаларға немқұрайлы қарауӨзінің пәніне немқұрайлы қарауБілімгерлердің пайымдауы бойынша педагогтың бойында болу керек қасиеттер:
Мейірімділік
Балаларға деген шынайы махаббатЭмоционалдық байсалдылықӘділдікБалаларға деген зейінҚайырымдылықСергектікӨмірді сүйгіштікТіл табыса білу, бәрімен араласа білу Жігер Тренинг жаттығуларын жүргізу арқылы  осы қасиеттердің біздің бойымызда қаншалықты табылып жатқандығын байқап көрейік.

1. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған педагогтың бойында болу керек қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 
Сыйлыққа жазылған қасиеттер: рухани байлығы жоғары педагог, зерттеуші-ұстаз,мәдениеті жоғары педагог,парасатты тәрбиеші, жан-жақты әлеуметтенген оқытушы, ізетті-адал ұстаз,жарқын жүзді биязы ұстаз,әділ-шыншыл ұстаз,бала жанының нағыз бағбаны, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі тәлімгер, кәсіби деңгейі жоғары педагог, бәсекеге қабілетті шығармашыл педагог,өмірді сүйетін жігерлі шебер,эмоционалды байсалды ұстаз,беделді ұстаз, әдепті ұстаз, кәсіптік қабілеті жоғары педагог, жаратылысынан игі істерге ынтызар ұстаз,алғыр да аңғарымпаз ұстаз,білікті шебер,өр мінезді шебер,беделді шебер,әдепті шебер,кәсібін жақсы меңгерген шебер.
2. «Қайта байланыс» жаттығуы Оқытушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: - Бүгінгі семинарда ең бірінші не ұнады? - Өзің жаңадан не білдің? - Алған әсеріңіз қандай?
Семинарға қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.