Мектепті? о?у-т?рбие ж?мыстарын жа?аша жоспарлау


Мектептің оқу- тәрбие жұмыстарын жаңаша жоспарлау.
(өз тәжірибемнен)
Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау, мектептің оқу үдерісін ұйымдастырудың негізі екені анық. Дәстүрлі жоспарлау кезінде анықталған проблеманы шешуге көңіл бөліне бермейді. Жалпы жоспардың бөлімдерін анықтап, дәстүрлі шаралармен толтырып жүреміз. Проблеманың өзін жалпылама анықтай салатынбыз. Яғни ол проблеманы шешуге мектеп ұжымының шамасы келе ме деген сұрақ жауапсыз қалатын. Сондықтан жоспарды орындау білім сапасын көтеруге әкеле бермейтін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бастамасында «Орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет», деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын игеру мақсатында «Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының курсы» ұйымдастырылған. Мен осы жылдың қыркүйек айынан бастап аты аталған курста оқи бастадым. Алғашында курста не оқыр екенбіз деп барғанбыз, себебі қазіргі мектепте директордың атқаратын міндеттері өте қомақты. Курстың бағдарламасындағы тапсырмаларды орындағанда ойыма мен басқарып отырған мектептің проблемалары түсіп отырды. Бірінші сауалнама өткізу барысында мен ойлаған проблемалардың сандық бейімі анықталды. Сауалнама қорытындысы бойынша мектептің негізгі проблемасы анықталды. Оқу мен оқытудағы тиімді тәсілдермен таныса отырып, сол проблемаларды ойша шешу жолдарын күнделігіме түртіп алып отырдым. Бір адам бұл проблеманы шеше алмайтыны анық екенін де түсіндім, сондықтан мектеп мұғалімдерін ұйымдастыру мақсатында « мектеп мәдениет қалыптастыру» атты коучинг өткіздім. Мұғалімдер,көшбасшылармен жеке кездесулер ұйымдастыру барысында, жаңалықты мектепке енгізу үшін екі үлкен жоба керектігі анықталды. Мектептегі көшбасшы мұғалімдер мен әкімшілік мүшелері біріге отырып осы екі жобаны жасап шықтық. Жоба жасау кезінде курста алған білімімді қолдандым. Атап айтқанда, жобаны жасайтын топ құрып, негізгі мақсатты анықтап, жоба құрудың әдістемесімен таныстырдым. Стратегиялық алгоритм негізгі 8 қадамның барлығының қамтылуын қадағаладым. Жалпы мектептегі іске асырылып жатқан жоспар орындалуы үшін мектеп әкімшілігінің мүшелері арасында жұмыс жүктемесі бүлінуі керек. Жұмыс жүктемесі «үздік өзгеріс енгізу» айнасын пайдалану статегиясының негізінде бөлінді. Жоба құру тобына «өрлеудің» денгейлік курстарын бітірген мұғалімдер мен қатар тәжірибесі мол көшбасшы мұғалімдер де қатысты. Бұлар біріншіден, «Критериалды бағалау жүйесін оқу үрдісіне енгізу» екіншіден, «Мектеп оқушылырының функциональдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында балалар оқуының Қазақстандық картасын мектепке енгізу». Мұндай жобалар енгізудің негізі ретінде мектептің негізгі проблемасы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру», "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Бірінші жоба бойынша, жобаны іске асыратын топ құрылып, топтың басшысы ретінде көшбасшы, әдістемелік кеңестің төрағасы Ахметова Г.А тағайындалса, екінші жобаны «Өрлеудің» бірінші денгейлік курсын өткен Лутаева А тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысы, Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығын алуға болады. Жасалынған жобалармен ата-аналар, елді мекен тұрғындары таныстырылды. Мектептің педагогикалық кеңесінде талқыланып, кеңестің шешімімен бекітілді. Жетілдірілген критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру нұсқаулығын оқи отырып бұл жүйені қолдану үшін сабақ жоспарын Блум таксономиясының негізінде құру керек екендігі анықталды. Сондықтан Блум таксономиясы бойынша коучинг өткізуді жөн көрдім. Жалпы курста оқу кезінде мектепке кез-келген өзгеріс өткізу үшін осы өзгеріс қаншалықты керек екенін анықтау қажет екенін үйрегендіктен мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама бойынша мектептің оқу үрдісіне қатысушылардың басым көпшілігінің өзгеріс жөнінде оң ойда екені анықталды. Коучингпен қатар мектептегі беделді мұғалімдер, көшбасшылардың көмегімен оқыту семинарларын ұйымдастырдым. Бұл семинарларда мұғалімдерге сабақты қалай жаңаша ұйымдастырып бағалауды енгізуге болатынын үйреттік.       Бұл семинарларға Жаңа стандарт енгізілген бірінші сынып мұғалімдері ғана емес барлық мұғалімдер қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығының 4 бөлімінде  «Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 2, 5 және 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 және 10 сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9, 11 және 12 сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.» деп жазылған сондықтан басқа мұғалімдер де дайын болуы қажет. Бұл жоба негізінде барлық мұғалімдерді оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруға үйрету көзделген. Ал жалпы ұжым мүшелерін мұндай жұмыспен қамтудың бірден бір көзі Lesson study сабақтарын өткізу екенін курстан үйренгенмін. Сондықтан мектепте LS өткізуді қолға алдым. Ол үшін лессон стади бойынша коучинг өткіздім. Кочингтен кейін мұғалімдермен жеке консультациялар өткіздім. Осындай жұмыстар қорытындысында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ж. Ауғанбаева, Бүркітбаева Самал, Дандий Гулжан лессон стади (орыс тілі Қалиева Рудиана) сабақтарын жоспарлап өткізді. Мектеп ұжымын жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында «Өрлеудің» деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер ашық сабақтар сериясын өткізді. «Өрлеудің» үшінші денгейлік курсын өткен Қ. Ахметов аудандық семинар өткізді. Бұл сабақтарда мұғалімдер сабақты жоспарлау, топпен жұмыс істеу, АКТ – пайдалану, оқу нәтижелерін бағалаудағы жаңа технологиялармен танысып өз сабақтарында қолдана бастады. Екінші жобаны алып отырған себебіміз біріншіден, жалпы мектеп бойынша кейінгі екі жылда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша біраз шаралар өткізілген. Мұғалімдермен сұхбатасу барысында қазіргі жаңа технологияларды оқу үдерісіне қолдану үшін оқушылардың оқу, жазу,математикалық есептеу сауаттылығын қалыптастыру керектігі анықталды. Сонымен қатар, 2013 жылы Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының «оқушыларға функционалдық сауаттылық қалыптастыру аспектісіндегі балалардың Қазақстандық оқу картасы» атты нұсқамалық шыққан. Нұсқамалықта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезіндегі оқудың алатын орны көрсетіліп, қандай кітаптар оқу қажеттілігі анық көрсетілген. Жоба жасау кезінде осы нұсқаулық пен қатар екі жыл ішіндегі бұл бағаттағы істелінген істер қорытындысы да ескерілді. Курста 25 кітап, 25 өлең туралы көп айтылғанын ескере отырып осы жоба барысында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру көзделінді. Жоба барысында «Букроссинг» шарасын іске асыру көзделінді. Бұл шара барысында ата-аналардың көмегімен мектептің фойесінде үйде бос тұрған кітаптар жиылып осы кітаптарды оқушылар ауыстырып алып оқи бастады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін жобаны іске асыру кезінде атқарылатын істердің әдістемелері мұғалімдерге берілді. Оқылған кітаптар негізінде бастауыш сынып оқушылары суреттер салып көрмелер жасаса, орта және жоғарғы сынып оқушылары пікір таластар өткізеді
Мемелекетіміз үш тілге көшу мәселесін көтеріп отырған кезде оқушыларға тілдерді үйрету проблемасы негізгі проблемаға айналып отыр. Кезінде әйгілі педагог Ян Амос Коменский музыканы түсінбеген адам сауатсыз адамен тең -деген. Жалпы музыка адамның сезімі мен эмоциясына әсер етеді. Ал тіл үйренушінің тек сана-сезіміне ғана емес, сондай-ақ оның эмоциясына әсер еткен жағдайда оқытудың практикалық, білімдік, тәрбиелік және дамушылық мақсаттары жақсы шешілетіне ақиқат.
Ән үйретудің басты идеясы – тіл үйрету, лексикалық қорларын молайту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әнді орындай отырып, тіл үйренушінің көңіл күйі көтеріледі,жағымды орта қалыптасады, ән үйрету арқылы тілге деген қызығушылықты арттырамыз, лексикалық, грамматикалық талдау жасау арқылы тіл үйренушінің сөзді есте сақтауына ықпал етеміз. Әнді үйретудің тіл үйретуге әкелетін жақтарын ескере отырып көшбасшы мұғалімдердің бастамасымен орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнін оқытатын мұғалімдер ән пәнінің мұғалімімен бірге бірнеше сабақтар өткізді.
Сонымен қатар патриоттық әндер оқушының патриоттық сана сезімін тәрбиелейтіні бәрімізге белгілі. Сондықтан патриоттық өлеңдер фестивалын өткізу қолға алынды.
Жобаларды мектепке енгізе отырып мектептің бүгінгі жағдайы қандай, оның әлсіз және күшті жақтары қайсы, ондағы проблемалардың мәні неде деген сұрақтарға жауап бере отырып, қазіргі мектеп қай деңгейде, келешекте қандай денгейге көтерілуіміз керек Мектеп қазіргі күйінен болашақтағы күйіне өтуі үшін не істеу қажет? деген сұраққа жауап беруді үйрендік..