Организмдер арасында?ы ?арым ?атынасты? формалары


Күні: Сынып: 11 в Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Организмдер арасындағы қарым- қатынастың формалары. Жағымды қатынастар-симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Организмдер арасындағы қарым қатынастың формалары туралы түсінік беру.
Ә) Дамытушылық: Табиғатты, яғни қоршаған ортаны қорғауда оқушылардың білімдерін дамыту.Б) Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, туған өлкенің өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғауға, аялауға үйрету.Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, ойын элементтерін пайдалану.Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа технология әдістерін пайдалану, сызба - нұсқа, слайд, электрондық оқулық.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ІІ. Үй тапсырмасын интеллектуалды сұрақ - жауап арқылы тексеру.
50 50 50 50
100 100 100 100
150 150 150 150
«50» сұрақтары:
Экологиялық проблема деген не?
Әлемдік экологиялық проблемаларға не жатады?
Адам табиғатқа қандай зиян келтіруде?
Озон қабатының қандай әсері бар?
«100» сұрақтары:
Қарабұғаз шығанағы, Каспий , Арал мәселелері неден туындап отыр?
Іле –Балқаш экологиясы болашақта қандай болмақ?
Каспий теңізі деңгейінің көтерілу себебі қандай?
Қазақстандағы өзен көлдердің экологиялық жағдайы қандай?
«150» сұрақтары:
Арал проблемасының туындау себебі қандай факторларға байланысты болды?
Қазақстанның үлкен және кіші өзендерінің экологиясы неліктен нашарлап барады?
Каспий мұнайын игеру қарқынды жүріп жатыр.Осы жағдайлар Каспий аймағына қандай экологиялық апаттар әкелуі мүмкін?
Антропогендік факторлардың табиғатқа әсері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ. Электронды оқулық.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше, селбесіп, пайдалы тірші-лік етуі симбиоз деп аталады. Мысалға, тақуа шаян мен актиния арасындағы селбесуді, сондай-ак балдыр мен саңырауқұлақтын селбесуі нөтижесінде кыналардың тіршілік етуін келтіруге болады.Комменсализм (серіктестік) симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни бір түрдің коректік калдығымен екінші организм коректене отырып, оған ешбір зиян келтірмеиді. Кейде бір организм екіншісін қозғалу құралы немесе корғанышы ретінде де пайдаланады. Мысалы, ірі бальщтардын желбезегінде үсақ балыктар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса, оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолга түседі.Мутуализм. Эр түрге жататьш организмдердің бір-бірінен бөлек тіріігілік ете алмай, өзара долайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі мутуализм деп аталады. Мысал ретінде, термиттер мен олардың ішегінде тіршілік ететін, сүрек целлюлозасының корытылуына ыклал ететін микроорганизмдерді келтіруге болады. Зоохория. Жануарлардың орын ауыстыруы аркылы өсімдік түқымдарын кеңістікке тарату құбылысы зоохория деп аталады. Зоохория — өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесінін бір тобыньщ ұзак жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінін жемісі. Соның нәтижесінде өсімдік түкымында жабысқыш ілгектер, қылшьщтар пайда болып, олар кұстардың, сүткоректілердің, баска да жануарлардың денесіне жабысу аркылы алыс аймактарға таралып отырған. Өсімдік түқымдарының осындай жолмен таралуын эктозоохория дейді. Ал кейбір өсімдіктердщ тұкымдары жануарлардьщ нәжістері арқылы таралады. Оларды эндозоохориялық таралу жолы деп атайды.Аллелопатия. Бұл организмдердің денесінен өзіне тән химия-лык енімдер шығару аркылы карым-қатынас жасау жолы. Өсімдіктерден бөлінетін кейбір заттар жануарларға жағымсыз немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мысалы, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, кызан, т.б.) жағымсыз әсерін тигізеді, сүмбілбүршак. пен бидайдың есуі тежеледі.Өсімдіктерден болінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрак-танты) немесе үркіткіш (репелленты) түрінде эсер етеді. Бүл касиеттер, өсіресе біртекті коректілер және паразиттер үшін өтемацызды.Жануарлар да ездерінен жағымды, кейде жағымсыз өр түрлі активті заттар бөліп, өзінің жауына карсы немесе еліктіргіш белгі беру сипатына ие бола алады.Организмдерге кері ықпалын тигізу аркылы карым-қатынас жасаудың тағы бір түрін аменсализм деп атайды. 174Кейбір организмдер екіншілері үшін піектен тыс агрессивті болып келеді. Мысалы, кейбір күмырсқалар коршілес құмырска илеулерінен жүмыртқа мен дернөсілдерді тартьш өкеліл, иелік жасайды. Бұл кұбылыс — организмдерде болатын инстинктің жоғары деңгейдегі корінісі.
Коменсализм- селбестіктің бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып , оған ешбір зиян келтірмейді. Кейде бір организм екіншісін қозғалу құралы немесе қорғаныш ретінде де пайдаланады. Мысалы, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген.Егер коменсалдар бір біріне зиян келтіре бастаса , оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.
IV.Бекіту тапсырмалары:
1.Терминмен жұмыс:
Комменсализм
Кооперация
Мутуализм
Симбиоз
2.Кестемен жұмыс:
Қарым қатынас түрлері: ерекшелігі сипаттамасы
Комменсализм Мутуализм Симбиоз 3. «Ойлан, жұптас» әдісі. Қарым қатынас түрлерін талдау.
V.Үйге тапсырма: Организмдер арасындағы қарым қатынастар формалары туралы оқып келу.
VI.Бағалау.