Салтанатты жиын Жас?лан ?йымына ?абылдау М??гілік елді? ?ландары


-307340-415290 Измагамбетова Зухра Амангелдіқызы
БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ЖОББМ
І санатты тәлімгері
Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынның
б а ғ д а р л а м а с ы
Мақсаты: оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік- танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
-мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Өткізілетін орны: мектептің спорт залы
Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер (ҚР туы, елтаңбасы), шарлар, «Жас Ұлан»
белгісі бейнеленген баннер.
Қатысушылар: барлық мектеп оқушылары, ұстаздар, әкімшілік өкілдері, маслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары т.б.
Шақырылатын қонақтар: ауыл ардагерлері, танымал қоғам
қайраткерлері, ардагер ұстаздар.
Барысы: I бөлім. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар салтанатты жиынға тұрады.
І-жүргізуші: - Құрметті Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің
оқушылары, салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар,
ұстаздар, ата-аналар!
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Туы салтанатты жиынға енгізілсін!
Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналсын! (Әнұран ойналады)
ІІ-жүргізуші: Сіздерді ұлттық мерекеміз -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
І-жүргізуші: Тәуелсіздік күні-ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн.Тәуелсіздікке ұмтылыс қашанда кедергі мен күреске толы болғаны баршаңызға аян.Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандықпен күрескен, барлық ғұмырын арнаған боздақтардың сан кешті еңбегі мен ерең ерлігін еске алатын қастерлі мереке бүгін.
Бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бүгінгі жиынымызға мектебіміздің озат, үлгілі, шәкірті ретінде 1-4 сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 14 оқушы, 5-10 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 19 оқушы қабылданбақшы.Бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз./ Әрбір «Жас Ұланға» қабылданатын оқушыны жеке таныстырып,
жетістіктері туралы хабарлайды. /
Шақырылған қонақтар, жастар ұйымының көшбасшылары жеке-жеке ұйымға қабылданушыларға төсбелгілерді және галстуктарды табыстайды.
Аға тәлімгер: Отанының ер ұланы,  Жер қайысқан қалың қол. Тәуелсіз ел ұланы Ант беруге дайын бол!Ант қабылдау рәсімі.\барлық оқушылар ант қабылдайды\Мен – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!2-жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім. Беретін бойға күш-қуат, жігер, Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
«Жас Ұланның» әнұраны орындалады.
Құттықтау сәті
І-жүргізуші:-Құрметті «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Батырова Жанар Сакеновнаға беріледі.
ІІ-жүргізуші: Келесі сөз кезегін ауыл әкімі Рахимов Олжас Мақсотұлына беріледі.
Мерекелік концерт.
І-жүргізуші: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді естен шығармайық!
Ән: «Шырқа, Жас Ұлан» орындайтындар Жасқайратова Айнара
Досқазиев Бекзат
Мақұлов Ердаулет
ІІ-жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
-Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Туы салтанатты жиыннан шығарылсын!
І-жүргізуші:- Осымен «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз