Тік б?рыштап проекциялау та?ырыбына жатты?улар орындау


Сабақтың тақырыбы: Тік бұрыштап проекциялау тақырыбына жаттығулар орындау
Мақсаты:
Тік бұрыштап проекциялау әдістері туралы білімдерін тиянақтау
Жаттығулар орындау арқылы тік бұрыштап проекциялау әдістері туралы білімдерін бекіту, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Топта жұмыстануға үйрету
Көренкілігі: электрондық оқулық, АКТ, үлестірмелі карточкалар
Пән аралық байланыс: тарих, геометрия, бейелеу өнері
Әдісі: топтық тарсырмалар орындау
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру – топтастыру, ойқозғау – Бұл не?
Үй жұмысын тексеру – баламалы тест
Теориялық бөлім – проекциялау әдісін қайталау, электронды оқулықтан тыңдау
Тапсырмалар:
Үш проекция жазықтығы бойынша постер қорғау, кестені толтыру, тиісті проекциялық көріністі қажетті түске бояу.
Көрнекі кескініне қарап нәрсенің фронталь, горизонталь, профиль кескіндерін сал
Нәрсенің өзіне қарап үш проекциясын тұрғыз.
«Тарих беттерінен»– сәйкестендіру тесті
Сергіту сәті
«Дойбышылар» – логикалық есеп
Интерактивті тапсырмалар
Бекіту – толықтыру тесті
Үй жұмысын тексеру – баламалы тест
№ Сұрақтар «Ия» «Жоқ»
1 «Проекция» сөзі латынша алдыға қарай лақтыру деген мағынаны білдіреді + 2 Проекциялау жазықтықта нәрсенің кес кінін тұрғызу процесі + 3 Нүктенің проекциясы жазықтықта түзуге проекцияланады +
4 Кесінді проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасса нүктеге проекцияланады + 5 Проекциялаушы сәулелер параллель болса «центрлік проекция» деп аталады +
6 Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына 450 бұрыш жасап түссе тік бұрыштап проекциялау деп аталады +
7 Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына 900-қа тең емес бұрыш жасап түсссе қиғаш бұрышты проекция деп аталады. + 8 Проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса центрлік проекция деп аталады + 9 Тік бұрыштап проекциялағанда кескін нәрсенің нақты шамасына тең болады + 10 Проекциялар жазықтығына параллель емес кесінді өз шамасына тең кесіндіге проекцияланады +
Теориялық бөлім – проекциялау әдісін қайталау, әлектронды оқулықтан тыңдау
Тапсырмалар:
Үш проекция жазықтығы бойынша постер қорғау, кестені толтыру, тиісті проекциялық көріністі қажетті түске бояу.
№1
Фронталь проекция жазықтығы
№2
Горизонталь проекция жазықтығы
№3
Профиль проекция жазықты
205740121920
313944083185
Көрнекі кескініне қарап нәрсенің фронталь, горизонталь, профиль кескіндерін сал
1996440191770
39331904445
Нәрсенің өзіне қарап үш проекциясын тұрғыз (ағаш үлгі беріледі)
«Тарих беттерінен» – нәрсенің кескіні мен сызбасын сәйкестендіру арқылы сөлемді құрастырып оқы.
1799 жылы
француз ғалымы
Гаспар Монж
өзінің «Сызба геометриясы»
еңбегін жарыққа шығарды.
ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында
сызбаларға шығарма және
өлшем сызықтары көмегімен
өлшемдер қойыла бастады.

ХVІ ғасырда
зауыттарда бөлшектерді
сызба бойынша емес,
үлгі-модельдері
бойынша жасаған.

Сергіту сәті
«Дойбышылар» – логикалық есеп
№ 1 - берілген дойбыларды пайдаланып (3 ақ, 3 қара дойбы), екі проекциясы бойынша кескінделген дойбы қатарларын құрастыр
3933190-38100193230544450-155103-36812
Интерактивті тапсырмалар:
8 тапсырма – тетікбөлшектің проекциялары қалай аталады
10 тапсырма – ВС кесінідісінің проекциясын тап
16,17 тапсырма – көрінісін анықта
13 тапсырма – проекциясын бояумен бөліп көрсет
6,7,12,14- тапсырма – жетіспейтін сызықтарын толықтыр
Бекіту – толықтыру тесті
Тік бұрыштап проекциялау әдісін ..............................................ашты
Проекция жазықтықтары өзара ..........................................................
Бақылаушының алдында орналасқан жазықтық ................. ...................................деп аталады
Профиль жазықтық дегеніміз бақылаушының .......................... ...................орналасқан жазықтық.
Горизонталь проекция жазықтығында нәрсенің ............... ..................................кескіні проекцияланады
Монж эпюрі – бұл нәрсенің .................................................алынған кескіні, сызбасы
Тік бұрыштап проекциялау әдісін Гаспар Монж ашты
Проекция жазықтықтары өзара перпендикуляр
Бақылаушының алдында орналасқан жазықтық фронталь проекция жазықтығы деп аталады
Профиль жазықтық дегеніміз бақылаушының бүйір жағынан орналасқан жазықтық.
Горизонталь проеукция жазықтығында нәрсенің үстінен қарағандағы кескіні проекцияланады
Монж эпюрі – бұл нәрсенің тік бұрыштап проекциялап алынған кескіні, сызбасы

Оқушыларды бағалау.
БҚО
Теректі ауданы
Хамза Есенжанов атындағы орта мектеп
Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы – БӨ, сызу, технология пәні мұғалімі