Технология п?нінен саба? жоспары Кіріспе.Аспазды? ж?мыстар кезіндегі ?ауіпсіздік техникасы. Дастар?ан м?зірі т?рлері. (9-сынып)


Пәннің аты: технология 9-сынып Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Кусаинова Г.Т.
Сабақтың тақырыбы Кіріспе.Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Дастарқан мәзірі түрлері.
МақсатыТамақ әзірлеу және дастарқан мәзірін жасау бойынша білім-дерін жүйелеу терең-дету, дастарқан мәзірін жасауға қойылатын басты гигиеналық та-лаптармен таныстыру.
Күтілетін нәтижеТҚЕ.дастарқан мәзірін құруға қойылатын талаптармен танысады
Психологиялық ахуалЫАҚ «Мен тілеймін»
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тануАспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Газ плитасын пайдалану кезінде
Плитаны пайдаланудың алдында үй-жайды желдетіп алыңдар, желдеткішті қосындар. Жанарғылар мен қанылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізіндер содан кейін газ құбырындағы шүмекті ашындар.
Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түстпен жануын қадағаландар. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіріндер.
Қанылтыр пешті жанрғысын жағудың алдында оны 2-3 мин-тай ашып, желдетіңдер.
Электр плитаны пайдалану кезінде
Ас үй электрплитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерлендіруінің бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізіндер және диэлектрик кілемшеге тұрындар. Үстел устілік плитаны жүйеге қосудың алдында коректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеріндер, плитаны отқа төзімді тұғырға орнатындар.
Ашық шиыршықтық электр плитасын пайдаланбандар. Қосудың алдында коректендіру бауының ақауысыздығын тексеріндер. Плитаны отқа төзімді тоғырға (кірпіш, асбест және т.б.) орнатындар.
Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін енгізіндер. Ашаны баудан тартып ажыратуға жол бермендер.
Электр плиткада ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдаланындар.
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу керек. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазаландар, етті еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздандар.
Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкөністер мен басқа да азық-түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып, бөлшектеу тақтайшаларында кесіндер. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.
Қол үккіштермен жұмыс істеген кезде сақ болу керек. Өнделетін азық-түліктерді (жемістерді, көкөністерді және т.б.) қолдарына мықтап ұстандар, өте майда бөліктерді өңдемендер.
Ыстық сұйықтықтармен (су, май және басқалармен) жұмыс істегенде
Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтардың ернеуінен асып төгілмеуін қадағаландар. Қатты қайнау кезінде отты азайтындар немесе плитаны өшіріндер.
Ыстық ыдыстың қақпақтарын сүлгімен ұстап, өздеріңнен аулақтата ашындар.
Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қойындар және алыңдар.
Күтілмеген жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Ас үй мүліктерінің ақаулықтары кезінде, бөлшектеу пышақтары мұзалып, өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарландар.
2. Еденге сұйықтық, май төгілген кезде, оны дереу тазаландар.
3. Егер де асханалық ыдыс сынып қалса, онда оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай, сыпырғыны немесе қылшақ пен күрекшені пайдаланындар.
4. Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарландар, қажет болған жағдайда зардап шегушіні ең жақын емдеу мекемесіне жөнелтіңдер.
Жұмыс аяқталғанна кейінгі қауіпсіздік талаптары.
Электр плитаны ток көзінен ажыратындар.
Жұмыс үстелдерін, ыдыстар мен ас үй мүліктерін мұқият жинаңдар.
Сыпырындыны, қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығарыңдар.
Арнаулы киімді шешіп, сорып шығару желдеткішін ажырату және қолды мұқият сабындап жуу керек.
Дастарқан мәзірі — белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Асханадағы, мейрамханадағы, кафедегі тағамдар тізбесі, олардың мөлшерлері мен бағалары жазылған парақ, кітапша. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Дастарқан_мәзірі" \l "cite_note-1" [1]Ертеңгі астық құрамында ыстық тағамның біреуі: гарнирі көкөністен тұратын ет немесе балық, не ботқа, макарон, сүт, жұмыртқа болғаны жөн.
Түскі аста салқын тағам, сұйық, қою тағам және тәтті тағам болуы мүмкін. Тағамдардың мұндай құрамы, олардың әрқайсысының адамға жұғымдылық ерекшелігіне қарай белгіленген. Мәселен, салқын тағам ашқылтым, тұзды дәмі болатындықтак тәбетті ашады. Сұйық тарамда — борщ, суп, сорпа — еттің, балықтың, саңырауқұлақтың экстрактивті заттары болатындықтан, асқазан сөлінің бөлінуін күшейтіп, соның нәтижесінде келесі қою тағамның жақсы сіңуіне мүмкіндік береді. Түскі ас, әдетте, тәтті тағаммен аяқталады. Қыста түскі ас мәзірі едәуір кенеулі болуы тиіс. Мәселен, еттен, майлы балықтан пирог, тұшпара т.б. әзірлеген жөн; сондай-ақ сүт тағамдарын, жас көкөністі, оның ашытылған және тұздалған түрлерін, шикі көкөніс, винегрет, көкөніс супын т. б. пайдаланады. Жаз айларында жас көкөніс, сүт тағамдарын, жеміс-жидекті көбірек жеген жөн. Түскі асты адам тойып ішеді, бірақ соның өзінде тамақты шектен тыс көп ітуге болмайтынын ескерген жөн. Сондықтан да түскі асты әдетте, күшті тамақ пен жеңіл тамақ ұштастырыл ады: мәселен, егер сұйық аста ет супы (щи, борщ т.б.) болса, онда қою тағамға пісірілген балық, көкөніс немесе арпа жармаеы қосылған котлет жесе жеткілікті.
Кешкі асты жатар алдында жеу зиянды. Сондықтан жатардан 1—2 сағат бұрын жеңіл астармен (сүт, кефир, простокваша т. б.)
Дастарқан мәзірін құру.
1. Тәуліктік немесе апталық дастарқан мәзірін құру.
2. Азық-түліктерді категорияларға бөлу: негізгі тамақ, гарнирлер, салаттар, десерттер; қажет болса, негізгі тамақтың өзін мынадай категорияларға бөлуге болады: тауық, сиыр және қой еті, ал гарнирлер категориясын: көкөністер, жармалар, кеспелер.
3. Пісірме және сусындармен толықтыруларына болады.
4. Дастарқан мәзірін дәптерлеріңе жазыңдар.
Дсатарқан мәзіріне күнделікті енетін азық-түліктерге: сүт немесе сүт өнімдері, макарон өнімдері немесе жармалар, сары май, өсімдік майы, көкөністер, ет (балық), жұмыртқа, жемістер жатады.
Ой толғаныс сабақта үйренгендерін бекіту қолдану, жолдарын беру;
жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
Үйге тапсырма §1-2
Бағалау № Критерийлер


Оқушының
аты -жөні Теориялық тапсырмаларды орындалуы Практикалық жұмыста дұрыс және өзіндік орындалуы Қорытынды баға
Оқушының Мұғалімнің
1 2 Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады