Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская


Желілі-рөлді ойын «Шаштараз»
Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне,бір-біріне көмектесуге және жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер: Екі шашатараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.
Балалар:-Сәлематсыздар ма?
Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.
Бәрі бірге:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз.
Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі-рөлдік т.б.ойындар.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?
Балалар:- Желілі-рөлдік ойын.
Тәрбиеші:- Ал сендер желілі-рөлдік ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар:«Дүкенші», «Асхана», «Дәрігер», «Шаштараз» т.б.
Тәрбиеші:- Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар:- «Шаштараз» ойынын ойнаймыз.
Тәрбиеші:- Балалар бұл ойынға кімдер керек?
Балалар:- Шаштараз, шаш қидыруға келетін аға-апалар, кассир.
Бірінші клиент шаш қидыруға келеді. (Асем)
Шаштараз:- Сәлематсыз ба?
Клиент:– Сәлематсыз ба?
Шаштараз:- Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
35890201664970Клиент:- Мен аздап шашымды қысқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз.
Клиент: - Менің шашым көп түсе береді, ол үшін не істеуім керек?
Шаштараз: - Мен сізге сабынсудың мына түрімен жууды ұсынар едім. Ол «Эйвон» компаниясының пайдалы сусабыны.
Клиент:- Рахмет! Мен осыны пайдаланып көрейін.
Шаштараз:- Міне мен шашыңызды қиып болдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Ұнады рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
4064006956425Кассир:- Сәлематсыз ба?
Клиент:– Сәлематсыз ба?
Кассир:- Сіз 500 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Рахмет, сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Екінші клиент шаш жұқартуға келеді. (Тілек).
Клиент:- Сәлематсыз ба?
Кассир:– Сәлематсыз ба?
37249101372870Клиент:- Сіздер де ерлер шашын қия ма?
Кассир:- Әрине солға қарай өтіңіз.
Шаштараз:- Сәлематсыз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлематсыз ба? Мен аздап шашымды жұқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартайын?
Клиент:- Мен үнемі төртпен жұқартатын едім.
Шаштараз:- Жарайды. Міне мен де болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:Әрине ұнады.Рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
444506828790
Клиент:– Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 300 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Үшінші клиент шаш сәндеуге келеді. (Амина).
31756351285240Шаштараз:- Сәлематсыз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлематсыз ба? Мен шашымды сәндейін деп келдім, мына көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?
Шаштараз:- Жүріңіз мына жерде шаш үлгілерінің журналдары бар, мүмкін соны қарап көрерсіз?
Клиент:- Мен мынадай етіп сәндегім келеді.
-317504552950Шаштараз:- Жарайды, жүріңіз, отырыңыз.
Клиент:- Бүгін менің туған күнім, соған дайындалып жатырмын.
Шашатараз:- А солай ма, туған күніңіз құтты болсын.
Клиент:- Рахмет! Бүгін мен ерекше әдемі болуым керек.
Шаштараз:- Әрине мен сіздің шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.
Клиент:- Олай болса жақсы болар еді.
Шаштараз:- Міне мен болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Рахмет! Маған өте қатты ұнап тұр.
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келеді.
Кассир:- Сәлематсыз ба?
Клиент:– Сәлематсыз ба? Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 800 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Тәрбиеші:- Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды, қалай ойын сендерге ұнады ма?
Балалар:- Ұнады.
Тәрбиеші:- Олай болса кейінірек тағы да ойнайтын боламыз, ал қазір қонақтармен қоштасайық.
Балалар:- Сау болыңыздар!
2787653787140