Затты? меншікті жылусыйымдылы?ы. Денені ?ыздыру?а ?ажетті немес ол суы?анда б?лінетін жылу м?лшерін есептеу.


Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.ІІІ. Өткенді еске түсіруІІ. Үй тапсырмасын тексеру.IV. Жаңа сабақты түсіндіруV.Сабақты бекітуVI. Үйге тапсырмаVII.Бағалау Өткенді еске түсіру Жылу берілудің неше түрі бар? Атап шығыңыз.Жылуөткізгіштік дегеніміз?Конвекция дегеніміз?Сәулелену дегеніміз?Қара және ақ беттердің сәуле шыарғыштығы мен жұтқыштығын салыстыр. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары. Үй тапсырмасын тексеру. 5§Жұмыс дегеніміз.Жылу мөлшері дегеніміз.Жылу мөлшері қандай шамаларға байланысты?Жылу мөлшерін қалай белгілейміз?Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?Калория дегеніміз?1 кал және 1ккал-да қанша Джоуль бар? 5 – жаттығу Заттың меншікті жылусыйымдылығы с әрпімен белгіленеді. Өлшем бірлігі - Жаңа сабақ Массасы 1 кг заттың температурасын 1°С-қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды. Заттың меншікті жылусыйымдылығы әр түрлі агрегаттық күйінде – қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болып келеді.Судың сұйық күйінде – 4200 Қатты мұз күйінде – 2100 Денені қыздыру үшін берілген немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін заттың меншікті жылу сыйымдылығын дененің массасына және жоғарғы температурасы мен төменгі температураларының айырымына көбейту керек Q – жылу мөлшері.с - меншікті жылусыйымдылық.m – масса.t1 – бастапқы температура.t2 – соңғы температура. Есепті шығару үлгісі 1. Массасы 1,5 кг алюминий бакқа массасы 10 кг су құйылған. Бактағы суды 20°С – тан 100 °С –қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?2. Ваннаға 80 °С –тағы 20 л ыстық су және 5 °С –тағы 10 л су құямыз. Суды араластырып, қоспаның температурасын өлшейміз. Ол 55 °С –қа тең болды. Ыстық судың берген жылу мөлшерін және суық судың алған жылу мөлшерін анықтаңдар. Алынған мәліметтерді салыстырып, нәтижені түсіндіріңдер. Жаңа сабақты бекіту 1. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз?2. Меншікті жылусыйымдылықтың белгіленуі және оның өлшем бірлігі. 3. Заттың меншікті жылусыйымдылығы заттың күйіне байланысты өзгере ме жоқ па?4. Жылу мөлшерін есептеу формуласы6 жаттығудың 1,2,3,4 есептері Үйге тапсырма § 106 – жаттығу № 5,6,7,8,9,10Зертханалық жұмыс №1