«Жігіт с?лтаны» сайысы 8 сынып


Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі
А.М.Горький атындағы гимназия
«Жігіт сұлтаны» сайысы
8 сынып
Мұғалім: Ақышева Балайым Жансейітқызы
“Жігіт сұлтаны” – мектепішкілік ашық шара
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Наурыз тойына арналған мектепішкілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялаймыз!
 1-: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
 2-:Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думанҚырандардың қасында.
 3-:Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар!
 1-: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
2: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,Мектепте өнерімен болған сыйлы.8 А сыныптың ер жігіті,Шақырайық ортамызға ..................
3: Спортпенен білім жағын бір қосқанКем қалмаған талантпенен табысқанҚараңыздар ...................... ортадаТауды бұзар шын кіріссе намыстан -8 Б -сынып оқушысы
1: Біледі ол жақсы менен жамандыӨнерменен тамсандырған адамдыҚошеметтеп шақырайық ортаға................... атты жігіт болған сарбазды -8 В-сынып оқушысы 2: Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,Барлық істі тыңдау бар ойында.................................................. жігітті,Шақыралық қошеметпен ортаға -8 Г-сынып оқушысы
3: Көк байрағын көтеріп,желбіреткен қазақпын!
Түбі бірге бауырды,елжіреткен қазағы!
Сіздерге бүгін өзін таныстырған
.............................................. болатын
Жиналған бұл сайысқа барша халыққа
Бас иіп берді міне, сәлемін
8Д сынып оқушысы
1: Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсек:«Таныстырсам өзімді» - таныстыру«Ескірмейтін есті сөз» - сұрақ – жауап өнері«Күш атасын танымас» - білек күшін сынау«Құралайды көзге атқан» - мергендік шеберлігін сынау«Сегіз қырлы, бір сырлы» - өз өнерін көрсету
«Жеті атасын білмеген жетесіз», - жеті атасын атап беру және бата беру 2: Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:1 Қазақ тілі жөніндегі меңгерушісі 2 Кәсіподақ төрағасы 3 Қазақ тілі мұғалімі
4 Қазақ тілі мұғалімі
5 Дене шынықтыру мұғалімі
3: Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.Сәттілік тілейміз.
І: .Ей, тәкәппар дүние,Маған да бір қарашыТанимысың сен меніМен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.2-ші, 3-ші, 4-ші.ІІ: . Ей, жігіттер!Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,Ақтай білсең ата-баба үмітін,Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.
3:  №1 асық.Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
 Хандар:Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.
Батырлар:Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.
Билер:Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.
 №2 асық.Үш ұғым туралы сұрақ: үш жүзді атап бер: Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
 №3 асық.Жеті атаны талдап бер. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№5 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
 №5 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
 №6 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын ІІ. Сиыр – бұзау ІІІ. Қой – қозы ІҮ. Ешкі – лақ
 №7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір. Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
І. Ер өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай.Күш өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз білек күшін көрсетеді. Ортаға 1-ші және 2 -ші номерлі жігіттерімізді шақырамыз. 3-ші, 4-ші, 5-ші.
2: .Би болатын жігіттің,Төбеде болар жұмысы.Мерген болар жігіттің,Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.2-ші, 3-ші, 4-ші.3: Қазақта жігіттерді былай деп атаған!«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.1: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
 

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін әділ – қазыларға сөз береміз.Сау саламатта болыңыздар!
Мектептің жігіт сұлтаны – күшке, қайратқа, әзіл-әужаға, ақылға, шеберлікке, серілікке, түйіндей айтқанда, сегіз қырлы бір сырлылыққа ие болуға тиіс.