?Б ке?есіндегі баяндама Бастауыш сыныптарда о?у сапасын арттыруды? тиімді жолдары мен т?рлері.


ӘБ кеңесіндегі баяндама
Бастауыш сыныптарда оқу сапасын арттырудың тиімді жолдары мен түрлері.
Қазіргі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. «Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалько).
Оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру, оны өткізу формасы – педагогикалық технология. Мектеп өміріне енгізіліп жатқан түрлі педагогикалық технологиялар: сондай ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогика компьютерлік технологиясы көптеген мектептерде қолданылуда. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін бақылау, өз бетінше жұмыстардың саны мен жиілігі нақтылынады. Мұның өзі бағдарламада көрсетілген міндетті (минимум) талаптарына оқушылар білімінің сәйкестігін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білім сапасын жетілдірудің тағы бір кезеңі ретінде қарастырылады.
В. Беспальконың еңбектерінде І деңгейі – міндетті, оқушылық, ІІ деңгей -алгоритмдік, ІІІ деңгей – эвристикалық, ІV – деңгей шығармашылық деп жіктелсе, Қ.Өмірбекова еңбектерінде деңгейлік тапсырмалар І – міндетті деңгей, ІІ – мүмкіндік деңгей, ІІІ – шығармашылық деңгей түрінде көрсетілген.
Мұндағы басты мақсат – саралап, даралап оқытудың басты бағыттарының бірі үлгермеушіліктерді жою, білімнің міндетті (минимум) деңгейін меңгерту.
Педагогикалық технология барысында алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелілігі және тиімділігі, т.б. ескерілуі керек.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл технология төмендегідей мақсатты көздейді: білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- Барлық баланы оқыту;
- Оқытуды жеделдету.
Аталған технологияның ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілік, еркімен оқыту;
- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлілігі.
Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:
1. Тірек сызба белгілерін мүмкіндігінше барлық сабақтарда қолдану;
2. Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау;
3. Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй жұмыстарын беру;
4. Оқушылардың топпен не екі екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Тірек сызба белгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада:
А) оқушыға оқу материалы жинақы, қосымша беріледі;
Ә) оқушының сызба белгі мағынасы мен мазмұнын түсіну үшін ойлау, қайта жаңғырту, салыстыру, есте сақтау сияқты қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туады;
Б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;
В) оқушы жұмысы тек қана жазу емес, сызу, сурет салу, өз бетінше шартты белгі ойлау, бұлардың арасындағы жүйелі байланыстарды табу, оның мәнін білуге мүмкіндік алады;
Г) оқушы топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;
Ғ) оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалауды үйренеді.
Мұндай тиімділікке қол жеткізу үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет. Алғашқыда берілетін тапсырмалар мен дайындалатын жұмыстар оқушыға қиындық туғызбайтын болуы керек екенін ескерген жөн.
1. Оқушылардың өздерінің ізденіс іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері. Бұл жерде басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталдығы, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.Бастауыш сыныптарда
білім берудің тиімділігін арттыру жолдары
Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке бауылу арқылы өз мүмкіндігін  сезінуге, ашуға, өз бетінен білімін толықтыруға үйрету, аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осыған байланысты баланы зерттеу әректтіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі  мен дағдыларын қалыптастыру  қазіргі заманға  білім беру  ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.  Қазіргі таңда еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат-жаһандану  заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне енуі. Сондықтан жаңашылдық, янни инновациялық жүйе негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, яғни шығармашылық тұрғыдан  ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш  тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне ,даму бағытына байланысты.  Балаларға ғылым негізін үйретіп,адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға-мұғалім.  Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті, идеялы,қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгерімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткенде  ғана ,бұл міндеттерді орындай алады. Мұндай мұғалім өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін  дұрыс ұйымдастырып, тиімді жүргізуге жұмсайды.         барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз  ету-әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс
1.Әрбір оқушыға сабақ барысында тапсырманы күші мен қабілетін ескере отырып берген жөн.
2.Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мұғалім үнемі қадағалап тексеріп отыратын болса, олар үйге берілген жұмысты тыңғылықты орындауға дағдыланады.
3.Өткен материалды тексерудің тиімді екі жолы бар.
А)Жеке оқушыны тақтаға шығарып,тиісті сұрақтарға жауап алу.
Ә)Сұрауды сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан кейін, жауап беретін оқушыны атау.
Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл,анық,ұғымды болғаны дұрыс. Оқыту жұмысының нәтижелі болуы-материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтап өткізуге байланысты. Жаңа материалды түсіндіргенде барлық оқушының зейінін сабаққа аударып, олардың сабақты барынша ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу керек.
Жинақтау, қортыу жұмысына да күнбе-күн көңіл бөліп отыру  оқушылардың  сабаққа үлгеріміне кепілдік береді