Болаша? б?гінен басталадыТ?уелсіз мемлекетімізді? болаша?ын дайындауда, оларды? д?ниетанымын,?мірлік ба?дырын ке?ейтіп,жан-жа?ты жетілген азамат етіп шы?ару талабы т?р.К?п уа?ыт орта білім беретін мектепті? негізгі міндеті – білім беру, да?ды мен біліктер


Болашақ бүгінен басталады
Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын,өмірлік бағдырын кеңейтіп,жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр.Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған "Қазақстан 2030" жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: "Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шыңдалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықан, Қазақсанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда "Білім туралы заңы " қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – педагог қызметкерлер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесніе енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл-қуатына қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылғын, қабілетін оятуға, дамытуға жол ашады. Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу – бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайа болады? Баланың қызығуы үшін – оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э.Парондайк, У.Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызғушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.
"Шығармашылық" – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
"Шығармашылық" – адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетлдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, Л.Р.Выготский, Л.В.Занков, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, И.Л.Лернер, А.Н.Луктын, В.И.Андреев, А.Л.Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.М.Әбділдин, ҚБ.Жарықбаев, М.М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, т.б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектерін тұжырымдап, пікіртлерін шығармашылық, қабілет деген ұғым, түсініктерді ұғынып, оны қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап дамыту жолдары жолға қойылуда.