Презентация по музаке в детском саду: Мектеп жасына дейінгі балаларды? музыкалы? т?рбиесіндегі к?рнекі ??ралдар


Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесіндегі көрнекі құралдар Мақсаты: Көрнекілік арқылы балаланың ынтасын, қабілетін, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру;  Балалардың жас ерекшеліктеріне сай көрнекіліктерді қолдану;   Көрнекіліктерді пайдалана отырып, музыкаға деген сүйіспеншілігін, құштарлығын арттыру; Балаларға музыканың ең қарапайым ұғымдарын таныстыруда эмоциялық әсер алғыштығын , сенсорлық қабілеттерін, музыкалық дыбыстарды айыра білуге тәрбиелеу;  Көру әдісі: Музыкалық тәрбиеде көрнекілік әдістің 3 түрі кездеседі. музыканы тыңдау, музыканы сезіну есте сақтау (картинкалар, көрнекі құралдар.)Сөйлеу әдісі: түсіндіру әңгімелесу сөйлесусұрақ- жауап Көрнекіліктің түрлері Жасанды (макеттер, суреттер, карталар, фотолар, плакаттар, муляждар, порттертер) Графикалық(нота сызықтары, геометриялық фигуралар.) Дыбыстық(СD жазылған музыкалық шығармалар, әндер, минустар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, күй табақтар.) Техникалық (телевизор, муз.орталық, DWD, интерактив тақтасы.) Көрнекілік әдісінің шарттары:•    көрнекіліктің балалардың жасына сәйкестігі;•    көрнекілікті оқу іс –әрекетінде керек сәтінде қолдану;•    демонстрацияланған затты барлық балалардың көруі;•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; Көрнекі құралдарды оқу іс- әрекеті тәсілдерінде пайдалану Көрнекі құралдарды оқу іс- әрекеті тәсілдерінде пайдалану “Бесік жыры ” І кіші, ІІ кіші, ортаңғы топтарда бесікке салу рәсімін мультфильм, слайд, видео арқылы таныстыру. Ортаңғы және ересек, даярлық топтарда мейрамдарды шығу тарихы туралы мағлұмат беру. Халықтар достығы жайында әңгімелеп беру.Ұлттық киімдеріне және мәдениетіне тоқталу. Жыл мезгілдері тақырыбы барлық топтарда қамтылады. Мезгілдерге арналған шығармаларды тыңдату. Музыка тыңдау кезінде пайдаланатын көрнекіліктер Халық композиторлары, күйшілер, жыршыларҰлттық музыканы тыңдауға жағдай жасап, түрлі техникалық құрал жабдықтарды пайдалану. Ән айту кезіндегі пайдаланатын көрнекіліктерЖас ерекшеліктеріне қарай ән айту ережесін сақтай отырып дуэт, трио, жеке әндерді орындау Ән айту кезіндегі пайдаланатын көрнекіліктер Би үйрету кезінде пайдаланатын көрнекіліктер Би түрлерімен таныстыру: классикалық, ұлттық т.б Биге арналған киімдерін көрсету. Әуен ырғағына сай би қадамдарын, қимылдарын үйрету. Би үйрету кезінде пайдаланатын көрнекіліктер Ойын іс- әрекеті кезінде пайдаланатын көрнекіліктерДидактикалық, үстел үсті, қуыршақ театры жыне қимылды ойындарды жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану. Ойын іс- әрекеті кезінде пайдаланатын көрнекіліктер Аспапта ойнау кезінде пайдаланатын көрнекіліктерАспаптарды танысу барысында қолмен ұстап көру, шерту, ойнап көруді пайдалану Аспапта ойнау кезінде пайдаланатын көрнекіліктер КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы балалардың есту, есте сақтау, сезіну, елестету, қабылдау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктерді қолдану барысында музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген талпыныс, құлшыныс қалыптастыру.