Та?ырыбы :«Т?уелсіздік — ежелгі арман, ?ол жеткен м?рат» Ма?саты: Т?уелсіздік ??ымын т?сіндіру.Т?уелсіздік жолында ??рбан бол?ан ?аза? хал?ыны? жастарыны? ерлігімен таныстыру.?аза? еліні? болаша?ына сеніммен ?арау?а ?йрету. Т?рбиелігі: Ту?ан же


Тақырыбы :«Тәуелсіздік - ежелгі арман, қол жеткен мұрат»

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының жастарының ерлігімен таныстыру.Қазақ елінің болашағына сеніммен қарауға үйрету.
Тәрбиелігі: Туған жерді,елін сүйетін ұлтжанды , намысшыл, адамгершілігі мол патриот етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: буклет, плакаттар, қанатты сөздер,мультимедиа экран /слайд-шоу/
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Тарих беттеріне шолу ;видеороликтер
3.«Тәуелсіздік - ежелгі арман,қол жеткен мұрат» атты тақырыптың мақсатымен таныстыру. Топ жетекшісі: Менддеева З.Б.
4.Баяндама «Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері»
Баяндамашы: Зейнолла А.
Баяндама: «Тіл тағдыры -ұлт тағдыры»
Баяндамашы : Жетпісұлы Б.
Баяндама:«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның спорттық жетістіктері» Баяндамашы:Нысан Мағжан
.5. «Тәуелсіздік шежіресі» викторина сұрақтары.

Армысыздар, құрметті оқытушылар,студенттер!
Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік - ежелгі арман,қол жеткен мұрат» атты тәрбие сағатымызға қошкелдіңіздер!Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз.Біріншісі-еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл, сол тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл.Бұл бір-бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар.Бұның бәрі бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздік.Азаттық.Бостандық.Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті, қастерлі ұғым болған емес.Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады.Сол ұлы мақсатқа күресіп қан төкті.Тәуелсіздік-мағынасы зор,тамыры терең ұғым.Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткенін білу үшін,тарихқа көз жүгіртейік.Тарих- өткенімізді таразылап, болашағымызға үміт - сеніммен қарауға үйретеді. Өткенге шолу жасасақ, қазақтың ұлан-ғайыр даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен жаудан қорғаған бабаларымыз ата-мекен жерімізді кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды.Сол бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізу әр қазақтың арманы болатын...
Ендеше, Экранға назар аударайық; «Қазақ елі» тарих парақтары сыр ақтарады.
1723-1727 ж. Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды » деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылдық халге душар етуі өте ауыр болды. Қазақтардың көбі Орта Азия мемлекеттерінің аумағына қарай ауысты.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айырлған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді -деген қилы кезеңдерді бастан өткізген.

1730ж Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға-Аңырақай шайқасы.

1836ж Бөкей хандығы азаттық көтерілістердің біріболды.Халық көтерілісін И.Тайманұлы,М.Өтемісұлы басқарды.Сонымен қатар,1837-1847 ж.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
«Алаш»партиясының басшылары:А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М. Дулатов.
Экранға назар аударайық : 1941-45жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары.

Ерекше ерлік көрсеткен:Б.Момышұлы,Қ.Қайсенов,Т.Бигелдинов,Н.Әбдіров
С.Нұрмағамбетов,жас офицер Р.Қошқарбаев «Халық қаһарманы» атағын алды.
1986ж.Желтоқсанда отты оқиға болды.Тәуелсіздік аңсаған жастардың ұлттық намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан,бұл оқиғанын құрбандары: Қ.Рысқұлов, Л.Асанова ерліктері халқымызға танымал.

Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеуденің кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзінің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана тілінде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.
«Желтоқсан » өлеңін оқитын Зейнелов Ерболат
Төл тарихымыздың жаңа кезеңі жаңғыру кезеңі басталды. Бір кездері арман болған тәуелсіздікке біздің қолымыз жетті, ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салиқалы саясатымен қазақ елін әлемге паш етуде.
Баяндама:«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның спорттық жетістіктері» Баяндамашы :Нысан Мағжан.

Ендеше экранға назар аударайық:«Тәуелсіздік таңы» видеоролик.
«М-31» тобының студенті Аманкелді Исламның Тәуелсіздікке арнап салған шығармашылық суреттері жөнінде баяндауда.
Баяндама: «Тіл тағдыры -ұлт тағдыры» Баяндамашы : Жетпісұлы Берікбай.

Р.Акділдаевтың орындауында «Мен қазақпын» өлеңі.
«Тәуелсіздік шежіресі » танымдық викторина сұрақтары
1.Қазақстанда тұңғыш Президент қашан сайланды?
2.Қазақстанда тұңғыш Конституция қашан қабылданды?
3. Еліміздің жаңа нышандары қашан бекітілді?
4. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
5. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болды?
6. Қазақстанның төл теңгесі қай жылы шықты?
7. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылын атаңыз ?
8. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші қай жылы ашылды?
9. Елорда Астанаға қай жылы көшірілді ?
10. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік заңы қай жылы қабылданды?
11. Азияда ойындары Қазақстанда қай жылы өтті?
12. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылды қандай жыл деп белгіледі?
Баяндама «Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері»
Баяндамашы: Зейнолла А.
Топ оқушыларының орындауындағы «Атамекен» әні

Әрбір мәдениетті, білімді, парасатты, саналы азамат адам мемлекетіне, халқына
адал қызмет атқаруы тиіс.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың баға жетпес саясатының арқасында
ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған қол жеткізген, асыл мұрамыз- Тәуелсіздік туын
қастерлеп, баянды бақытымызды бағалай білейік.