ЭВОЛЮЦИЯЛЫ? ПРОЦЕСТІ? НЕГІЗГІ БА?ЫТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ (9 КЛАСС)


Сабақтың тақырыбы: §46. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары
Сабақтың мақсаты: Органикалық дүние дамуының негізгі бағыттары мен жолдарын түсіну.
Күтілетін нәтиже: эволюциялық прогреске жету жолдары мен бағыттарын ажырата алады, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясындағы ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация туралы ұғымды талдай біледі.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Қолданылатын әдіс -тәсілдер: сұрақ-жауап, тірек сызба, жеке, жұптық, топтық жұмыс, сәйкестендіру тесті, суретпен жұмыс, қалыптастырушы бағалау.
Көрнекілік құралдар: Биологиялық прогрестің негізгі жолдары кестесі, тест парақшалары, слайдтар
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- сыныптың жағдайын тексеру;
- психологиялық ахуал тудыру (оқушылардың қағаздан ұшақ жасайды, оң қанатына жақысы бір тілек жазады, сол қанатын өздері қалаған түске бояйды, сын тұрғысынан ойлау арықылы топқа бөлінеді).
ІІ. «Көпір» тапсырмасы арқылы өткенді еске түсіру (сұрақ –жауап)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Топтық жұмыс (мәтінді оқиды, талдайды, түсінгенін ортаға салады, сұрақ қояды және жауап береді)
І –топ. Биологиялық прогресс және регресс
ІІ –топ. Ароморфоз (арогенез) ІІІ –топ. Идиоадаптация (аллогенез)
VІ – топ. Жалпы дегенерация (катагенез)
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
Суреттер сөйлейді (зволюция жолдары)
Сәйкестендіру тесті (биологиялық бағыттар)
V. Үй тапсырмасы: §46. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдарын түсініп оқу. Зерттеу жұмысы. Өсімдіктердегі ароморфоздар мен бунақденелілердегі идиоадаптациялар
VІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- сыныптың жағдайын тексеру;
- психологиялық ахуал тудыру (оқушылардың қағаздан ұшақ жасауын айтамын, оң қанатына жақысы бір тілек жазады, сол қанатын өздері қалаған түске бояйды. Ұшақты бір –біріне қарай ұшыртамын, алдына түскен ұшақтағы тілекті оқи отырып жағымды әсер алады және сын тұрғысынан ойлау арықылы топтарға бөлінеді).
ІІ. «Көпір» тапсырмасы арқылы өткенді еске түсіру.
Мақсаты: өткен тақырыптар мен жаңа тақырыптың байланысының барын сезіндіру.
Түр дегеніміз не және оның қандай жолдары бар?
Географиялык түр түзілудің себебі неде?
Экологиялык түр түзілудің ерекшелігі неде? Мысалдармен түсіндіріңдер.
Галапагосс аралдарындағы Ч.Дарвин зерттеп сипаттаған қунақтар қай түр түзілуге мысал бола алады? Түсіндіріңдер.
Бейімдеушілік қалай қалыптасады?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Сызбанұсқа арқылы жаңа сабаққа ендіру.
Топтық жұмыс (мәтінді оқиды, талдайды, түсінгенін ортаға салады, сұрақ қояды және жауап береді)
І –топ. Биологиялық прогресс және регресс
ІІ –топ. Ароморфоз (арогенез) ІІІ –топ. Идиоадаптация(аллогенез)
VІ – топ. Жалпы дегенерация (катагенез)
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
«Суреттер сөйлейді» тапсырмасы
Мақсаты: Органикалық дүниенің даму жолдары туралы білгенін айту, ойын қорытындылау.
Сәйкестендіру тесті
Мақсаты: Биологиялық бағыттарды ажырату, алған білімін қорыту.
V. Үй тапсырмасы: §46. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдарын түсініп оқу. Зерттеу жұмысы. Өсімдіктердегі ароморфоздар мен бунақденелілердегі идиоадаптациялар
VІ. Бағалау.