Екі ?рнекті? квадраттарыны? айырымыны? формуласы


Пәні: Алгебра Сыныбы: 7 «а» 2 сағ Күні:
Тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы
Жалпы мақсаты Тақырыпты оқу барысында қысқаша формулаларын қолданып, өрнектерді түрлендіруде, есептер шығаруды үйрену. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау.
Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету.
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру.
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы.
Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, деңгейлік тапсырма, формативті бағалау, кері байланыс орнату «екі жұлдыз, бір пікір», дарынды баламен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
Ұйымдастыру
кезеңі Психологиялық дайындық
Қайырлы күн-туған жер, Салем бердік достарым!
Қайырлы күн –туған ел! Сәтті өтсін бұл сабақ
Қайырлы күн-ұстазым Сәтті болсын күніміз!
Оқушыларды топқа бөлу үшін әр-түрлі формулалар жазылған парақтарды ала отырып топқа бөлініп, отыра қалады.
(а+b)2 (а -b)2 a2 –b2
Әр топта басшы таңдап қою. Топ басшыларына бағалау парағын беріп, өз қызметтерімен танысытыру, яғни әр дұрыс орындаған тапсырмасы үшін бір ұпайдан қойып отыру. 2 мин Бағалау парағы
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өткізу .
БІЛУ- 1 мин
Сабақтың тақырыбын айтып, оқушыларға мақсатын құрастыруды сұрау. Оқушылар мұғаліммен бірге өлең жолдарын айтып, карточкадағы формулалар бойынша топқа бөлініп, отыру.Отырып барлығы сыныппен жауап беріп отырады.
Оқушылар мақсатын құрастырып, бағалау критерийлерін айтады. Бағалау критерийлері:
Өз бетімен тақырыпты меңгеріп алу
Топта жұмыс істеуі
Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі
Тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы
ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту
Әр топтың үстелінде тұрған формуланың тұжырымдамасын айтқыздыру. Әр топ өздеріне берілген формуланы топ ішінде айтып алады. Топ басшысы топ ішінен оқушы таңдап, формуланың тұжырымдамасын айтқыздырады. (а+b)2=a2+2ab+b2 (Екі өрнектің қосындысының квадраты деп...)
(а -b)2=a2-2ab+b2 (Екі өрнектің айырмасының квадраты деп)
а2-b2=(a-b)(a+b) (Екі өрнектің квадраттарының айырымы деп... )
ТАЛДАУ- 5мин Сәйкестендіру тапсырмалары.
Интербелсенді тақтада жазылған сәйкестендіруге байланысты тапсырмаларды орындайды. Слайд №1 Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады. Әр топтан тақтаға топ басшысы таңдаған оқушы шығып орындайды.
ҚОЛДАНУ-15мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар
А деңгейінің есебі-ақ түсті
Көпмүше түрінде жаз.
1. (а + 4)2 3. (а – 2)(а + 2)
2. (3 – а)2 4. (2+а)3 Көпмүше түрінде жаз.
1. (а + 3)2 3. (х –3)(х +3)
2. (2 – х)2 4. (2+х)3
Көпмүше түрінде жаз.
1. (b + 2)2 3. (2 –а)(2 +а)
2. (а – 2)2 4. (а+с)3 Көпмүше түрінде жаз.
1. (с +4)2 3. (y –4)(y +4)
2. (3 –b)2 4. (x+3)3
В деңгейінің есебі- сары түсті
Өрнекті ықшамда.
1. 5(5 – 3х)2 –5(3х –7)(3х + 7)
2.(х+6у)2–(6у+5х)(6у-5х)+ +х(12у–6х) Өрнекті ықшамда.
1. (а+1)2 +(а–1)2– 5(а–1)(а+1)
2.(а–3в)(а+3в)+(2а–3в)2–
-4а(в–а)
Өрнекті ықшамда.
1. (х – 1)2 – 4(х +1)2–6(х+1)(х – 1)
2. (3а – 1)(3а + 1) – (3а – 1)2
Өрнекті ықшамда.
1. (х+1)2+3(х-1)2–3(2х+1)(2х–1)
2. (4а – 2)(4а +2) – (4а – 2)2
С деңгейінің есебі-көк түсті
Теңдеуді шеш.
8х(1 + 2х) – (4х – 3)(4х + 3) = 6х + 3139
Теңдеуді шеш.
(6х – 1)(6х + 1) – 4х(9х + 1) = - 6261
Теңдеуді шеш.
х – 3х(1 – 12х) = 11 – (5 – 6х)(6х + 5) – 3116
Теңдеуді шеш.
х-3х(1-12х)=11-(5-6х)(6х+5)
Қосымша тапсырма- күлгін түсті
Жұлдызшалардың орнына сәйкес коэффициенттерді немесе әріптерді қой
1. ( * - 9с)2 = 36а4 – 108а2с + 81с2
2. (15у + *)2 = 225у2 + 12х3у + 0,16х63. (а - *)(а + *) = а2 – 9х2у2
4. (9 + 10р4)(9 – 10р4) = 81 - *
5. (12у - *)2 = 144у2 – 120ху + 25х2
6. (3 – а)(3 + а)(9 + а2) = 81 – *
Дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін. Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.
Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.
Сергіту сәті 2 мин «Қызыл өрік» биі қосылады. Интербелсенді тақтада. Оқушылар әнмен бірге билеп, сергіп қалады.
ЖИНАҚТАУ-10мин
Оқушыларға тест тапсырмалары басылған қағаздар беріледі. ІІ нұсқада. Тест 6 бетте (Қосымша тест 7 бетте)
Тақтаға кілттері шығарып қою. Слайд №2 Оқушылар өз беттерімен орындайды. Дәптерлерімен алмасып, орындаған тесті кілттерімен сәйкестіріп, тексереді.
БЕКІТУ -3мин
Топтарға бүгінгі сабақ басында айтылған мақсатымызға жеттік пе жоқ па соны талқылауға уақыт беру, ортаға салуды сұрау. Оқушылар топта талдайды, ортақ нәтижесін қорытындылап, ортаға салады.
БАҒАЛАУ -3 мин
Топ басшыларына бағалау парақтарына ұпайларын қоюды сұрау.Оқушыларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, өз басымнан белсенді қатысқан оқушыларға 1 ұпай қосатынымды айту. Әр топ басшысы оқушылардың бағалау парақтарына ұпайларын жазады, дәптерлерін жинайды.
Үйге тапсырма №210. 30 сек Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия. 30сек.
Оқушыларға стикерелер таратамын. Кері байланыс орнату үшін «Екі жұлдыз, бір пікір» жазғыздырып алу. Стикерлерге «Екі жұлдыз, бір пікір» жазып кетеді.