Сайыс саба? «?ЗДІК МАМАН» бай?ауы


"Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандығының студенттеріне арналған
«ҮЗДІК МАМАН» байқауының
ӘЗІРЛЕМЕ
Дайындаған: Хазы Алмагуль
«Үздік маман» байқауы
Байқаудың мақсаты:
Білімділік: мамандық бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтау, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту.
Тәрбиелік: білімге қызығушылығын арттыру, жауапкершілік сезімге, ұйымшылдыққа, өз мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу.
Байқаудың түрі: іскерлік, ойын-сайыс.
Әдісі: сайыс.
Пәнаралық байланыс: іс жүргізуді ұйымдастыру, мұрағаттану, хатшылық іс, мамандандыру, аударма теориясы, офистік жабдықтар және қолданылуы, компьютерлік технология.
Кабинеттің жабдықталуы: интерактивті тақта, ламинатор, түптеу машинкасы, қағаз жоюшы машинка, әр оқушыға арналған арнайы индикатормен жабдықталған жұмыс орны, трибуна, қалам, қағаз.
Байқауға 051000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттері қатысады.
Байқауды бағалайтын әділ-қазылар: Колледждің іс қағаздарын ұйымдастыру пәнінің оқытушысы Хұрмет Кенжебек,
Игибаева Аида, Хазы Алмагуль.
Байқаудың жоспары:
І кезең - «Бәйге»;
ІІ кезең - «Полиглот»;
ІІІ кезең - «Ғажайып үштік»;
ІҮ кезең - «Жорға»;
Ү кезең - «Іскерлік»;
Қорытынды бөлім.
Байқаудың барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиылған қауым, қадірлі қонақтар, ұстаздар және «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» студенттер!
2 - жүргізуші: «Үздік маман» байқауына қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың мақсаты, байқауға қатысқалы отырған білімгерлер, сендердің алған білімдеріңді ойын арқылы насихаттай отырып, болашақта өз мамандықтарыңның қыр-сырын ашып, көрсете білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, сіздердің бұл байқауда тапқырлықтарың, шеберліктерің мен жылдамдықтарың сыналады.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, жанкүйерлер, ендеше бүгінгі байқауға қатысатын студенттермен таныс болыңыздар:
Тасмағанбетова Кенжегуль
Малдыбай Диана
Шулгаубаева Урия
Параманова Анна
Аманжол Бибінұр
1-жүргізуші: Байқауымызды бағалайтын әділ-қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар: Колледждің іс қағаздарын ұйымдастыру пәнінің оқытушысы Жоламанова Нағима Ахметқызы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жібек Санатовна.
1-жүргізуші: Байқау 5 бөлімнен тұрады.
І кезең - «Бәйге»;
ІІ кезең - «Полиглот»;
ІІІ кезең - «Ғажайып үштік»;
ІҮ кезең - «Жорға»;
Ү кезең - «Іскерлік».
2- жүргізуші: Дайын болсаңдар байқауымызды бастаймыз. Мұқият болыңыздар!
1-жүргізуші: Байқауымыздың І кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде берілген сұрақтарға «тетікті» басу арқылы жауап бересіздер. 12 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
І. «Бәйге» кезеңінің сұрақтары.
Заңды көркемделген құжаттар тізімі (істер тізімдемесі)
Құжаттың құрамдас бір бөлігі не жеке элементі (деректеме)
Өздігінен стандартты шешімдер қабылдай алатын, басшының жұмысын жеңілдететін мекеме қызметкері (хатшы-референт)
Экранда позицияны көрсететін арнайы индикатор (курсор)
Құзырлы мекемелер бекіткен ережелер, нормалар, талаптар жиынтығы(стандарт)
Құжаттарды сақтауға арнайы жабдықталған бөлме жай (мұрағат қоймасы)
Температура-ылғалдылықты өлшейтін құралдар (термометр, психрометр, гигрометр)
Сыртқы құрылғыларды басқаруға арналған арнаулы аралық бағдарлама қалай аталады? (драйвер)
1 байтта неше бит бар? (8)
Дырокол, степлер, скотч, клей, қалам – қандай құрал түрлері? (кеңселік құралдар)
Жазу машинкасының мөлшермен алғандағы салмағы? (16-18 кг)
Тұрақты деректемелері бар, ауыспалы деректер үшін орын қалдырылған ақ парақ. (бланк)
жүргізуші: Енді, «Бәйге» кезеңінің қорытындысына назар аударайық.
2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастардың алдына қойып отырған басты мәселелерінің бірі - үш тілді қатар меңгеру.
1-жүргізуші: Ендеше, байқауымыздың келесі кезеңі «Полиглот» деп аталады. Бұл кезеңде берілген сөйлемдерден «түсіп қалған» сөздерді тауып, сол сөздің үш тілде, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтуларың керек.
Бұл кезеңде студенттер үш тілде жауап берсе – 3 ұпай, екі тілде жауап берсе –
2 ұпай, бір тілде жауап берсе – 1 ұпайды иеленеді.
Ендеше, байқауымызды бастайық!
ІІ. «Полиглот» кезеңінің сұрақтары.
Тарихты адамдар жасайды, ал ..... сақтайды. (мұрағаттар – архивы - archives) / әчивз/
Бүгінгі оқиға, ертеңгі ..... (тарих – история - history) / хистори/
Мұрағат - тарихи деректі құжаттар сақталатын асыл..... (қазына – сокровище - treause) /трейше/
Офис тек қана жұмыс орны емес ..... басқару жүйесі (еңбек - труд - work) /век/
Пернетақта, тышқан, сканер, джойстик - ақпаратты компьютерге ... құрылғысы. (енгізу – ввод - enter) /ентә/
Ол ... құжаттарды құрсаулар көмегімен бекітуді қамтамасыз ететін құрылғы. (құжат тіккіштер – переплет - binding) /биндинг/
Компьютер жадысына жазылған ақпаратты басып шығарғыш құрылғы - .... (принтер – принтер - printer ) /принтә/
8. Ақауы бар дұрыс бедерленбеген ... пайдалануға болмайды. (мөр – печать -type) /таип/
9. Құжат деректемелері ұзыннан орналасқан кезде ... диаметрі 26 мм. (елтаңба – герб – state emblem) /стэйт эмблем/
10. Стенография грек сөзі, оның мағынасы ... (қысқа – короткий - short) /шоот/
2-жүргізуші: Енді, «Полиглот» кезеңінің қорытындысына назар аударайық.
1-жүргізуші: Байқауымыздың келесі кезеңі - «Ғажайып үштік». Бұл кезеңде арнайы пәндер бойынша сұрақтар беріледі, сұрақты білімгерлердің өздері таңдайды, дұрыс жауап берсеңдер, сол ұпайды иеленесіңдер. Егер де сұраққа жауап бере алмасаңдар, қарсыластарыңның жауап беруіне болады.
Тақырыпты бірінші болып, екі айналымда ұпай санын аз жинаған студент таңдайды. Осы бөлімнің қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 студент ойыннан шығады.
ІІІ. «Ғажайып үштік» кезеңі.
Компьютерлік технология және офистік жабдықтар 10 20 30 40
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану 10 20 30 40
Машинамен жазу және хатшылық іс 10 20 30 40
«Компьютерлік технология және офистік жабдықтар»
бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. 1 Кбайтта неше байт бар? (1024)
20 ұпай. Өзін басқа бағдарламаларға жаза алатын шағын бағдарлама. (вирус)
30 ұпай. Мына құрал қалай аталады? Не үшін керек? (ламинатор суреті)
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Түптеу машинкасы деген қандай құрал? Қолданылуын көрсет.
«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»
бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. Құжатты өңдеу деген не?
20 ұпай. Бейне сұрақ. Істер номенклатурасы деген не? Оның түрлерін ата.
30 ұпай. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар дегеніміз не?
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Сақталу мерзімі аяқталған құжаттарды жою тәртібі жайлы қысқаша айтып, бір құжатты жойып көрсет.
«Машинамен жазу және хатшылық іс»
бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. Жазу машинкаларының қандай түрлері бар?
20 ұпай. Хатшының жауапкершілігі қандай?
30 ұпай. Практикалық жұмыс. Істерді тігу тәсілдерін көрсет.
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Ламинатор не үшін қажет? Қолданылуын көрсет.
1-жүргізуші: Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына берейік, алдыңғы кезеңдердегі ұпайлармен таныстырсын. Құрметті студенттер, ойын болған соң, біреу жеңіп, енді біреулер жеңілуі шарт. Сондықтан, «ойыннан жеңілсеңдер де, өмірде жеңілмеңдер» деген тілекпен 2 студентпен қоштасайық.
Біз байқауымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз. Бұл кезең бойынша әр студент 6 сұраққа жауап береді, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Барлық жауапқа 1 минут уақыт беріледі.
2-жүргізуші: 1-ші студентке қойылатын сұрақтар:
Ксерокстің бояуышы ұнтағы (тонер).
The second name of a had disk? (winchester)
Қатты дисктің екінші атауы (винчестер).
Как называется документ который поступает в организацию? (входящий документ)
Белгіленген қағидаға сәйкес істі сақтауға дайындау (істі рәсімдеу).
The organization which keeping the documents. (state archive) Құжаттарды тұрақты сақтайтын мекеме (мемлекеттік мұрағат).
Как называется первый вариант документа, который имеет юридическую силу? (оригинал)
1-жүргізуші: 2-ші студентке қойылатын сұрақтар:
Ақпаратты тікелей қағаз бетінен компьютерге енгізу құрылғысы (сканер).
Документ содержащий видео и аудио информацию (кинодокумент).
The process of making documents (documenting)
Құжатты жасау процессі қалай аталады? (құжаттау).
Как называется вторичный вариант документа, который имеет юридическую силу? (дубликат)
Жұмысшы мен қызметкердің еңбек жолын растайтын құжат (еңбек кітапшасы).
The organization temporarily keeping the documents (departmental archive).
Құжаттарды уақытша сақтайтын мекеме (ведомстволық мұрағат).
2-жүргізуші: 3-ші студентке қойылатын сұрақтар:
Ламинаттаудың мақсаты (құжатты пайдалану кезінде сыртқы ортаның ықпалынан қорғау).
Как называется устройство, переносящее различную информацию (флешка).
The organization which keeps documents national safety. (Special state archive). Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құжаттарды сақтайтын мекеме (арнаулы мемлекеттік мұрағат).
Бір немесе бірнеше белгілері бойынша ұқсас құжаттардың жиынтығы (мұрағаттық коллекция).
Как назвается копия документа, не имеющяя юридическую силу? (ксерокопия).
The types of forms blanks (the simple form, the written form). Бланкінің түрлері (жай және хаттар бланкісі)
Студенттерге берілетін практикалық тапсырма
1-жүргізуші: Байқауымыздың келесі кезеңі - «Іскерлік» деп аталады. Сендерге берілетін келесі тапсырма басшыға кофе-брейк дайындау. Алдарыңда тұрған құралдарды пайдалана отырып, басшыға шай немесе кофе дайындап ұсынуларың қажет. Тапсырма түсінікті деп ойлаймын. Ендеше, іске сәт!
Бағаланады: Студенттердің шай немесе кофе ұсыну мәдениеті, сервировкасына, киім киістері мен жүрістеріне көңіл бөлінеді. Ең жоғарғы балл 5 ұпай.
2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, сіздерден осы кезеңнің ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.
1-жүргізуші: Қазір сендердің назарларыңа шағын көрініс ұсынылады. Сол көріністе көрсетілетін жағдаяттардан хатшы өз жұмысында жібермеуге тиіс қателерді табуларың керек. Көріністегі қателерді ұмытып қалмау үшін алдарыңдағы парақшаларға жазып алыңдар, кейін қазылар алқасына айтып дәлелдеп бересіңдер. (Неғұрлым көп қате тапқан студентке 5 ұпай беріледі).
Жағдаят – келушілерді қабылдау
Хатшы келушіні көрген соң барлық жұмысын қоя тұрып, орнынан тұрады, кірген адаммен амандасады:
Қайырлы күн! Сізге қандай көмегім керек? Өзіңізді таныстырсаңыз? Келіңіз, отырыңыз!
(Осы уақытта телефон шырылдайды)
Кешіріңіз, мен қоңырауға жауап берейін.
Хатшының телефонмен сөйлесуі: алдымен амандасу, өзін таныстыру, қай мекеме не фирма екенін айту және қандай сұрақ бойынша, кіммен хабарласып тұрғанын сұрау. Егер телефон шалып тұрған адамға басшы қажет болса ол кісінің іссапарда екенін айту. Басшы келген кезде сіздің хабарласқаныңызды айтып жеткізетінідігі жайлы айту, сыпайы қоштасу.
«Кешіріңіз, қандай сұрақпен келдіңіз? Басшы іссапарға кеткен еді, екі күннен кейін келеді», - деп келген кісінің визиткасын не аты-жөнін, телефон нөмірін жазып алып хабарласатындықтарын жеткізу.
2-жүргізуші: Жағдаяттардағы қателіктердің дұрыстығына көз жеткізу үшін келесі кезекті сарапшыларға берейік.
1-жүргізуші: Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күннің хатшысы қандай болуы керек? Тыңдап көрелік:
Бағаланады:
Хатшының имиджі;
Есте сақтау қабілеті мен сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті, жүріс -тұрысы;
Телефонды сол қолмен көтеріп, оң қолды жазу үшін дайындап тұруы;
Құжаттама ісіне белгіленген тәртіп бойынша жүргізіп, дұрыс шапшаң ұйымдастыра алуы;
Басшы жоқ кезде офистегі қалыпты жұмыс ырғағын ұйымдастыра білуі.
1-жүргізуші: «Іскерлік» кезеңінің қорытындысын тыңдаңыздар.
(студенттердің ұпайлары шығарылады)
2-жүргізуші: Ортаға бүгінгі байқауға қатысқан студенттерді шақырамыз.
1-жүргізуші: Барлық қорытынды ұпайларды жариялау үшін сөзді әділ қазылар алқасына берейік.
1-жүргізуші: Құрметті студенттер, қонақтар, ұстаздар, бүгінгі байқауымыз да өз мәресіне жетті. Халық пен халықты, адам мен адамды табыстыратын - білім. Тәуелсіз еліміздің болашағы, жастар, сендердің қолдарыңда. Олай болса, әлі де білімдеріңді шыңдап, өмірде тек биіктен көріне беріңдер. Еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.
«Үздік маман» сайысына қатысушылар

Құжаттармен жұмыс істеу кезінен көрініс

Түптеу машинкасымен жұмыс
Істі тігу кезінде

«Үздік маман» байқауының
бағалау парағы
№ Аты-жөні Бәйге
1 сұраққа –
1 ұпай Полиглот
1 тілде – 1 ұпай,
2 тілде – 2 ұпай,
3 тілде – 3 ұпай. Ғажайып үштік
10, 20, 30, 40 ұпай Жорға
1 сұраққа –
1 ұпай Іскерлік
Ең жоғарғы ұпай саны– 5. Барлық ұпай саны
1 2 3 4 5